АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Организмдегі заттар мен энергия алмасуы

Читайте также:
  1. Абсолютно упругий и неупругий удар тел. Внутренняя энергия. Общефизический закон сохранения энергии
  2. В схеме, состоящей из конденсатора и катушки, происходят свободные электромагнитные колебания. Энергия конденсатора в произвольный момент времени t определяется выражением
  3. Внутренняя энергия идеального газа
  4. Внутренняя энергия идеального газа. Работа газа при изобарном расширении. Применение первого начала термодинамики к изопроцессам. Понятие о втором начале термодинамики.
  5. Внутренняя энергия реального газа
  6. Внутренняя энергия реального газа. Эффект Джоуля - Томсона
  7. Внутренняя энергия тела и способы её изменения. Изменение внутренней энергии тела при нагревании. Первое начало термодинамики. Обратимые и необратимые процессы.
  8. Внутренняя энергия. Количество теплоты. Работа в термодинамике
  9. Вопрос 29 Энергия электростатического поля
  10. Вопрос 42 Энергия магнитного поля тока
  11. Вопрос 7 Энергия
  12. Вопрос 9 Работа и кинетическая энергия вращения

1. Белоктар ыдырауының соңғы өнімдеріне жатады:

А) мочевина, несеп қышқылы, креатинин, индикан;

В) көмірқышқыл газы, су;

C) аминқышқылдары;

D) аминқышқылдары, мочевина, су;

Е) көмірқышқыл газы, креатинин.

2. Көмірсулар ыдырауының соңғы өнімдеріне жатады:

А) глюкоза;

В) көмірқышқыл газы, су;

C) гликоген;

D) глюкоза, көмірқышқыл газы;

Е) глюкоза, гликоген.

3. Майлар ыдырауының соңғы өнімдеріне жатады:

А) үшглицеридтер;

В) холестерин;

C) май қышқылдары;

D) көмірқышқыл газы,су;

Е) май қышқылы,көмірқышқыл газы.

4. Тыныс коэффициентінің (ТК) шамасы неге тәуелді?:

А) оттегінің жылулық эквивалентіне;

В) тыныстық көлемге;

C) тыныстың минуттық көлеміне;

D) рациондағы қоректі заттардың ара қатынасына;

Е) негізгі қоректі заттардың жылулық коэффициентіне.

5. Негізгі алмасу дегеніміз:

А) белсенді тіршілікті сақтауға жұмсалатын энергия мөлшері;

В) дене температурасын сақтауға жұмсалатын энергия мөлшері;

C) тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтауға жұмсалатын

энергия мөлшері;

D) дене қозғалысындағы жұмсалатын энергия шығыны;

Е) дене қызуы көтерілгенде жұмсалатын энергия шамасы.

6. Жалпы энергия алмасу неден құралады:

А) Негізгі алмасу (НА) + жұмыстық қосымша;

В) НА + жұмыстық қосымша - астың өзіндік динамикалық әсері;

C) НА + жұмыстық қосымша + астың өзіндік динамикалық әсері;

D) дене температурасын реттеуге жұмсалатын энергия +

жұмыстық қосымша;

Е) физикалық жүктемені орындауға жұмсалатын энергия +

тағамның арнамалы динамикалық әсері.

7. Тағамның арнамалы динамикалық әсері дегеніміз:

А) тамақтанғаннан кейінгі НА төмендеуі;

В) тамақтанғаннан кейінгі НА күшеюі;

C) тамақтанғаннан кейінгі ішек тамырларының кеңеюі;

D) тамақтанғаннан кейінгі дене температурасының көтерілуі;

Е) тамақтанғаннан кейінгі қарынның босаңсуы (релаксация).

8. Ассимиляция процесi дегеніміз:

А) iшек қабырғасы арқылы қоректiк заттардың сіңірілуі;

В) ағзаға қоректік заттардың түсуі;

C) ағзадан ыдырау өнiмдерiнiң шығарылуы;

D) күрделі жоғары молекулалы заттар синтезi;

Е) нәтижесiнде қуат бөлiнетiн тiрi материя ыдырауы.

9. Белоктардың тыныстық коэффициент көлемi:

А) 0,6; В) 0,7; C) 0,8; D) 0,9; Е) 1,0.

10.Адамда терiс азоттық баланс пайда болады:

А) тағамда белок азаюынан; В) жүктiлiкте; C) өсу кезеңiнде;

D) тағамда белок көбейгенде; Е) аурудан айыға бастағанда.

 

Дене температурасының реттелу механизмдері.

1. Жылу өндіруде қандай ағзалар басты роль атқарады?:

А) бұлшық ет, дәнекер тіндер, тері;

В) бұлшық ет,бауыр,бүйрек;

C) бауыр, сүйек, өкпе;

D) бүйрек, шеміршек, бауыр;

Е) тері, бұлшық ет, өкпе.

2. Жылу шығаруда қандай ағзалар басты роль атқарады?

А) тері, өкпе; В) өкпе, бауыр; C) тері, бүйрек;

D) дәнекер тіндер, бүйрек; Е) бұлшық ет.

3. Жылу өндіруді аталған гормондардың қайсысы күшейтеді?

А) инсулин; В)соматотроптық; C) тироксин;

D) минералокортикоидтар; Е) глюкагон.

4. Орталық терморецепторлар қайда орналасады?

А) ми қыртысында, варолиев көпірінде, жұлында;

В) гипоталамуста (преоптикалық аймақта), ортаңғы мидың

торлы құрылымында, жұлында;

C) мишықта, ортаңғы мида, жұлында;

D) гипоталамуста, варолиев көпірінде, жұлында;

Е) ми қыртысында, гипоталамуста.

5. Ішкі сөлініс бездерінің қайсысы дене температурасын реттеуге көбірек әсер етеді?

А) эпифиз, ұйқы безі;

В) гипофиз, жыныс бездері;

C) қалқанша без, бүйрек үсті безі;

D) гипофиз, бүйрек үсті безі;

Е) жыныс бездері, қалқанша без.

6. Тері бетінен қанша жылу шығарылады (%)?

А) 19; В) 54; C) 62; D)75; Е) 82.

7. Жылу сейілдіру жолымен жылу берілудің физиологиялық механизмінің реттелуі:

А) тері температурасының капиллярлық қан айналым арқылы өзгеруі;

В) тер шығарудың өзгеруі;

C) тыныс жиілігі;

D) несеп шығару жиілігінің өзгеруі;

Е) дене бетінің ашық аймақтары аумағын ерікті өзгерту.

8. Адам температурасының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі:

А) физикалық жылу реттелумен;

В) химиялық жылу реттелумен және майлар гидролизімен;

C) бауырда жылу түзілуімен және тотығу-тотықсыздану процесстерінің күшеюімен;

D) физикалық және химиялық жылу реттелумен;

Е) тер шығуымен және конвекциямен.

9. Жылу реттелу орталығы орналасқан:

А) сопақша мида; В) гипофизде; C) гипоталамуста; D) ортаңғы мида;

Е) жұлында.

10. Жылу берілуінің өзгерісі арқылы дене температурасын тұрақты ұстап тұруға организмнің бейімделуі аталады:

А) физикалық жылу реттелу; В) химиялық жылу реттелу;

C) гипотермия; D) гомеостаз;

Е) изотермия.

 

Несеп түзілу мен шығарылу физиологиясы.

1. Шығару ағзаларына жатады:

А) бүйрек, өкпе, тері бездері, ішек-қарын жүйесі;

В) бүйрек, өкпе, тері бездері, қалқанша без;

C) тері бездері, гипофиз, ішек-қарын трактысы;

D) бүйрек, өкпе, талақ, ішек-қарын жүйесі.

Е) бүйрек, ішкі сөлініс бездері, май бездері, өкпе.

2. Қалыпты жағдайдағы несептің тәуліктік мөлшері(ересектерде):

А) 0,25-0,4 л; В) 0,5-0,7 л; C) 1,0-2,0 л;

D) 3,0-4,0 л; Е) 4,5-5,0 л.

3. Қалыпты жағдайдағы несептің түсі мен реакциясы (рН):

А) қаныққан сары, 1,8-4,4;

В) қызғылт-сары, 3,5-4,0.

C) сары, 5,0-7,0;

D) маржан түсті, 8,0-9,8;

Е) ақшыл-сары, 9,0-10,5.

4. Бүйректің әрекеттік бірлігі - нефрон ретімен қандай бөліктерден тұрады?:

А) капилляр шумағы, иірімделген проксимальды түтік, Генле ілмегі,

иірімделген дистальды түтік, жинағыш түтіктерден;

В) Шумлянский-Боумен капсуласы, Генле ілмегі, иірімделген

проксимальды түтік, жинағыш түтік;

C) мальпигиев шумағы, иірімделген проксимальды және дистальды

түтікшелер, жинағыш түтік;

D) иірімделген проксимальды түтік, иірімделген дистальды түтік,

Генле ілмегі, жинағыш түтік;

Е) Ш-Б капсуласы, бірінші және екінші реттік иірімделген

түтікшелер, мальпигиев шумағы.

5. Минутына бүйрек тамырлары арқылы қанша қан (мл) өтеді?

А) 200-500; В) 600-800; C) 1000-1200;

D) 1500-2000; Е) 2100-2500.

6. Капилляр шумағындағы орташа қан қысымы (мм с.б.б.):

А) 30; В) 45; C) 50; D) 70; Е) 95.

7. Фильтрациялық қысымның орташа шамасы (мм.с.б.):

А) 10-15; В) 20-25; C) 30-40; D) 45-50; Е) 65-70.

8. Шумақтық сүзілістің көлемі қандай факторларға тәуелді және

тәуліктік алғашқы несептің мөлшері қанша?

А) онкотикалық қысымға, түтікшелер жүйесіндегі гидростатикалық қысымға; 50 л дейін

В) осмостық қысымға, бүйрекішілік қысымға; 80 л дейін;

C) гидростатикалық қан қысымына, осмостық қысымға;100 л дейін;

D) гидростатикалық қан қысымына,белоктардың онкотикалық қысымына, бүйрекішілік қысымға; 180 л дейін;

Е) белоктардың қысымына, осмостық қысымға; 250 л дейін;

9. Проксимальды түтікшелерде қандай заттар белсенді түрде қайта сіңіріледі?:

А) хлоридтер, амин қышқылдары, К, су;

В) су, хлоридтер, фосфаттар, сульфаттар;

C) глюкоза, су, сульфаттар;

D) глюкоза, амин қышқылдары, фосфаттар, Nа, К;

Е) су, амин қышқылдары, мочевина.

10. Нефронның қай бөлігінде міндетті реабсорбция жүреді?:

А) Генле ілмегінің құлдырау бөлімінде;

В) проксимальды түтікшеде;

C) дистальды түтікшеде;

D) Генле ілмегінің өрлеу бөлімінде;

Е) жинағыш түтікшесінде.

 

Талдағыштар физиологиясы мен жоғары жүйке қызметі.

1. Сигналдарды анықтау және ажырату талдағыштардың қандай бөлімінде жүреді?

А) үлкен жарты шарлардың ми қыртысында C) рецепторларда

В) қыртысасты жүйке орталықтарында D) синапстарда

Е) өткізгіш жолдарда.

2. Жас адамдар үшін сөйлеу аймағының дыбыс жиілігі (Гц):

А)20-250; В) 100-2000; C) 200-6000;

D) 6000-8000; Е)8000-16000.

3. Сауытша тәрізді клеткадан таяқшалардың айырмашылығы:

А) көбісінде торлы қабықтың ортасында орналасады;

В) көбісінде түрлі түсті көруге қатысады;

С) көздің өте жоғары көргіштігін қамтамасыз етеді;

D) жарықты сезгіш табалдырығы төмен болады;

Е) орталық көруді қамтамасыз етеді.

4. ОЖЖ-нің қандай бөлімдері иіс рецепторларының сезу дәрежесін реттейді?:

А) сопақша ми мен көпір;

В) қызыл ядро;

C) ми бағанының торлы құрылымы;

D) гиппокамп-uncus және ми қыртысының пириформдық аймақтары;

Е) жолақты денешік.

5. Жас адамдар үшін дыбысты есту жиілігі қанша (Гц)?:

А) 1 - 25; В) 2 - 160; C) 20 - 16000;

D) 16500 - 20000; Е) 20100 - 50000.

6. Көздің аккомодациясы дегеніміз не?

А) заттардың анық көрінуі сақталатын аралық;

В) цилиарлы бұлшық еттердің жиырылуынан көз бұршағының жазылуы;

C) цилиарлы бұлшық еттердің босаңсуынан көз бұршағының ұлғаюы;

D) көздің әртүрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көруін қамтамасыз ететін көз бұршағының жарық сындыру күшінің өзгерісі;

Е) цилиарлы бұлшық еттердің түйілуі.

7. Терінің қандай арнамалы рецепторлары ауырсыну тітіркендіргіштерін қабылдайды?

А) Руффини денешіктері;

В) Краузе сауытшалары;

C) бос жүйке ұштары (механо- және хеморецепторлар);

D) Мейснер денешіктері;

Е) Меркель дискілері.

8. Мотивациялық қозу кезінде мидың қандай құрылымдары басты қызмет атқарады?:

А) үлкен ми қыртысы;

В) гипоталамус;

C) гиппокамп;

D) мишық;

Е) торлы құрылым (ретикулярлық формация).

9. Тамақтану меселінің (мотивациясының) жойылуын төмендегі заттардың тек біреуінен басқалары туғызады, ол қайсысы?

А) глюкоза;

В) гипертониялық ерітінді;

C) адреналин;

D) су;

Е) дофамин.

10. Тұрақты ерікті назар аударудың қалыптасуы ненің қызметіне байланысты:

А) гипоталамустың В) ми қыртысының маңдай бөлімінің

C) таламустың D) базальды ядролардың

Е) торлы құрылым

11. Қандай түске адамның көз шалымы максималды?

А) ақ В) көк C) қара D) қызыл Е) жасыл

12. Есту талдағышының орталық бөлімі қайда орналасқан?

А) маңдай бөлімі В) шүйде бөлімі C) желке бөлімі D) самай бөлімі

Е) төбе бөлімі.

13. Меланхоликте жүйкелік процесстер қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

А) инерттік В) салмақтылық C) салмақсыздық

D) қозғалғыштық Е) әлсіздік

14. Көздің оптикалық жүйесінің басты фокусы торлы қабаттың артында болатын рефракция кемістігі қалай аталады?

А) гиперметропия В) миопия C) эмметропия

D) астигматизм Е) пресбиопия

15. Түсті қабылдау қандай көз құрылымының қызметі болып табылады?

А) цилиарлы дене В) цилиарлы дене бұлшық еттері

C) торлы қабық D) түсті қабық

Е) көз бұршағы

16. Жоғары жиілікті дыбыстың әсер етуінен ұлу негізгі мембранасы тербелісінің максималды амплитудасы қай жерде болады?

А) амплитудасы барлық жерде бірдей

В) негізгі мембрана тербелмейді

C) ұлудың ұшында

D) ұлудың ортасында

Е) ұлудың негізінде

17. Ауырсыну сезіміне қандай сипат тән?

А) кез-келген рецепторды тітіркендіргеннен пайда болады

В) рецепторлық аппарат деңгейінде пайда болады

C) жұлын деңгейінде пайда болады

D) таламус деңгейінде пайда болады және вегетативтік өзгерістермен көрінеді

Е) сопақша ми деңгейінде пайда болады

18. Қандай мінез-құлық формасы туа біткенге жатады?

А) шартты рефлекстер В) динамикалық стереотип

C) инстинкт D) әдет

Е) жасанды рефлекстер

19. Екінші сигналдық жүйе немен сипатталады?

А) сыртқы ортаны, тілдің дамуына байланысты, сөздік-образдық формада қабылдауды қамтамасыз етеді

В) ғаламды тек тікелей қабылдауға байланысты

C) адамға да, жануарларға да тән

D) тек жануарларға тән

Е) сенсорлық жүйемен қабылдануына байланысты.

20.Шартты тітіркендіргіш күшінің шамадан тыс жоғарылағанда пайда болатын тежелудің түрі:

А) шартты тежелу В) өшіретін C) ажыратылатын

D) шектен тыс Е) индукциялық

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.021 сек.)