АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Діни мерекелер

Читайте также:
  1. Моя комната (сочинение-описание).

Грамматикалық тақырып: қайталау

 

1-тапсырма. Сөздермен жұмыс істеңіздер.

Адамзат, назар аудару, ынтымақтастық, қауымдастық, жариялау, белгілеу, белсенді, мейрам, болашақ, қамқорлық, атап өту.

2-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

- Қандай халықаралық атаулы күндерді білесіздер?

- Халықаралық күндер не үшін аталып өтіледі?

- Қазақстанның қандай мерекелері халықаралық көлемде тойланады?

- Қазақстанда қандай халықаралық атаулы күндер аталып өтіледі?

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерін атаңыз.

3-тапсырма. «Сен қандай мерекені ұнатасың?» деген тақырыпқа сұхбаттасыңыз.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ (ДҮНИЕЖҮЗІЛІК) АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық атаулы күндерде адамзаттың аса маңызды проблемаларына назар аударылады. Осы мәселелерді жемісті түрде шешу үшін халықаралық күндер мен апталар белгіленеді. Мұндай күндер мен апталар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында аталады. Олар дүниежүзілік қауымдастық өміріндегі белгілі бір маңызды оқиғаларды есте қалдыру үшін де аталып өтіледі.

Наурыздың 21-і – Жер күні.

Наурыздың 22-сі – Бүкіләлемдік Су күні.

Наурыздың 23-і – Бүкіләлемдік метеорология күні.

Наурыздың 27-сі – Халықаралық театр күні.

Наурыздың 30-ы – Жерді қорғау күні.

Сәуірдің 1-і – Халықаралық құстар күні. Күлкі күні.

Сәуірдің 2-сі – Халықаралық балалар кітабы күні.

Сәуірдің 5-і – Бүкіләлемдік денсаулық күні.

Сәуірдің 11-і – Халықаралық фашистік концлагерлер тұтқындарын азат ету күні.

Сәуірдің 18-і – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні.

Сәуірдің 24-і – Халықаралық жастардың ынтымақ күні.

Сәуірдің 28-і – Бүкіләлемдік бауырлас қалалар күні.

Сәуірдің 29-ы – Халықаралық би күні.

Мамырдың 3-і – Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күні.

Мамырдың 8-і – Бүкіләлемдік Қызыл крест және Қызыл жарты ай күні.

Мамырдың 15-і – Халықаралық отбасы күні.

Мамырдың 17-сі – Халықаралық электрлік байланыс күні.

Мамырдың 18-і – Халықаралық мұражайлар күні.

Маусымның 1-і – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Маусымның 4-і – Халықаралық агрессия құрбандары болған балалар күні.

Маусымның 5-і – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні.

Маусымның 17-сі – Бүкіләлемдік жердің құрғақшылығы мен шөлге айналуына қарсы күрес күні.

Маусымның 23-і – Халықаралық олимпиада күні.

Маусымның 26-і – Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні.

Маусымның 27-сі – Бүкіләлемдік балықшылар күні.

Шілденің 1-і – Бүкіләлемдік сәулет өнері күні.

Шілденің 11-і – Бүкіләлемдік елді мекендер күні. БҰҰ құрылған күн.

Тамыздың 6-сы – Халықаралық ядролық қаруға тыйым салу үшін күрес күні.

Қыркүйектің 1-і – Бүкіләлемдік бейбітшілік күні.

Қыркүйектің 8-і – Халықаралық журналистердің ынтымақ күні. Халық­аралық сауаттылықты қолдау күні.

Қыркүйектің 9-ы – Бүкіләлемдік сұлулық күні.

Қыркүйектің 16-сы – Халықаралық озон қабатын қорғау күні.

Қыркүйектің 28-ы – Халықаралық теңіз күні.

Қазанның 1-і – Халықаралық қарт адамдар күні. Халықаралық музыка күні.

Қазанның 5-і – Халықаралық мұғалімдер күні.

Қазанның 6-сы – Халықаралық тұрғын үй күні.

Қазанның 9-ы – Халықаралық стихиялық апаттармен күресу күні.

Қазанның 14-і – Халықаралық стандарт күні.

Қазанның 16-сы – Бүкіләлемдік азық-түлік күні.

Қазанның 17-сі – Халықаралық қайыршылыққа қарсылық көрсету күні.

Қарашаның 9-ы – Бүкіләлемдік сапа күні.

Қарашаның 10-ы – Бүкіләлемдік жастар күні.

Қарашаның 13-і – Халықаралық зағиптар күні.

Қарашаның 17-сі – Халықаралық студенттер күні.

Қарашаның 19-ы – Халықаралық темекіден бас тарту күні.

Қарашаның 21-і – Бүкіләлемдік сәлем күні.

Желтоқсанның 1-і – Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні.

Желтоқсанның 3-і – Халықаралық мүгедектер күні.

Желтоқсанның 5-і – Халықаралық экономикалық және әлеуметтік дамуға ерікті көмек көрсетушілер күні.

Желтоқсанның 10-ы – Адам құқықтары күні.

Желтоқсанның 29-ы – Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні.

Халықаралық атаулы күндер халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес жиындарда белгіленеді. Бұл мәселеде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнаулы мекемелері белсенді рөл атқарады.

Бұл күндерді атап өтуді әрбір мемлекетке ешкім де, ешбір ұйым да міндеттемейді. Әр мемлекет өзінің мүмкіндігінше осы күндерді атап өтуге тырысады. Мысалы, Германияда аналар күні мерекеленеді. Ал бұрынғы Кеңес Одағында халықаралық күндерден 8 наурыз, 1 мамыр, 12 сәуір, 1 маусым секілді мейрамдар ерекше тойланатын еді. Қазір Қазақстан Республикасында көптеген халықаралық күндер аталып өтіледі. Олардың ішінде балаларды қорғау мен қарттар күнінің орны бөлек. Себебі, балалар – біздің болашағымыз болса, қарттар – өткен тарихымыз. Атақты жазушы Чарльз Диккенс ел аралап жүріп, әуелі сол елдің қарттар үйі мен жетім балалар үйіне барады екен. Олардың жай-күйіне қарап, ел басшыларының қызметіне баға беріпті. Қазақстанда да экономиканың даму деңгейінің төмендігіне қарамастан жетім балалар мен қарттар үйлеріне қамқорлық жасауда көп жұмыстар атқарылып жатыр.

5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Назар аудару, жемісті түрде шешу, дүниежүзілік қауымдастық, атап өту, белсенді, болашақ, қамқорлық жасау.

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

- Халықаралық күндер мен апталарды мерекелеуде қандай мақсат көзделеді?

- Бұл күндер қайда жарияланады?

- Халықаралық күндерді белгілеуде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнаулы мекемелері қандай рөл атқарады?

- Бұл күндерді кімдер белгілейді?

- Қазақстанда қандай халықаралық күндердің орны бөлек?

- Атақты жазушы Чарльз Диккенс ел басшыларының қызметін қалай бағалаған?

7-тапсырма. Дұрыс па, әлде бұрыс па?

Халықаралық күндер мен апталарда адамзаттың аса маңызды проблемаларына назар аударылмайды....

Мұндай күндер халықаралық ынтымақтастықты нығайтады....

Халықаралық күндер мен апталар халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес жиындарда белгіленбейді....

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнаулы мекемелері халықаралық күндерді атап өтуге қатыспайды....

Бұл күндерді атап өтуге әрбір мемлекетті міндеттейді....

Қазақстанда барлық халықаралық күндер мен апталар аталып өтіледі...

Қарттар мен жетім балалар үйлерінің жай-күйіне қарап, сол елдің басшыларының қызметіне баға беруге болады....

8-тапсырма. Халықаралық күндер мен апталардың біреуін таңдап алып, сол тақырыпқа төмендегі жоспар бойынша монолог дайындаңыз.

Таңдалып алынған халықаралық күн қашаннан бастап тойланады?

Бұл күн мемлекет тарапынан қалай аталып өтеді?

Өзіңіз қалай мерекелейсіз?

9-тапсырма. Біздің мемлекетімізде тойланатын бір ұлттық мерекеге байланысты құттықтау жеделхатын жазыңыз. Ескерту:Мемлекетаралық ресми құттықтау мәтіні сол елдің бірінші басшысы мен халқына, үкімет басшысына және Сыртқы істер министріне жолданады.

10-тапсырма. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелерінің біріне байланысты мемлекеттік және саяси қайраткерлерден келген ресми құттықтау жеделхаттарын (қазақ тіліндегі газеттерден) тауып оқыңыз. Жазылу стиліне назар аударыңыз.

 

Ұлттық мейрамдар

 

11-тапсырма. Наурыз мейрамы туралы берілген шағын мәтінді толықтырып, әңгіме құрастырыңыз.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Наурыз – парсы сөзі, жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Наурыз – табиғаттың жаңару мерекесі. Иран, Ирак, Ауғанстанда және Орта Азия мемлекеттерінде жыл басы – Жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні тойлайды. 21 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Содан кейін күн ұзара бастайды...

12-тапсырма. Наурыз мейрамына байланысты өзіңіздің туған-туыстарыңызға, достарыңызға құттықтау мәтінін жазыңыз.

13-тапсырма. Мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне жолданған ресми құттықтаулар мен жеке адамдарға арналған құттықтаулардың стилін салыстырып, әрқайсысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

14-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

ДІНИ МЕЙРАМДАР

Діни мерекелер – әрбір дінді ұстанушылардың ерекше қастерлейтін мейрам күндері. Діни мерекелердің ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Кейбір монотеистік діндердің (христиан, иуда) ортақ тарихынан туындаған ұқсас немесе бірдей діни мерекелері бола тұра, діни негізіндегі өзгешеліктерге байланысты оларды әр дін өкілдері өз алдына дербес атап өтеді. Сонымен қатар бір діннің мерекелерінің өзі сол дінді ұстанушы халықтардың арасында кейде ұлттық-мәдени ерекшеліктерге орай ішінара әркелкі реңктер қабылдаған. Әсіресе белгілі бір дінді мемлекет идеологиялық деңгейіне көтерген елдер мен діни басымдылыққа жол бермейтін мемлекеттердегі Діни мерекелер барлық уақытта бір деңгейде аталып өтілмейді. Қазақстан халықтарының басым копшілігі Ислам дінін ұстана отыра өзге халықтардың дін бостандығына шек қойылмайтындығы арнаулы заңмен бекітілген, сондай-ақ, Қазақстан заңдарына қайшы келмейтін барлық Діни мерекелер рәсімдерінін, мінәжаттардың, ғибадаттардың атқарылуына рұқсат етіледі. Елде кең таралған Ислам діні мен христиан дінінің православие тармағының басты мерекелері күні республика Президентінің сол дінді ұстанушыларға құттықтау жолдауы дәстүрге айналған.

15-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз:

- Христиан дініндегі мейрамдар туралы не білесіз?

- Будда дініндегі мейрамдар туралы не білесіз?

16-тапсырма. Құрбан айт, ораза айт туралы реферат дайындаңыз

17-тапсырма. Жарапазан үлгілерін тауып, жаттап айтыңыз.

18-тапсырма. Мәтінге жуық мазмұндаңыз.

Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Исламдағы діни мейрамдарға Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылар отыз күн ораза ұстауы керек. Құрбан айт мейрамы ораза айттан кейін, 70 күн өткен соң болады. Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады, адамдар жағдайына қарай құрбандық шалып, айтқа арнап дастарқан жаяды. Адамдар үйді-үйге айтшылып кіріп, құрбандық етінен дәм татады. Діни мейрамдардың тағы бір түрі – Қажылық. Дәстүрлі дала мәдениетінде малы көп, ауқатты адамдар қажылыққа барған. Қажылықтың рәсімдері мен жора- жосындары бар.

Семестр

Апта

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сөздікті пайдаланыңыз.

2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңыз.

3. Мәтіннен сын есімдерді тауып жазып, сын есімнің шырайларын жасаңыз.

Салауатты өмір салтыденсаулық кепілі

Салауатты деген сөздің негізгі мағынасы –– парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

Өмір салты дегеніміз––әрбір жеке адамнан бастап бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі!

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі екендігін ерте кезден ғалымдар жазған. Рим дәрігері Авл Корнелий Цельс «Медицина туралы» деген үлкен еңбек жариялады, ол көптеген тілдерге аударылып, бірнеше рет басылып шыққан. «Еңбектенбеу кәріліктің келуін тездетеді, еңбек болса, біздің жастығымызды ұзартады. Суық су айықтырады, ауруды алдын - алуға көмектеседі, денені нығайтып, рух сергектігін сақтайды... Жаттығу ретінде доп ойнау, жүгіру, серуендеуге де болады...» деп жазды К.Цельс.

Итальяндық дәрігер әрі жазушы А.Де Вилланов (б.э.д. 1311-1235 жж.) соңына «Салерндік денсаулық кодексін» қалдырған, онда ол IX-X ғасырлардағы салерндік мектептің салауатты өмір сүруінің басты ережелерін негіздеп берді.

Қазақстанда Х.Қ.Сәтпаев, Л.З.Тель, А.А.Ақанов, Т.К.Мұстафина, Ш.Ж.Жанәділов, А.Әділханов, Н.Иманғалиев сияқты ғалымдар салауаттануды дамытуды жалғастыруда. Олар салауатты өмір салтын ұстануға, организмді шынықтыруға, дене жаттығуларына, гигиена ережелерін сақтауға және түрлі аурулардың алдын - алуға үлкен мән береді. Сау кезімде теңдесі жоқ табиғат сыйы денсаулықтың бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ. Табиғаттың бірлігін, жаратылыстың жасампаздығын, тіршілік заңын тану-жоғарғы сана. Сондықтан жерден - нәр, ауадан- дауа, судан- күш іздейміз.

Парасатты-смышленный,разумный зерделі-внимательный

Байыпты- вдумчивый; рассудительныйдауа- лекарство; снадобье

Жасампаздық- созидательность нәр-наслаждение

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мына кеңестерге назар аударыңыз. Сіз не қосар едіңіз?

1. Дененің және қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Күн тәртібін сақтау, жұмыс пен уақытылы дем алуды үйлестіру.

2. Белсенді қозғалыс организмінің бір қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.

3. Дұрыс тиімді тамақтану. Тамақ мәзірін сақтау, дұрыс толыққанды тамақтану.

4. Организмді шынықтыру. Шынығуға табиғи күштерді пайдалану.

5. Зиянды әдеттерден бас тарту.

6. Отбасындағы, ұйымдардағы тыныштық. Қарым-қатынас жасай алу, қоғамда өмір сүре алу.

7. Күнделікті өндірістегі, оқу және демалыс орындарындағы сыртқы ортаның қолайлы жағдайлары.

8. Организмнің қорғаныш күштерін арттыру.

2. Медициналық қызмет.

Медицина мекемелері мен денсаулық сақтау органдары негізінде жасалатын қызмет түрі. Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты көшіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Медициналық қызмет түрлері

Бірінші медико-санитарлы көмек

- Білікті медико-санитарлы көмек

- Дәрігерге дейінгі көмек

Диагностика

- Функционалды диагностика

- Эндоскопиялық диагностика

- Рентгенологиялық диагностика

- Ультрадыбысты диагностика

Лабораториялық диагностика

- Биохимиялық тексеріс

- Иммунологиялық тексеріс

- жалпы клиникалық тексеріс

- Серологиялық тексеріс

- Цитологиялық тексеріс

Салалар бойынша үлкендерге кеңестік-диагностикалық медициналық көмек:

- Жалпы терапия

- Акушерлік және гинекология

- Жұқпалы аурулар

- Невропатология

- Дерматовенерология

- Стоматология

- Эндокринология

- Ревматология

- Кардиология

- Нефрология

- Кәсіби патология

- Иммунология

- Офтальмология

- Травматология және ортопедия

- Жалпы хирургия

- Онкология

- Урология

- Оториноларингология

- Анестезиология және реаниматология

- Аллергология (иммунология)

Салалар бойынша балаларға кеңестік – диагнсотикалық көмек көрсету:

- Педиатрия

- Жұқпалы аурулар

- Невропатология

- Кардиоревматология

- Оториноларингология

- Жалпы хирургия

- Офтальмология

- Иммунология

- Травматология және ортопедия

- Нефрология

- Аллергология (иммунология)

Медициналық реабилитология

- Емдік дене шынықтыру

- Уқалау

- Физиотерапия

- Тұрғындарға стационар алмастыру медициналық көмек (күндізгі стационар)


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.019 сек.)