АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж. 5. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері

Читайте также:
  1. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж
  2. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

5. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің басқа түркі тілдерінен негізгі ерекше белгілері қандай, сондай-ақ көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысы қай дәрежеде? Өзі бір тармағы болып табылатын тілдік бірлестікке қатыс дәрежесін анықтау арқылы кез келген тілдің негізгі ерекшелігі аіікындалып, белгіленеді.

Қазақ тілінің фонетикалық негізгі белгілері қандай? Бұл сұраққа жауап берместен бұрын этногенездік қатысы бар, бір семьяға жататын тілдер арасындағы айырмашылықтар абсолюттік дәрежеде бола бермейтіндігін ескерту қажет. Бір тілдің абсолюттік белгілерінің өзі басқа құрамында (диалектілерінде) ұшырасуы мүмкін. Бұл, әсіресе, географиялық жағынан көрші тілдерде жиі кездеседі. Өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен тілдері арасындағы айырма белгілер осындай. Сондықтан тіл білімінде екі тілдің айырымы ретінде тек дистинктивтік белгілер ғана алынады. Дистинктивтік белгілер, яғни тіл құрамында (әдеби тілде, диалектілерде де) жиі қолданылатын ерекшеліктер, сол тілдің басқа туыс, көрші тілдерден негізгі. айырмашылығын керсетеді.

Қазақ тілі түркі тілдерінің кыпшақ тобына жатады, көне қыпшақ тілінің белгілі дәрежедегі мұрагері. Қыпшақ тобындағы тілдердің оғыз, қарлұқ тілдерінен ортақ ерекшелігі мыналар: 1) 8—9 дауысты дыбыс қолданылуы, ы, і, у, ү қысаң, дауыстыларының түрлі мәнермен айтылуы. Қазақ тіліндегі ы, і, у, ү татар тіліндегі ы, и, у, ү дыбыстарына қарағанда бір шама ашық, бірақ қысқа дыбысталынады. Ал, татар тілінде дыбысталуы қысқа болғанмен сәл кеңейіп, езулік тәрізді естіледі. Сондықтан түркологиялық әдебиеттерде қыпшақ тілдеріндегі қазақтық ы, і, у, ү мен татарлық ы, и, у, ү дыбыстары бірдей болып қаралмайды. 2) аффикстер құрамында еріндік дауыстылар айтылмайды. Бұл ерекшелік қыпшақ тілдерінің барлығын дерлік қамтиды.3)Сөз құрамында, дауыстылардың еріндік үндесуі өте әлсіз. Ерін үндестігінің әлсіздігі сөз құрамында қысаң дауыстылар айтылғанда ғана байқалады, бірақ кең тараған жүйе болмағандықтан орфографияда ескерілмейді.

Қазақ тілінде сөздің бірінші буынында еріндік, кейінгі буындарда қысаң дауыстылар келсе, алдыңғылары соңғыларға ықпал етеді. Бірақ ол ете әлсіз естіледі. 4) Созылыңқы дауыстылар жоқ. Қейбір тілдердегі екінші дәрежелі созылыңқылар орнына қыпшақ тілдерінде дифтонгтар айтылады. 5) Көне түркі жазбалары тіліндегі і г, г мен дауыстылар тіркесіне олардьщ жаңа тіркестері: ^ ар>ав/І ау, ог>Цув ЦыйЦыуЦой, ег>евЦийЦей, әг>үйЦүү, ыр>увЦый, уг>увІІуу/ІҮІІы иг>ийЦШЦі, үг>үв//үй(/Ш т. б. қолданылады. Қазақ тілінде бұлардан ау, ой, ыу, ей, ій, үй, ый, уу тіркестері жиі кездесетіні мәлім. 6) Көптеген тілдерде сөз басында айтылатын п қатаң дауыссызынын, орнына ұяң б дыбысы қолданылады, бірақ жіктеу есімдігінің I жағы м дыбысымен мен түрінде айтылады. 7) Сөз басында қатаң т, қ, к (д, ғ, г ор-нына) дауыссыздары жиі айтылады. 8) сөз басында й, ж, дж дыбыстары жарыса қолданылады, 9) сөз ішінде, екі дауысты арасында п, щ, к дыбыстары ұянданып, б, Р, г түрінде дыбысталады. Қыпшақ тобындағы тілдерге ортақ негізгі белгілер осындай. Ал, көне тілдерде сөз ортасында айтылған з, д, т дыбыстатарыньң орнына й спирант дыбысының айтылуы, п—б, к — г, ц — ғ, с — з, д — т дауыссыз дыбыстардын, қатаң — ұяң бол.ып жіктеліп келуі тек қыпшақ тілдеріне тән белгілер емес, жалпы батыс (батыс-, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс) түркі тілдеріне ортақ ерекшеліктер.

Қазақ тілі қарақалпақ, ноғай және езбек қыпшақтарының тілдерімен бірлесіп қыпшақ-ноғай шағын тобын құрады. Ноғай ордасына енген тайпалар мен рулар негізінде қалыптасқан тілдер басқа қыпшақ тілдерінен фонетикалық жағынан едәуір өзгеше және ол ерекшеліктер түркологияда былайша көрсетіліп жүр: 1) басқа түркі тілдерінде (мысалы, қарлұқ тілдері) айтылатын ч аффрикаты жоқ, оның орнына ызьщ дыбысты ш қолданылады. 2) көрші дауыссыздардың әсерімен м, б, п дыбыстары бірінің орнына екіншісі айтыла береді м дыбысы б, п дыбыстарына ауысады. 3) Көрші дауыссыз әсерімен н дыбысы д, т ды-быстарына ауысады. Қазақ тілі осы белгілер жағынан қарақал-пақ, ноғай тілдерімен жақын болғанмен, оны аталған екі тілден оқшаулайтьш да ерекшеліктер бар. Қазақ тілінін, өзіне ғана тән басты ерекшеліктер мыналар: 1) Көрші дыбыстың әсерімен л дыбысы д, т, дыбыстарына ауысады. Бұл ерекшелік, немесе -лар көптік жалғауының -дер, -тар түрінде дыбысталуы басқа тілдерді былай қойғанда, ноғай тобындағы қарақалпақ, ноғай, өзбек қыпшақтары тілінде де жоқ. 2) Қыпшақ тілдерінде сөз басында кездесетін йЦжЦдж дыбыс сәйкестігінен қазақ тілінде ж дыбысы қолданылады. Бүл жерде й спирантын айту қазақ тіліне тән құбылыс емес, 3) басқа тілдерде сәз соңында айтылатын ш орнына қазақ тілінде с дыбысы қолданылады (таш-тас). 4) Осы құбылыстан қазақ тілінде ч>ш, ш>с ауысулары болғандыры ш дыбысыньщ қарлүқ тілдеріндегі ч дыбысына, с дыбысының кеп-теген тілдердегі ш дыбысына сәйкестігі анықталады.

Қашқари сол, заманғы түркі тілдерінің фонетикалық ерекшеліктерін көрсетіп отырған. Қашқаридың мәліметтеріне жүгінейік: жіктеу есімдіктерін бірде м, бірде 6 дыбыстарымен айту оғыз тілімен қатар қыпшақ тіліне де тән. Түрік тайпасының тілінде сез ортасында й айтылса, арғу тілінде н айтылады: қайу нец, қану нен (қай нәрсе). Қазақ тілінде осы ерекшеліктердің қайсысы да кездеседі (мен, біз және мұнда, бұнда, қанша, қандай және қайсы, қайда). Сондай-ақ ол заманғы бірсыпыра түркі тайпалары тілінде сөз ортасында айтылатын д орнына оғыз тілі т дыбысын қолданған. Осы ерекшелік қазіргі қазақ тіліне де жат емес. Қашқаридың көрсетуінше, түрік тайпасы тілінде, ар-ғу тілінде сөз соңында к орнына й дыбысы айтылған. Бұл ерекшелік (қон-қой) қазақ тілінде сол күйінде орнығып қалған. Қашқари түрік тайпасы тілінің ерекшелігі деп көрсететін мына сөздер де қазақ тілінде сол қалпында кездеседі: чум-чуқ (шым-шық).

Сөйтіп, бұл фактілер қазақ тілі қыпшақ тілінің заңды мұрагері екенін, соның негізінде қалыптасқандығын көрсетумен бірге даму процесінде оған басқа да тайпалық тілдердің ықпалң болғандығын жоққа шығармайды.

№6 лекция

Тақырыбы: Көне түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар, олардың зерттелуі (Баскаков Н.А., Щербак А.М., Аралбаев Ж.,Томанов М. Және т.б.). Ең көне дауысты дыбыстар:а,у,ы: Олардың жіктелу процесі мен даму сатылары.

Жоспар:

1.Көне түркі ескерткіштерінде дауыстылардың белгіленуі.

2.Жеке дауыстылардың дамуы. Дифтонгтар.Қазақ тіліндегі дауыстылар жүйесі, оның көне және ортатүркілік мұралар тіліндегі дауыстылар жүйесіне қатысы мен өзіндік ерекшелігі.

3.«Ә» дыбысының қалыптасуы жөніндегі пікірлер. «Ә» дыбысының қызметі мен фонемалық сипаты.

4.Диалектілерде кездесетін дауысты дыбыстар сәйкестігінің тарихи себептілігі, негізділігі.

5.Дауысты дыбыстар сәйкестілігінің шығу себебі мен мотиві: а-е,а-ә,ы-і,ұ-ү,ү-ы,ү-і,о-ү т.б.

Пайдаланылатын әдебиеттер.

1.КеңесбаевІ, Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. А., 1988

2. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)