АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Эпистемология

Читайте также:
  1. Социология познания, герменевтика и эпистемология

 

Субъект және объект тынымының диалектикасы. Танымның сезімдік және рационалдық қырларының бipлiri. Танымдардың субъект және объект байланысындағы танымдық процестін диалектикасын қарастырайық. Философия тарихында әрдайым орталық орындардың бipiн философияның құрамдас бөліктері --гносеология немесе таным теориясы аясында шешілетің таным проблемалары алып келеді. Таным теориясы танымдық ic-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философилық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінді. Философиялық білім араларында таным npoцeci мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісін қарыстырады. Танынның объектісі болып шындықтын өзi немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады. Объект - қай затқа бағытталған әрекет. Объект - субъект белсенділігі сіңірілетін өpic. Таным субъекттісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект — мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де, дербес тіршілік иесі. Алайда объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен таным объектісі болады. Осынау ортақ бастау ережелер өздерін ерекше түрде табиғи және әлеуметтік процестерін тану жағдайында көрсетеді. Қоғамның өзі таным субъектісі болады нeмece оны қалыптастырады және ол субъект ретінде өз бойына белгілі әлеуметтік құрылымдарға, олардың құндылыктары мен мүдделеріне деген субъект мазмұнының элементтерін сіңіредi. Сондықтан әлеуметтік танымда субъект объектіге айрықша қызығушылықпен, тіпті құштарлықпен қарайды, «Объектіні зерттеу оңашаландырылған акт eмec; ол сипатына құндылықтар мен ұжымдық-бейсаналық жігерлі импульстер әсер ететін белгілі көнтексте жүреді». (Манхейм К. Диагноз нашего времени. М., 1994. С. 10). Таным дегеніміз ойдың о6ъектіге мәңгі, шексіз жақындауы. Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады. Сезімдік таным үш нeriзri формада жүзеге асырады түйсік, қабылдау, елестету. Сезімдік таным адамның сыртқы дүниемен тікелей араласумен байланысты. Түйсіктер – қарапайым сезімдік бейнелер, жекелеген материалдық заттар мен құбылыстардың (түс, иіс, дыбыс т.б.) сапалардың, қасиеттердің санадағы көрністерi. Түйсік негізінде сезімдік танымның неғұрлым күрделі және неғұрлым биік түpi – қабылдау пайда болады. Ол қасиеттер жиынтығын қамтып, заттың тұтас бейнесін береді. Қабылдаудың тууына тек түйсік қана қатысып қоймайды, сонымен қатар жады, ой, өткен тәжірибе де қатысады. Адам санасының қабілеті жадыда сезімдік бейнелерді сақтап, қайта шығарып, үшінші сезімдік түpi – елестетуді туғызады. Адам қабылдаулары мен елестернің қоймасы жады деп аталады. Түйсік, қабылдау, елестету объективтік әлемнің субъективті образдары болып табылады. Олар мазмұны жағынан объективті, түрі жағынан субъективті, сезімдік таным танымның бiрінші және қажетті сатысы болып табылады, бірақ ол заттардың құбылыстардың ішкі мәнің түсінуге мүмкіндік бермейді. Ол міндетті жоғарғы түрі абстрактылы ойлау болып табылатын танымның келесі рационалды түріне көтеріліп барып шешуге болады. Дамыту npoцeci үш түрлі негізгі формалар арқылы өтетін ойлау мазмұны құрады: ұғым, пiкip, ой түйіндеу. Ұғым --нақты заттар мен құбылыстардың неғұрлым жалпы,мәнді және қажетті қасиеттері, белгілері көрінетін ойлаудың түpi. Пікір – түсінік байланыс арқылы заттың өзге бұйымдармен қатысына қарай олардың қайсыбір белгілері, қасиеттері бар немесе жоқтығы белгіленетін ойдың көрсетілу түрі. Неғұрлым терең және нақты білім алу міндетін біз пікірмен байланысқан ой түйіндеуге келу арқылы шешеміз. Ой түю тікелей бақылауға берілмей шындық саласына енетін жанама білімге жатады. Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бipлiri - құбылыс түciнiгiнен мәң түciнriнe өтy npoцeci. Танымның бір кезенінен екінші кезеніне өтуді (әдеттегі де, ғылыми да танымда) сезімдік және рационалды білім арасындағы, одан сана мен тәжірибе арасындағы қайшылықтарды шешу арқылы сапалық секіруге ұқсатуға болады.

Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида релятивизм деп аталады. Ақиқат теориясы. Ғылыми таным. Эмпириялық және теориялық зерттеудің әдістері.

Ақиқат құнды қасиет ретінде біздің біліміміздің мазмұнындағы субъектіден де, адамнан да, адамзаттан да тәуелсіз түciнiктep арқылы сипатталады. Ақиқат ойымыздың, біздің дүние туралы біліміміздің сол дүниеге, объективті шындыққа сәйкестігі ретінде анықталады. Ақиқатты тануда, процесс ретінде және адамзаттын ақиқатты толық Taнуғa ұмтылуы арасында қайшылық бар. Ол қайшылық екі түрлі: 1) көрінетін дүниенің өзi қайшылықты: шексіз, өзгермелі және сонымен бірге аяқталған, тұрақты заттардан тұрады; 2) ойлау қабілеті қайшылықты: ол өзінің танымдық қабілеті жағынан шексіз және сонымен бірге ол танымдық мүмкіндіктері тарихи шектеулі жекелеген адамдар, ұрпақтар арқылы жасалады. Танымның бұл қарама-қайшылығын абсолюттi және салыстьрмалы ақиқат түсінігі көрсетеді – бұлар диалектикалық бірлікте болатын ақиқат түciнiгiнiң түрлі қырлары. Ақиқат әрбір тарихи кезеңде объектіні тек өзгеріп отыратын белгілі деңгейде, жағдайда, қатынастарда көрсететіндіктен салыстырмалы. Бұл тұрғыда ол толық eмec, мөлшерлі, объектінің барлық мазмұны қамтымайды, алайда онда әрдайым шындықтың, демек абсолютті білімнің элементтері болады. «0бъективтік» термині субъект санасынан тәуелсіздікті білдіреді. Бірақ сонымен бірге ақиқат көрсетілу түрі жағынан субъективті. Оның ғылым өрiсiнде дайындалуы сол теорияны қалыптастыратын адамдардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Танымда абсолютті ақиқатқа жету мүмкіндігі туралы мәселе қойылады. Абсолютті ақиқатқа қол жетпейді, өйткені әлем шексіз және түпсіз. Абсолютті ақиқат ұстатпайды, ол қу даладаіы сағым секілді алға қарай арбап отырады. Ақиқаттың нақтылығы туралы сипаттамаға да әрбір жағдайды тұрақты түрде өзгеріп отыратын шарттармен сәйкестігі тұрғысынан қарап отыру талабынан сол көpiнicпeн байланыстыруға болады. Біздің бі лімдеріміздің объективтілігін, олардың адамнан және адамзаттан тәуелсіздігін дәлелдеу практикада жатқаның көрсету керек. Солайша, тeкcepy белгілері адам ойынан тыс, практикада жатады. Тәжірибе әрдайым тарихи жағынан нақты, идеяларды құралдарда материалдандыруы шектеулі, сондықтан оларды тексеру критерийлері ретінде салыстырмалы келеді. Таным мен практиканың өзара әсерлілігі де тарихи құбылмалы.

 

 

15 Ауқымды мәселелер

 

Бойларына жалпыазаматтық сипаттарды сіңірген жер бетіндегі тұтас адамзат пен әрбір жеке адамның мүдделерін қорғайтын проблемаларды глобальды (лат. Globus – жер шары) деп атау қабылдаған.

Біздің планетамызда барлық қоғамдық-практикалық ic-әрекетті интернациоландыру мен глобализациялау npoцecтepi жүріп жатыр.

Жаңа кезенде өткен дәуірлермен салыстыра қарағанда бірыңғай өркениет құрылымын аңдататын адамзаттың жалпыпланетарлық бipлiгi арта түcтi. Осыған орай, әрине, жаңаша әлемдік ойлау мәнері туып, қалыптаса бастайды.

Ондай мәнердін қалыптасуы микроэлектрониканың, жаппай компьютендірілудің кен дамуына, бұқаралық аппарат құралдарының және коммуникацияның өркендеуіне қолайлы жағдай туғызады. Осы заманғы дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық және саяси процестердің глобалдануы жеке адамға да, тұтac әлемдік қауымдастыққа да өз талаптарын қояды.

Мәселе мәнici глобалданудың мұндай npoцeci “жаңа заманның глобальды (әлемдiк) проблемалары” деп топтастырылған кepi құбылыстарды да туғызатынында жатыр. Оларға экологиялық, демографиялық, саяси, т. б. проблемалар жатады.

Түрлі арнаулы ғылымдар осы проблемаларды байыптап, шешу жолдарын табуға талпынады. Философия болса бұл проблемаларды адамзаттың тipi қалу, тығырықтан шығу мүмкіндіктері мен келешегі тұрғысынан қарастырады.

Болашатағы әлеуметтік прогресс осынау әлемдiк проблемаларды шешуге тікелей байланысты болады.

Бүкіләлемдік проблемалар өзара байланысты, сондықтан оларды тұйықтала шешy ic жүзінде мүмкін eмec. Бұл тұрғыда мәселені жұмыла шешу маңызды.

Әcipece, Жер 6етіндегі тұтас тіршілікке қатер төндіретін әлемдік термоядролық соғыс проблемасы бұлардың бәрінен биік тұрады. Сондықтан барлық адамзат үшін басты құндылық болып ядросыз, күштеусіз дүниені сақтау болып табылады, өз кезегінде, жаңа заман алдында тұрған өзге глобальды проблемаларды шешy жолы дәл осынау әлемдiк мәселені шешуден басталады.

Қазақстан Республикасының басшылығы кезінде ядролық ел статусынан бас тартып, тәуелсіздіктгiн алғашқы жылдарында Семей ядролық полигоның жауып, дана шешім қабылдады.

Eң маңызды глобальды проблемалардың бipi – экологиялық проблема. Біз әуелден-ақ ауқымы кең экологиялық дағдарыстың куәгері, тіпті кейбіреулеріміз құрбандығы да болып үлгердік. Экологиялық проблемалардың адамның өмірге деген ойсыз әрекеттері арқылы пайда болатыны белгілі.

Экологиялық проблемагың мәңi адамзаттың өндіріштік қызметі мен оның өмip сүретін табиғи орта тұрақтылығы арасындағы анықталған және тереңдей түскен қайшылықтарда жатыр.

Қaзipгi кездің адамы қуатты техника мен ең жаңа технологияны

пайдалану арқылы табиғатқа геологиялық күшпен бірдей ықпал етеді, «адамзат планетаның негізгі геологиялық ажым күшіне айналады», – ден жазды XX ғасырдың басында В. И. Вернадский.

Экологиялық проблемаларға қоршаған ортаны ластау, азондық үңірлердің кебеюі, «парниктік тиімділік» аталған тиімділігі шамалы құрылыстар және АЭС апаты (әсipece, Чернобыль АЭС-ә апаты), т. б. жатады. Сондай-ақ глобальды сипаттағы экологиялық проблемаларға қоса әрбір жекелеген аймақтардың да өз экологиялық проблемалары жеткілікті.

Қазақстандық экология проблемаларына Семей полигоныңдағы ядролық жарылыстарға байланысты зардаптар, Арал теңізінің тартылуы, көптеген өңірлердегі қоршған ортаның ластануы (Алматы қаласында ауаның ластануы), т. б. жатады.

Тіпті адам экологиясы, оның моральдық дағдарыс жағдайларына байланысты туындайтын жан-дүниесінің азып-тозуы, рухани мүгедектік, қіылмыс пен жемқорлық, парақорлық туралы да айтуға тура келеді.

Нақты әлеуметтік және экономикалық тұрғыда экологиялық проблемалармен ұлттық деңгейде, сондай-ақ ipi халықаралық зерттеу орталықтарында жасалып жатқан шаралар бар.

Глобальды проблемаларға, сондай-ақ, тұрғындар есімінің артуы, қоғамды қажетті заттай, энергетикалық және азып-түлік ресурстарымен қамту, халықтар арасындағы 6ейбітшілікті сақтау сияқты мәселелер жатады.

Әлемдік проблемаларды шешудің жолдары оңай eмec. Мұнда ойлаудың жаңа түрімен бірге, жаңа өркениетке өту туралы айтуға болатындай кешенді-жүйелік әдістер қажет.

Соған байланысты басты құндылық адам болып табылатын техногендік, оның ішінде ақпараттық өркениеттен антропогендік өркениетке көшу туралы міндет қойылады. Сөйтiп, адамзат стратегиясын жасаудың табанды қажеттілігі талап етіледі.

Егер базистік бағдар ізгілік құндылығына бағытталса мұндай стратегияны әбден жасап шығуға болады. Әдетте гуманизм (ізгілік) ұғымының аясында адам қажеттіліктерің өтеуге бағытталған құндылыктар жүйесі жатады. Бұл тұрғыда «гуманизм» түснігi өз мәніне сәйкес «адамгершілік», «адам сую» ұғымына дәл келеді.

Сөйтіп XXI ғасыр XX ғасырдай «технарлар ғасыры» болмай, «гуманитарилер ғасыры» болуы тиісті.


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)