АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 19 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Жағалауға қарай өсетін климат құрғақшылығы Джубо мен Веби-Шебели өзендері кесіп өтетін ішкі үстірттеріндегі шөлді саванналарда және жағалауларда акациялардың дамуына себеп болады. Осы өзендер аңғарларында галереялы сирек ормандарды құрайтын сүттіген, акация, фикустар басым. Солтүстік-батысқа қарай, Абиссин таулы қыратына қарай Сомали беткейі көтеріліп, жауын-шашын мөлшері де өседі (1000 мм). Таулы үстірттерде кәдімгі саванналар, ал беткейлерде ағаш тәрізді аршалар ормандары өседі.

Шығыс Африка таулы қыраты

Шығыс Африка – ең биік жанартаулық шыңдары бар орасан зор тектоникалық жарылымдар мен бұзылған таулы үстірт. Ол Экваторлық Африканың шығыс бөлігін алып жатыр және Абиссин таулы қыратынан Замбезидің төменгі ағысына дейін созылады. Климаттық ерекшеліктерге байланысты таулы үстірттің көп бөлігінде саванналар мен сирек ормандар өскен. Тектоникалық бұзылу оның ландшафтарының әркелкілігіне себеп болады.

Таулы үстірттерді Виктория көлінің оңтүстігінде жер бетіне шығып жатқан граниттер кең дамыған кембрийге дейінгі кристалдық жыныстар түзеді. Ежелгі іргетас Шығыс Африканың жүздеген миллион жылдар бойы көтеріңкі облыс болғандығын дәлелдейтін, денудациядан сақталған жоғарғы альгонк, палеозой мен мезозойдың континентті шөгінділерімен жабылған. Мезозой ортасынан Шығыс Африка антеклизасының көтерілуі мен Үнді мұхитының батыс бөлігінің қалыптасуына байланысты жағалау сызығы су астына кете бастайды. Неогенде антеклиза күмбезі тектоникалық жарықтармен бұзылып, батыс, орталық және шығыс грабендер жүйесі түзеді.

Батыс жүйесіАльберт, Эдуард, Киву және Танганьика көлдері және Ніл аңғарынан Нимулеге дейінгі кесінді алып жатқан терең грабендерден тұрады. Танганьика көлінен ойпат арқылы ағынсыз Руква көлі арқылы Ньяса көлінің солтүстік бөлігіне дейін созылады. Альберт пен Эдуард көлдерінің грабендерін Рувензори горстық массиві (5119 м) бөліп жатыр, ал Эдуард пен Киву көлдері арасында сөнбеген Нирагонго мен Ньямлагара жанартаулары бар Вирунга облысының 7 жанартауы көтеріледі. Киву мен Танганьика көлдері ойпаттары аралығында төмен түскен тектоникалық сызыққа ежелгі лава төгілген, Ньяса көлінің солүстік жағалауында Рунгве жанартауы көтеріледі.

Орталық жарылымдар жүйесі оңтүстігінен Телеки жанартауымен шектелетін Рудольф көлінің тектоникалық ойпатымен басталады. Әрі қарай Наиваша мен Натрон көлдері бар бойлық ойпаттар мен Баринг көлі бар. Рифт – Вали грабенімен жалғасады (рифтті аңғар) осы ойпат оңтүстігімен екі 22 км орасан зор кальдерасы бар Нгоронгоро жанартауы ерекшеленетін жеті жанартау бар. Алып кратерлврдің жанартауылық облысы көтеріледі. Оңтүстікте орталық жүйе Маньяра көлін батыстан қоршайтын биіктігі 500-700 м сырғымалы кертпештермен, кейін батыс жарықтарымен қосылатын Ньяса көліне солтүстік-шығыстан жақындайтын Руахи өзенінің аңғары алып жатқан грабенмен аяқталады. Ньяса көлі Замбезидің сол жақ саласы Шире өзенінің аңғарының оңтүстігіне қарай жалғасатын терең тектоникалық қазаншұңқырларда орналасқан.

Шығыс жарылымдар жүйесіҮнді мұхитының жағалауы бойындағы тектоникалық кертпештерде байқалып, жағалаудың түзу сызықты созылуына себепкер болады.

Шығыс Африканың субэкваторлық климатының бірқатар ерекшеліктері бар. Жыл бойы таулы үстіртте шығыс желдер соғады. Солтүстік жарты шардың қысында бұл солтүстік-шығыс желдер олар оңтүстік жарты шарға өткенде Калахари баралық депрессиясына тартылып, бағытын өзгертпейді жазда бұл Оңтүстік Африкамен салқын Үнді мұхитынан материк солтүстігіне соғатын оңтүстік шығыс желдер. Жауын-шашын мөлшерінде 2 максимум бақыланады. Алғашқысы солтүстік жарты шар қысымы келеді және солтүстік шығыс пассатпен байланысты. Екінші және басты максимум оңтүстік жарты шардың мұхиттық пассаттарына ығысу басталғанда, сәуір-мамырға келеді.

Жалпы алғанда таулы үстіртте жауын-шашын мөлшері оңтүстік батыста 750 мм-ден солтүстік шығыста 500-ге азаяды. Температуралар көп ауытқиды. Оңтүстік жарты шар қысында олар 14-160С-ге тең, жазда 18-200С орташа максимум 200С, ал орта минимум 5-60С түседі. Тек Виктория көлі маңында климат экваторлыққа жақындайды, бірақ биіктікке байланысты Конго ойпатындағы температуралардан 3-50С-ге төмен. 4400 м-ден биік шыңдар мәңгі қар мен мұз жамылған. Үнді мұхиты (Тана, Пангана, Руфуджи, Рувума), Атлант мұхиты (Луалабаның оң салалары) және Жерорта теңізіне (Ніл) құятын өзендер бастау алуына байланысты. Шығыс Африканы кейде «африкалық құрлық төбесің деп атайды. Сонымен қатар орталық жарылымдар жүйесі ойпаттарында тұзды Рудольф, Наиваша, Натрон т.б. көлдерінің ішкі ағын облысы бойлық бағытта созылып жатыр.

Неоген ағында тектоникалық қозғалыстарға байланысты бұрынғы ағын бағыттары өзгеріп, қазіргі климат орнаған төрттік кезеңде аяқталды. Бұрынғы ағын Конго ойпатына бағытталады. Тектоникалық депрессиялар мен ойпаттардағы көлдер өзендерге жаңа эрозия базисі болды. Көлдер төрттік кезеңнің плювиалды кезеңдерінде орасан зор болды, олардың біреуінің реликтісі болған Альберт, Виктория, Квога және Рудольф көлдері.

Шығыс Африка өзендері беткейлерден түскенде шоңғалдар мен сарқырамалар түзетіндіктен қысқа кескінділерінде ғана кеме жүреді. Көлдер, керісінше, жақсы су жолдары болып табылады. Оларды Солтүстік Америка көлдерімен салыстыруға болады.

Ең орасан тектоникалық ойпаттары Африкадағы ең ұзын және әлемдегі тереңдігі бойынша екінші көл Танганьика алып жатыр. Ол 650 км-ге созылып жатыр, ал ені 30-50 км, 773 м 1000-ден асады, ал ойпаттарының біреуінде 1435 м-ге жетеді. Танганьикадан тұрақсыз ағынды Лукуга өзені Конгоға ағып шығады.

Ньяса көлі Танганьикадан кейінгі ұзындығы бойынша екінші көл. Ол 703 м биіктікте жатыр, оның түбінің көп бөлігі 200 м-ден төмен. Көл Шире арқылы Замбезимен байланысады.

Виктория, Кього, Эдуард және Альберт көлдері Ніл бастауларымен басталған. Олардың ішіндегі ең ірісі және Африкадағы көлемі бойынша ең үлкені Виктория – Африканың ішкі теңізі. Ол кристалдық іргетастың иінінде орналасқандықтан, оның тереңдіктері 80 м-ге жетеді. Көлге батыстан Ніл бастауы Кагера құяды. Солтүстікте одан Оуэн-Фоллс сарқырамасы маңында арнасы платинамен бөгелген Виктория-Ніл ағып шығады. Виктория-Ніл Кьога көліне құяды. Кьогадан шыққанда Виктория-Ніл таулы қыратының сырғымалы кертпешінен өтеді де (Мерчисон сарқырамасы-50м), Альберт көліне құяды.

Альберт көлітеңіз деңгейінен 619 м-де жатыр. Эдуард көлінің деңгейі 300 м-ге жоғары орналасқан. Одан Рувензори беткейлерімен шоңғалды Семлики өзені Альберт көліне ағады.

Альберт көлінен ағып шығатын Ніл Шығыс Африка беткейлерінен түсіп, шоңғалды ағынға ие болады. Оның ағыны жылына 22 км.

Орталық жүйедегі ағынсыз көлдер таяз және құрғап қалуда. Көптеген көлдерде ас тұзы мен соданың мол қоры бар. Олардың тұздануы пост вулкандық әрекеттер аймағындағы орны мен байланысты. Ағынсыз көлдердің арасында ең ірі және ең тереңі Рудольф көлі (93м) солтүстіктен оған жалғыз Омо саласы құяды.

Шығыс Африканың ландшафттары әркелкі. Таулы қыраттың тік беткейлерін бойлаған жағалау маңы ойпаты су өткізбейтін тік құмдар мен әктастардан құралған.Оның жағалық сызығы солтүстік шығысқа ауытқитын солтүстік бөлігінде муссондар жағалауды бойлайды. Сондықтан климат құрғақ және ыстық атмосфералық жауын-шашында (500-700 мм) тез буланады және шөлейтті сирек өсімдік жамылғысы таралған. Өзен сағаларын құм басып теңізге атырау түрінде құяды. Шымдалған дақылдар мен тікенекті бұталар (акациялар) тақырлы топырақты жасырмайды.

4қо.е. оңтүстігінде таулы бойлық жағалау Үнді мұхитының ылғалды жерлерін ұстап жылдық жауын-шашын 1000-1500 мм өседі. Шөлейттер саванналарға, қызыл-құба топырақтар қызыл топырақтарға ауысып, өзен бойында аралас ормандар пайда болды. Бұршақ тұқымдас ағаштар басым.

Таулы үстіртте Замбезидің төменгі ағысынан Меру жанартауының беткейлеріне дейін дөңес кристалдық қалдықтары бар және сырғымаларымен бұзылған. Граниттік негіздегі – Ньяса және Масин үстірттері жатыр. Тектоникалық тектес өзен аңғарлары мен тілімденген пенеплендер мұхитқа баспалдақты түрде түседі. Үстірттерде 750-1000 мм жауын-шашын түседі. Бұл 5-6 айлық құрғақ маусымдарда құрғақ саванналар мен сирек ормандарға жеткілікті. Саванналардың акациялы, дум пальмасы өсетін, баобапты түрлері белгілі.

Ньяса мен Виктория көлдері және батыс пен орталық жарықтар жүйесі аралығында тығыз граниттерден құралған, жарықты тектоника әсер еткен, батпақтанған Уньямвези үстірті орналасқан. Олар қызыл қоңыр топырақтардағы сирек ормандармен жабылған. Саванналар тек шығыс және солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр.

Шығыс Африканың Ньяса көлінен Эдуард көліне дейінгі батыс шетісырғымалы тектониканың анық байқалуымен ерекшеленеді. Бұл жерде горсты-жақпарлы массивтер қоршаған терең көлдер тізбегі орналасқан. Бұл құрлықтың сейсмикалық зонасы және қазіргі вулканизм алаңы. Вирунга облысында жаңа жанартаулық конустар түзіліп, Киву мен Ньяса көлдерінің түбінде су асты сілкіністері жүруде.

Көлдер көп ылғал бөледі, олар орналасқан қазаншұңқырлар ылғалды. Су қоршаған беткейлерге аралас ормандар мен саванналар өскен, ал ішкі беткейлердегі ксерофитті сирек ормандар мен бұталар шыңдарда далаларға ауысады.

Эдуард, Альберт, Кьога мен Виктория көлдері арасындағы облыс К өлдік үстірт деп аталады. Ол батыс жарықтарының жүйесінің солтүстігі, Рувинзори горсты массиві, Уганданың гранитті үстірті мен Ақ Нілге қарай шығыс Африка таулы үстіртінің солтүстік беткейінен тұрады.

Рувинзори – гнейс кристалды тақтатаспен лавалар интрузияларынан құралған Африканың үшінші шыңы. Жарылымдар, сырғымалармен көтерілімдер (3000 м) неоген соңы төрттік кезең басында жүрген екінші сырғымалар оның жарылымы беткейлерінде жақпарлы шығыңқы бөліктерде түзген. Сырғымалар вулканизмдер мен қатар жүрген: 3000м биіктікте жанартау кратеріндегі көл белгілі.

Төрттік мұздықтар массив шыңында карлар, беткейлерде - трог аңғарымен мореналар қалдырған. Қазір Рувинзори қар сызығынан көтерілген, содықтан қазіргі мұздық формалар да оған Альпілік сипат береді. Мұздықтар ылғалды және көлеңкелі беткейлерде төмендейді (4200 м).

Көлдік үстіртті экватор кесіп өтеді. Бұл Шығыс Африкадағы жазықтар да ылғалды экваторлық және аралас ормандар мен биік саванналар кездесетін жалғыз аймақ. Сонымен қатар, латеритті күлгін және қызыл топырақтар мен латеритті қабықшалар аймағы.

Көлдік үстірттерге орталық жарылым жүйесі мен тілімденген Кениялық жанартаулық үстірті шығыстан жанасады. Бұл жерде рифтті аңғар грабені, күрделі сырғымалар және тектоникалық кертпештермен қатар жанартаулық жер бедері сипат алған. Сөнген Килиманджаро, Кения, Меру, Элгон жанартаулары, алып кратерлер тобы шеттері базальттар мен туфтармен жабылған тектоникалық жарылымдар бойымен көтеріледі. Осы облыста терең ойпаттар, үстірттер мен таулы шыңдар ландшафтары аралығындағы айырмашылықтар анық көрінеді.

Килиманджаро – Шире, Кибо және Мавензи конустарынан тұратын Жер бетіндегі ең ірі жанартау. Олардың ең жасы Кибо Африка құрлығы үшін, ең үлкен 5963 м биіктікке көтеріледі.

Төрттік мұзбасу кезінде Килиманджаро қазіргі биіктікке жеткен. Қазіргі мұзбасу тек Кибо конусында бар. Оның мұздықтары батыс және оңтүстік беткейлерде 4700 м биіктікке дейін түседі.

Килиманджаро беткейлері мен Шығыс Африканың басқа да шыңдарында мол жауын-шашын түседі. 1100 м биіктікке дейін таулар мәңгі жасыл ормандармен жабылған 1100-1750 м аралығында саябақты ландшафтар белдеуі орналасқан орманда саванналар арасында өскен және ылғалды ыстық климат жер өңдеу мен мал шаруашылығына қолайлы 1750-2300 м аралығында температулар төмендеп, жауын-шашын көп түседі (2000 мм), бұл тұман, жауындар мен тау гилеялар белдеуі. Бірінші қабатта биік қылқан жапырақты (Padocarpus spp, Junіperus procera) және жалпақ жапырақты ағаштар, ал екінші қабатта ағаш тәрізді попартниктер мен арша гүлдер өседі. Ағаштар діңгегі бұтақтарында қыналар, ал ағаш қабықтарында, топырақта мүк көп кездеседі. Таулы гилеялар 3700 м-де бамбук ормандарымен алмасады. 4200 м-ден биік ағаш тәрізді лобелиялар мен крестовниктер бар биік таулы шалғындар төселген.

Кенияның базальтті үстірттерінде өсімдік жамылғысының сипаты жауын-шашынға байланысты. Кения - Шығыс Африканың ең құрғақ облысы, әсіресе солтүстік-шығыста жауын-шашын мөлшері 500 мм, ал құрғақ маусым 7-9 айға созылады, сондықтан саванналар мен сирек ормандар 2-30с.е-ден жоғары көтерілмейді. Олардың орнына шымды дақылдар мен ксерофитті акациялардың тікенекті бұталары пайда болады. Осыған ұқсас құрғақ ландшафтар орталық жарылымдар ағынсыз көлдеріне тән.

Оңтүстік Африкаға Замбезидің төменгі ағысынан басталып Калахари ойпаты мен оны қоршаған көтерілімдер, Кап тауларынан тұратын Биік Африканың сүйірленген бөлігін жатқызылады. Жалпы құрылымдық жер бедері Конго ойпаты мен оның шеткі массивтеріне ұқсас келеді, алайда біршама биік гипсометриялық деңгейде жатыр.

Калахари ойпаты палеозой аяғында қалыптасқан Африканың платформа синеклизасы алып жатыр. Сол кезеңде герцин қатпарлығының оңтүстігінде Кап таулары түзілген. Герциндік құрылымдардың көтерілуі платформаның оңтүстік шетінің иінінің пайда болып, Карру синеклизасының түзілуіне алып келді. Жоғарғы триастың екі синеклизасында да Карру синеклизасының қалың континенттік қабаттары жиналған.

Палеозойдың соңы мен мезозой басында оңтүстік Африканың шеттерінде шығыс жағалауда Карру үстіртінің шөгінді қабатын қорғаған базальт лавасының төгілуімен аяқталған жарылымдар жүрді. Жарықтар сызығы бойымен платформаның шеткі блоктары төмен түсіп, Үнді және Атлант ойпаттары қалыптасуы басталып, құрлықтан Мадагаскар аралы алғаш рет бөлініп шығады. Оңтүстік Африканың шеттері биік сақиналы бөлек түрінде көтеріліп, олардың сыртқы флексуралық үлкен кертпешті оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөліктерін құрайтын Карру синеклизасы қосылды.

Бор мен үштік кезеңде Оңтүстік Африканың шеттерін теңіз басып, Үлкен кертпеш көтерілу мен Калахари формациясының әктасты құмдары жиналған Калахари ойпатының иіндерінің пайда болуы жалғасты. Олардың астындағы Карру тастопшалары (свита) бар кезеңіндегі базальт кешенінің тектоникалық жолмен бұзылған аймақтарында жер бетіне шығып жатыр.

Бор мен үштік кезеңнің эрозиялық циклдары Оңтүстік Африканың палеозой пенепленін тілімдеп, оларды Калахар жазықтарына бағытталған, қалдықты масивтері бар құрылымды баспалдақты үстірттерге айналдырды. Бор аяғында Кап таулары көтеріліп, теңіз шөгінділерінен тазартылады.

Шеткі көтерілімдер беткейлеріндегі өзен эрозиясы мен физикалық үгілудің үлкен кертпеш жағалаудан шегінеді. Жас өзендерден ежелгі төрттік кезеңдегі Калахари көлдері алып кеткен. Көлдердің жағалауына климаттың құрғауы әсер етеді. Шағын көлемінде субэкваторлық тропиктік және субтропиктік белдеулерге тән барлық географиялық зоналардың болуына байланысты. Оңтүстік Африканы Кіші Африка деп атауға болады, (5,4 млн км2) олардың орналасуы ылғалдану жағдайларына байланысты. Ылғалдану сипаты бойынша Оңтүстік Африка да белдеулердің секторлық орналасу заңдылықтары анық байқалады: шығыс жағалауында ылғалды мұхит маңы, ол батысында шекаралары үлкен кертпешпен жүргізілген шөлді мұхит маңы секторы созылып жатыр. Сонымен қатар, континенттік сектор ендік бағытта аз дамыған және құрлық іші шөлді ландшафтары шектелуі.

Ландшафтардың зоналық типтерінің көп болуы және жер бедеріндегі құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктер Оңтүстік Африкада бірнеше аймақтық табиғи кешендерді бөліп көрсеге мүмкіндігі береді.

Үлкен Керпештің шығыс беткейі мен жағалау маңы ойпаты. Үлкен Кертпештің суайрықтық рөлі беткейлердің биік көтерілген Оңтүстік Африканың шығыс шетінің бойында маңызды. Кертпешің ең биік жері (3000 м) Дракон тауларынның оңтүстік бөлігіндегі базальтты лавалар сауыттын жамылған Базуто таулы қыратта орналасқан. Ол өзен аңғарымен тілімденген және жағалау маңы ойпатынан тау алды жоталармен бөлінген.

Ойпат кең солтүстік бөлігінде тектоникалық жарылымдармен бұзылған бор мен үштік шөгінділерден құралған абразиялық жазық болып табылады. Жарылымдардың бойлық жүйесі Шире грабенінің жалғасы болып табылады және батпақтанған түбі бар. Замбези мен Лимпопо аралығындағы Урема грабені ойпатымен сипатталады. Батыстан ойпат маңында 2000 м биіктікке ежелгі гнейстер жер бетіне шығып жатқан Горонгоза горсты массиві көтеріледі. Оны шығыстан карсталған әктастардан құралған аласа үстірт қоршап жатыр.

Ойпат климаты ыстық, кейбір жерлерде өте ылғалды болып келген. Жылы Мозамбик ағысы Замбези сағасынан Дурбанға дейінгі жағалау бойындағы температураларды теңестіреді (жазда 25-260С, қыста 180С). Жауын-шашын режімінде тропиктік фронттың Мозамбик солтүстігіне өтуіне байланысты жазғы максимум, ал қалған бөлігінде оңтүстік Үнді максимумы пассаттары әсер етеді. Жауын-шашынның ең көп мөлшері (1000-1500 мм) Замбези мен Бейра және Үлкен Кертпештің жел жақ беткейлерінің циклонда жолындағы жағалау сызығында түседі. Ойпатты өсімдіктің зоналық типі ылғалды шығыстағы палмалары (майлы, рафиялар) мол аралас ормандар болып табылады. Құрғақ батыс аймақтағы ормандар құрамында бұршақ тұқымдастарынан (Іsoberlіna, Brachystegіa spp.) өкілдері басым. Урема грабенін шығыстан қоршаған әктасты үстірттерде акациялы сирек ормандар мен бұталар пайда болады.

Табиғи ландшафттар қант қызылшасы, мақта, тропиктік дақылдар плантациялары алып жатпаған шағын аймақтарда ғана таралған.

Үлкен Кертпештің ылғалды беткейлерінде 800-1000 м биіктікке дейін маусымды ылғалды ормандар, олардан жоғары бұталар, тау аңғарларындағы қылқан жапырақты ормандар, шалғындар мен тасты шашырандылары көтеріледі.

Шығыстағы шеткі үстірттер мен таулы қыраттар солтүстікке Иньянга тауларының (2596 м) сырғымалы кертпеші мен тік құлама жасайтын гранитті пениплен Матабеле үстіртімен басталады.

Лимпопо аңғарынан кейін велдтер деп аталатын – Аласа велд, Бұталы Велд, Орта Велд және Биік Велд үстірттер жүйесі көтеріледі. Биік Велд Калахаридің ең биік сақинасы Базуто таулы қыратына жанасады.

Велдтер үстіртімен Базуто таулы қыраты кварцитті қырқалар мен үшкір гранит интрузиттері эрозия әсерінен жер бетіне шыққан және базальттармен қапталған Велдтерде шайылған Карру жүйесінің шөгінді жыныстарынан құралған. Карру базальтты тастопшалары (свита) мен ежелгі шөгінді және кристалдық жыныстарда ОАР-дағы ең ірі алтын (Витватерс-Ранда конгломераттарында Биік Велд), алмаз (Орта Велттегі Претория маңындағы бор кезеңінің жарылыстарының кимберлит түтіктерінде), тас көмір (Экка свитасында) кен орындары шоғырланған.

Шығыс үстірттердің ландшафтарының негізгі бөліктері олардың Үлкен Кертпештің желді көлеңкесіндегі орын, солтүстіктен оңтүстікке созылуы мен морфо-кұрылымдық ерекшеліктермен анықталады. Субэкваторлық ендіктердегі Матабеле үстіртінде Шығыс Африканың биік үстірттерінің температуралық режимі сақталады(орташа қысқы температура 14-160С, жазғы температура 22-240С) Үстірттен ылғалды және биік таулы климат «аралдарың түрінде Базуто массивтері көтеріледі.Жазда үстіртте жауын-шашын түседі, бірақ Базутодағы ғана жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден асады. Матабеле үстірті ішкі орташа нормалар 750-1000 мм, ал велдтер үшін 500-750 мм.

Матабеле үстірті мен Шығыс Африка оңтүстігінде сирек ормандар егіншілік саванналардың ашық ландшафтарымен алмасады.Велдтер өсімдіктерінің сипатын олардың галланд тілінен аударғанда «далаң деген мағына беретінатауларынанкөруге болады. Бірақ велдтердің тропиктік белдеудің шығысында орналасуынан кәдімгі далалар болуы мүмкін емес. Өсімдіктің зоналық типіне Бұталы Велдтің қолайлы жағдайларында өсетін бұталар (акация,сүттіген,алоэ) жатады.Биік Велдте қатаң климат жағдайларында аласа дақылдар (pou wovі- Themada trіandra) өседі. Бұл шөптесін фармация таулы далалық болыптабылады. Сонымен қатар топырақ типі бойынша (қызыл-қара).

Биік Велд ландшафтары биіктаулы прериялар түрінде жүйеленуі мүмкін.

Базуто таулы қыратына жер бедеріне байланысты өсімдік жамылғысының айырмашылықтары тән биік таулы аңғарлар бұталарымен жеке ағаштар көтеріледі. Ашық беткейлерді тау шалғындары мен тас шашырандылары жауып жатыр.

Кап таулары жел жақ беткейлеріндегі субтропиктік орман мен бұталар ландшафтарымен және ішкі жоталар мен тауаралық қазаншұңқырлардағы шөлейттер таралған ерекше құрылымдық морфологиялық облысқа бөлінеді. Таулар жағалау бойымен 800 км-ге созылып, төменгі палеозой құмдары мен кварциттерінен құралған биіктігі 1500м бірнеше параллель қырқалардан тұрады. Бұл эрозия мен денудацияға ұшыраған және бойлық синклинальдармен бөлінген ежелгі герциндік антиклинальдар. Олардың ең ірісі оңтүстіктегі Лангеберг жотасы мен солтүстікте Кіші және Үлкен Звартберг аралығындағы Кіші Карру аңғары болып табылады. Олардан басқа тауларда түзілген тар көлденең шатқалдар кесіп өтеді.

Кап тауларынан алдыңғы оңтүстік-батыс жоталары Жерорта теңіздік типтегі аласа тауларындағы климатқа қарағанда ылғалды болып келген субтропиктік климатта орналасқан. Қыста бұл жерде жауын-шашын мен қалың тұмандар жиі болады. Оңтүстік-батыс ландшафтары Атлас тауы жерортатеңізік ландшафтарына ұқсас. Оларға да қоңыр топрақтар, өзендердегң қысқы су тасқыны, мәңгі жасыл қатты жапырақты ормандар мен бұталар тән. Бірақ Кап флоралық облысының өсімдіктерінің эндемикті және реликті болуынан сыртқы пішінде айырмашылық бар.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.)