АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Читайте также:
  1. МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
  2. МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
  3. МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

 

1. Рефлекс және рефлекстік доғаны тәжірибелік зерттеу.

Орталық жүйке жүйесінің (ОМ) негізгі қызметі - рефлекс (латын тілінен аударғанда -тойтарыс беру). Рефлекс дегеніміз органимнің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге ОЖЖ-нің қатысуымен қайтаратын күрделі жауабы. Организмдегі рефлекстік әрекеттердің байқалуына себеп болатын жүйке импульстерінің өтетін жолдары рефлекстік доға деп аталады. Оның жалпы схемасына қарағанда бірнеше бөлімдерден тұратындығын көруге болады (26-сурет).

Рефлекс жүзеге асу үшін рефлекстік доғаның барлық бөлімдерінің тұтастығы сақталынуы керек. Сондықтан рефлекторлық доғаның қай бөлімін болса да алып тастаған жағдайда, оның әр қайсысының әрекеттік маңызын талдауға болады.

а) Рефлекс уақытын анықтау. Хронорефлексометрия.,

Жұмысты орындау: Жұлын рефлекстерін, алдыңғы миы алынып тасталынған, тек жұлыны сақталған бақадан бақылауға болады. Алдын-ала бақаның басын кесіп, астыңғы жағынан штативке іліп қояды. Тәжірибені 5-10 минуттан соң немесе жұлындық талықсу (шок) өткеннен кейін бастайды.

0,5%-тік күкірт қышқылының ерітіндісі құйылған ыдысқа бақаның артқы аяғының бірін батырғанда ол аяғын тез тартып алады. Тітіркендірудің бастапқы әсерінен алғашқы жауап қайтаруға дейінгі уақыт рефлекс уақыты (Тюрк бойынша) деп есептеледі. Рефлекс уақыты тітіркендірудің күшіне тәуелді болады.

Адам рефлекстерінің уақыты хронорефлексометрия әдісімен анықталады. Қабылдағыштар аймағына әр түрлі тітіркендіргіштермен (жарық, дыбыс және т.б.) әсер еткенде пайда болатын соматикалық және вегетативтік реакциялардың жасырын уақыты арнаулы аспаптармен (хронорефлексометрмен) тіркеледі. Сондағы дыбысқа байқалатын рефлекстің орташа уақыты -0,14 с, жарыққа - 0,18 с, ауырсынуға - 0,08 с.

Бұл әдіс спорт және еңбек физиологиясында, сонымен қатар ОЖЖ-нің кейбір ауруларын анықтауда кеңінен қолданылады.

б) Рефлекстік доғаны талдау.

Жұмысты орындау: Жұлыны сақталған бақаның артқы бір аяғының тізе буынынан төмен терісін сыпырып алып, оның тері қабылдағыштарын (рецепторларын) алып тастайды. Сонан кейін осы аяғын ыдысқа құйылған 0,5%-тік күкірт қышқылының ерітіндісіне батырады. Осы әсерден кейін бүгілу рефлексі байқалмайды. Оның себебі не екенін түсіндіру керек.

Рефлекстік доғаны әрі қарай талдау үшін, екінші жолы шонданай жүйкесінің афференттік талшықтарының өткізгіштік қасиетін уақытша жою керек. Ол үшін терісі бар екінші аяқтың шонданай жүйкесін босатып лигатураға алады да, оның үстіне новокаин ерітіндісімен дымқылданған тампонды қояды. Шонданай жүйкесі аралас (афференттік және эфференттік) талшықтардан құралатын болғандықтан, новокаиннің әсерінен импульстердің өтуі, біріншіден, афференттік (сезгіш) талшықтарда, сонан кейін, эфференттік (қозғалтқыш) талшықтарда тоқтайды. Сондықтан бақаның осы аяғын күкірт қышқылына батырғанда бүгілу рефлексі байқалмайды. Егер бақаның арқа немесе құрсақ терісіне 1%-тік күкірт қышқылымен дьмқылданған сүзгі қағазын тигізсе, екі аяғының да бүгілу рефлексі байкалады. Бұл тәжірибе шонданай жүйкесінің құрамындағы эфференттік (қозғалтқыш) талшықтар өткізгіштігінің сақталғандығын көрсетеді.

Рефлекстік доғаның орталық бөлімін талдау үшін, Тәжірибенің соңында жұлынды бұзу керек. Жұлыны бұзылған бақаның аяғын күкірт қышқылымен тітіркендіргенде ешқандай рефлекс байқалмайды.

в) Жұлын рефлекстерінің қабылдағыш (рецепторлар) аймағы.

Дене бетінде тітіркендіру кезінде байқалатын әр рефлекстің

өзінің қабылдағыш аймағы болады. Кейде дененің белгілі учаскесі (мысалы, терісі) көптеген рефлекстердің қабылдағыш аймағы болуы мүмкін. Қабылдағыш аймағынан алынатын рефлекстің түрі, оның денедегі орналасуына ғана емес, сонымен қатар тітіркендірудің күші мен ұзақтығына және нерв орталығының әрекеттік жағдайына байланысты.

Қарапайым шартсыз рефлекстерді бас миы алынып тасталған немесе жұлыны сақталған жануарларда байқауға болады. Мұндай рефлекстерді жұлын рефлекстері деп атайды.

Жұмысты орындау: Жұлыны сақталған бақаның артқы аяғының терісіне 0,1%-тік күкірт қышқылымен дымқылданған сүзгі қағазды тигізіп, бүгілу рефлексін анықтайды. Сонан кейін осы аяғына 0,3 жөне 0,5%-тік қышқылдармен әсер етіп, олардың ішінен айқын бүгілу рефлексін тудыратын ерітінді концентрациясын таңдап алады. Осы ерітіндіге малынған сүзгі қағазын бақа денесінің әр жеріне (алдыңғы аяғына, құрсақ терісіне, кеудесіне т. б) тигізіп, одан қандай рефлекстер байқалатынын белгілейді.

Тітіркендірудің арасында 2-3 минут уақыт болуы керек және әрбір тітіркендіруден кейін бақаның аяғын суға малып, қышқылды жуып кетіреді.

Жұмысты орындап болғаннан соң, алынған рефлекстердің қабылдағыш аймағының кескіні (схемасы) мен рефлекстік доғасының суреті дәптерге салынып, қорытынды жасалады.

г) Рефлекс уақытының тітіркендіру күшіне тәуелділігі.

Жұмысты орындау: Жұлыны сақталған бақаның астыңғы жағынан штативке іліп, 5-10 мин өткеннен соң тәжірибені бастайды. Бақаның артқы бір аяғын күкірт қышқылының ең төмен концентрациялы ерітіндісіне (0,1%) батырып, бүгілу рефлексінің уақытын анықтайды. Сонан кейін қышқылдың концентрациясын біртіндеп жоғарылатып, әрбір ерітіндідегі рефлекс уақыты анықталады. Әр тітіркендірудің арасындағы уақыт 2-3 минуттан кем болмауы керек. Қышқыл әсерінен кейін бақаның аяғын сумен жуып отырады. Тәжірибенің нәтижесін төменгі кестеге енгізіп, қорытынды жасайды.

8- кесте

Тәжірибе Күкірт қышқылының концентрациясы
    0,1 0,2 0,3 0, 4 0,5 %
Рефлекс уақыты (с)            

 

 

2. Жүйке орталығындағы қозудың таралу ерекшеліктері.

а) Қозудың уақытша жинақталуы (суммация).

Жұмысты орындау: Бақаның басын көзінің артқы сызығымен кеседі де, тәжірибені таламусы сақталған бақаға жасайды. Ағаш пластинаның бетіне жатқызылған бақаның артқы аяғының біріне стимуляторға жалғанған, ара қашықтығы 0,5 см, екі электродты орап орналастырады. Стимуляторды токқа қосып, тітіркендірудің табалдырықты шамасын табады. Сонан кейін стимулятордың 1 Гц және 20-50 Гц жиілігімен тітіркендіріп, әсіресе жоғары жиілікті әсерден байқалатын қимыл өзгерістеріне көңіл бөлу керек. Осы байқалатын құбылыстарды түсіндіру қажет.

б) Қозудың кеңістікте жинақталуы.

Жұмысты орындау: Таламусы сақталған бақаны штативке іліп, біраз уақыт (5-10 мин) өткеннен соң, артқы аяғының бүгілу рефлексі бойынша қозудың кеңістікте жинақталуын байқауға болады. Ол үшін бақаның артқы аяғы башайларының ұшын ғана белгілі (табалдырықты) концентрациялы қышқыл ерітіндісіне батырып, бүгілу рефлексінің уақытын секундомермен анықтайды. Рефлекс уақыты - башайлардың ұшын қышқылға тигізгеннен бастап, тартып алғанға дейінгі уақытқа сәйкес келеді. Сонан кейін бақаның аяғын сумен шайып, қышқыл ерітіндісіне жіліншігін түгелдей батырады да, қайтадан рефлекстің уақытын анықтайды. Осы екі жағдайдағы рефлекс уақытының өзгерістерін салыстырады.

Бақаның жіліншігін түгелдей қышқылға батырғанда байқалатын рефлекс уақытының өзгерістерін түсіндіру керек.

в) Жүйке орталығындағы қозудың жайылысы (иррадиация).

ОЖЖ-дегі қозудың таралуы, оның нейрондар тізбегімен жайылысы - иррадиация деп аталады. Қозу жайылысын тәжірибелік жағдайда байқау үшін бақаның ОЖЖ-дегі тежеуші түйіспелері арқылы жүйке импульстерінің өтуін тоқтататын стрихнин егіледі.

Жұмысты орындау: Штативке ілінген жұлыны сақталған бақаның артқы бір аяғының башайын пинцетпен жайлап қысқанда, осы аяқтың бүгілуі байқалады. Егер башайына күштірек тітіркендірумен әсер етсе, бүгілу рефлексі екінші аяғынан да көрінеді, бұл қозудың таралуына байланысты.

Бақаның лимфа қабына 0,1%-тік стрихнин ерітіндісінің 0,3 немесе 0,6 мл егіледі. Біраз уақыттан соң бақаның артқы аяғының бірін пинцетпен қысып тітіркендіргенде, оның бұлшық еттері түгелдей құрысып қалады. Мұндай рефлекс өзгерістерін түсіндіру керек.

 

3. Адамның жұлын рефлекстерін анықтау әдістері.

а) Тізе рефлексі. Оны анықтау үшін зерттелушіні орындыққа отырғызып, бір аяғын екінші аяғының үстіне орналастырады. Сонан кейін дәрігерлік балғашықпен санның төртқырлы етінің сіңіріне (тізеден төмен) жеңілдеу соққы береді (27-сурет). Рефлекторлық доғасы: сан жүйкесі, жұлынның II-IV бел сегменті. Жауабы - санның төртқырлы еті жиырылып, балтыр еті жазылады Сол және оң аяқтардың рефлекстерін өзара салыстыру керек.

б) Ахиллов рефлексі. Оны анықтау үшін адамды орындықтың үстіне тізесінен тұрғызып, дәрігерлік балғашықпен балтыр бұлшық етінің сіңіріне жеңілдеу соққы береді (28-сурет). Бұл рефлекстің рефлекторлық доғасы: шонданай жүйкесінің талшығы, жұлынның I-II сегізкөз сегменті.Жауабы - аяқ басының бүгілуі.

в) Шынтақ рефлексі (қолдың бүгілдіргіш еті сіңірінің рефлексі). Адамның жартылай бүгілген немесе бостау ұстаған қолын зерттеушінің алақанына салып, бас бармағын екі басты еттің сіңіріне орналастырады да, оның үстінен балғашықпен жеңілдеу соққы береді (29-сурет). Рефлекторлық доғасы: бұлшық ет-тері жүйкесі, жұлынның V-VI мойын сегменттері. Жауабы - иықтың екі басты етінің жиырылуы және білектің шынтақ буынында бүгілуі.

г) Шынтақ рефлексі (қолдың жазылдырғыш еті сіңірінің рефлексі). Оны анықтау үшін зерттеуші адамның бір жағында тұрып, оның қолын иық буынында сыртқа қарай бұрады да, сол қолымен шынтақ бүгілісінен горизонтальды бағытта ұстағанда, ол оның білегі тік бұрышты салбырап тұрады. Сонан кейін дәрігерлік балғашықпен иықтың ұшқырлы етінің сіңіріне жеңілдеу соққы береді (30-сурет). Рефлекторлық доғасы: бұлшық ет-тері жүйкесі, жұлынның VII-VIII мойын сегменттері.Жауабы - иықтың ұшқырлы етінің жиырылуы және білектің шынтақ буынында жазылуы.

д) Қас үстілік рефлексі. Дәрігерлік балғашықпен қас үстілік доғасының қырына жеңілдеу соққы берегеннен пайда болады. Рефлекторлық доғасы: көз жүйкесі (үшкіл жүйкенің I талшығы) үшкіл жүйкенің сезімтал ядросы, бет жүйкесінің қозғалтқыш ядросы, бет жүйкесі. Жауабы – қабақтардың жабылуы.

е) Кірпік қағу рефлексі.Нұрлы қабықтың үстіндегі қасаң қабыққа мақтамен жай тигізгенде пайда болады. Рефлекторлық доғасы қас үстілік рефлексінікіндей. Жауабы – қабақтардың жабылуы.

ж) Жақ асты рефлексі. Ауыз сәл ашық тұрған кезінде иекке дәрігерлік балғашықпен жеңілдеу соққы берегеннен пайда болады. Рефлекторлық доғасы: жақ асты жүйкесінің сезімтал талшықтары (үшкіл жүйкенің III талшығы), үшкіл жүйкенің сезімтал ядросы, оның көпірде орналасқан қозғалтқыш ядросы, үшкіл жүйкенің III талшығының қозғалтқыш талшықтары. Жауабы – шайнау бұлшық еттерінің жиырылуы.

Осы көрсетілген және т. б. рефлекстерді анықтап, олардың рефлекстік доғасының кескінін дәптерге салып, қорытынды жасау керек.

 

Статикалық және стато-кинетикалық рефлекстер.

Сомалық рефлекстер 2 түрге – фзалық және тонустық болып бөлінеді. Тонустық рефлекстер дененің табиғи күйін, кеңістіктегі дене бағдарын, дене мүшелерінің өзара қатынасын сақтауға бағытталған (мысалы: адамның омыртқа жотасын түзеп, екі аяққа тұрып, бастың вертикальды күйін қалыптастыру рефлекстері). Олар поза өзгерістерінде: бастың кеудеге қатысты бағыты өзгергенде, сонымен қатар дененің түзу сызық бойымен немесе шеңберде тік және көлденең бағытты өзгерістерінен туады.

Жұмысты орындау: Қоянды шалқасынан столға жатқызады, сол кезде оның барлық аяқтары жартылай бүгіліп тұратындай күйде болады. Статикалық рефлекстер дене кеңістікте қозғалмай өз күйін ауыстырғанда байқалады. Оларға позалы- тонусты дене қалпын сақтайтын және түзету кезінде қайта орнына келетін рефлекстер жатады. Дене қалпын сақтайтын рефлекстер – жануарлардың басының бағыты дене бағытына сәйкес келмейтіндіктен пайда болады. Тартылу күші орталығының өзгеруінен дене тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар вестибулярлы талдағыштың отолиттік аппараты, бұлшық еттер мен сіңірдің проприорецепторлары тітіркеніп, позалы- тонусты рефлексті тудырады. Басты тез арада бұру бүкіл дененің қозғалуына негіз болады. Қоянның басын оңға бұрады. Бұл кезде қоянның оң жақ алдыңғы аяғы созылып, сол жақ аяғы бүгіледі. Қоянды аяқтары жартылай бүгілген күйде, шалқасынан жатқызады. Басты бастапқы қалпына келтіреді. Қоянның басын солға бұрып, екі алдыңғы аяқтары қалай өзгеретінін бақылау керек.

Стато-кинетикалық рефлекстер.

Стато-кинетикалық рефлекстер дененің кеңістіктегі белсенді немесе белсенді емес қозғалысы нәтижесінде пайда болады және тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Қозғалыс сипатына сай олар 2 топқа бөлінеді. Біріншілері – түзу сызықты қозғалыс кезінде сызықтық жылдамдықтың үдеуінен, екіншісі- шыр айналдыру нәтижесінде бұрыштық жылдамдықтың үдеуінен пайда болады.

Жұмысты орындау:

а) Лифт рефлексі (дененің жоғары көтеріліп және төмен түсуі кезіндегі сызықтық жылдамдықтың үдеу реакциясы). Қоянды тақтайға отырғызып бақылайды: алдыңғы және артқы аяқтары бүгілген, басы көтеріңкі. Сонан соң тез арада тақтайды жоғарыдан төмен түсіріп, онан соң тез төменнен жоғарыға көтереді. Тез төмен түсірген кезде, қоянның аяқтары жазылып, басы көтеріледі. Кенеттен тоқтаған кезде, қоянның аяқтары тез бүгіледі де, басы мен денесі тірек нүктесіне жақындайды. Аталған өзгерістер негізінен қоянның алдыңғы аяқтарынан жақсы байқалады. Жоғары көтерілгенде қарама-қарсы рефлекстер байқалады.

б) Секіруге дайындық рефлексі. Қоянды жамбасынан ұстап, басын төмен бағыттайды. Бұл кезде қоянның аяқтары жартылай бүгілген болады. Оны төмен қарай тез түсіре бастағанда, алдыңғы аяқтары жазылады. Екі рефлекстің де пайда болуы вестибулярлық талдағыштың шеткі бөлімінің тітіркенуінен пайда болады және осы бөлімі бұзылғанда жойылады.

 

4. ОЖЖ -дегі тежелуді тәжірибелік зерттеу.

ОЖЖ-і қызметінің негізінде өздерінің әрекеттік қасиеттері қарама-қарсы және белсенді процестер - қозу мен тежелу жатады. Жүйке орталығының қозғыштығы мен өткізгіштігінің оған келген имлульстердің әсерінен әлсіздену (азаю) жағдайын тежелу деп атайды. Алғашқы рет орталық тежелуді И. М. Сеченов (1862) бақаға тәжірибе жасап зерттеген, сондықтан бұл тәжірибе "сеченовтің тежелуі" деп аталады.

а) И. М. Сеченовтің тежелуді анықтау тәжірибесі.

Жұмысты орындау: Алдыңғы миы алып тасталғаннан кейін, аралық миы (таламусы) сақталған бақаны штативке іліп қояды да, 10-15 минут өткен соң тәжірибеге кіріседі. Осы уақыт аралығында мидың кесілген жерін мақта тампонымен құрғатып отырады. Сонан соң бақаның артқы аяғының бірін 0,1 немесе 0,2%-тік күкірт қышқылы ерітіндісіне батырьш, бүгілу рефлексінің уақытын 2-3 рет анықтайды. Рефлекс уақыты шамамен 10-15 с болу керек. Әрбір тітіркендіруден соң бақаның аяғын сумен шайып отырады (31-сурет). Осылай бастапқы рефлекстің уақытын анықтағаннан соң, кесілген мидың үстіне ас тұзының кішкене бір түйірін (кристалын) қойып, 1 мин ішінде рефлекс уақытын қайтадан анықтайды. Сонда бүгілу рефлексі уақытының ұзарғандығы, кейде тіпті жойылуы байқалады. Енді тітіркендіргішті алып тастап, 5-7 мин өткен соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды. Сонда ол уақыт рефлекстің бастапқы уақытымен шамалас болады.

Осындай рефлекс уақытының өзгерістерін түсіндіру керек.

б) Жұлын рефлекстерінің өзара тежелуі.

Кейде екі рефлекс тудыратын рецепторлық аймақты бір мезгілде және күшті тітіркендірген кезде жұлын рефлекстерінің тежелуі байқалады.

Жұмысты орындау: Жұлыны сақталған бақаның артқы аяғының бірін 0,5%-тік күкірт қышқылына батырып, бүгілу рефлексінің бастапқы уақытын анықтайды. Бақаның аяғын сумен шайып,қышқылын кетіреді. Сонан кейін оның бір аяғын қышқылға батырады да, осы кезде екінші аяғын Пиан қысқышымен қысады. Осындай бір мезгілде екі тітіркендіру әсерінен бақаның қышқыл ерітіндісінен аяғын тартып алу (бүгілу) рефлексінің уақыты ұзарады. Кейде бұл рефлекс жоғалып кетеді. Осы байқалған құбылыстарды түсіндіру керек.

в) Бүгілу рефлексінің ілеспелі (реципрокты) тежелуі.

Жұмысты орындау: Тәжірибені екі тәулік -2° С салқындықта сақталған бақаға жасайды. Себебі мұндай бақада рефлекстер баяу және ұзақтау өтеді. Алдыңғы миы алып тасталған бақаны штативке іліп қояды. Артқы бір аяғының терісіне бүгілу рефлексін тудыратын механикалық тітіркендірумен әсер етеді (пинцетпен башайынан жайлап қысу). Бүгілу рефлексі кезінде тек қана бүгілдіргіш еттердің орталығының қозуы ғана емес, сонымен қатар осы жақтағы жазылдырғыш еттердің орталығының ілеспелі тежелуі байқалады. Бақаның бірінші аяғындағы бүгілу рефлексі байқалған уақытта, оның екінші аяғын да тітіркендіреді. Сонда екінші аяқтың бүгілуімен қатар бірінші аяқтың жазылуы көрінеді. Мұндай бүгілу, бақаның қарама-қарсы жақтағы аяғын тітіркендіргендегі бүгілу рефлексі орталығының ілеспелі тежелуінің нәтижесі.

Бақаның аяқтарын кезекпен тітіркендіріп, рефлекстерді бақылауды бірнеше рет қайталау керек.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)