АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 15 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Африкалық платформа синеклизалар, антиклизалармен күрделеніп тектоникалық жарылымдармен бөлінген. Ірі синеклизаларға Карру, Калахари, Конго, Чад, Араван-Таудени, Ливия-Египет жатады. Карру синеклизасынан басқаларының жер бедері кең ойпаттармен сипатталады. Антиклизалар ойпаттарды бөледі және оларды Африканың жер бедерінің макроформаларының анықтайтын еңістеу түзілімдермен қоршайды. Ежелгі іргетастық жер бедеріне шығып жатқан жері құрлықтың шығыс шетін бойлай созылып жатыр. Бұл жерден дүние жүзіндегі Шығыс Африканың жарылымдар жүйесі өтеді. Ол Оңтүстік Африкадағы Лембомбо кертпешінен Қызыл теңізіндегі Акаба шығанағына дейін созылып жатыр Атлант мұхитының шығыс бөлігін және Үнді мұхитының батыс бөлігінің түбінің жер бедерінде Африкалыққа ұқсас түзілімдер мен ойпаттар бар. Сонымен қатар, Үнді мұхитында шығыс Африка жағалауының жалғасы анықталған. Африкалық платформа палеозой мен мезозой басында болған және Оңтүстік Америка, Үндістан, Арабия, Австралия мен Антарктиданың ежелгі ядросынан тұрған Гандвана құрлығының бөлігі болып табылады деген болжам бар.

Континенттік және мұхиттық шөгінділер Африка аумағы көлемінің 2/3-сін алып жатыр. Әсіресе, олар Сахара мен Суданда кең таралғандықтан Сахара-Судандық платформа бөлігін Сахара-Арабия плитасына бөледі. Платформаның қалған бөлігінің Экваторлық және Оңтүстік Африкада кембрийге дейінгі жыныстардан түзілген, Оңтүстік Африка қалқаны болып табылады. Плитамен қалқан шекарасы Гвинея жағалауы мен Суданнан (Чад көлінен оңтүстікке қарай) Сомали түбегіне дейін өтеді (Абассин таулы қыраттарынан оңтүстікке қарай).

Оңтүстік Африка қалқаны түзген кембрийге дейінгі қатпарлықтардан кейін ол көтеріңкі аймақ болып, 10 км қалыңдықтағы континенттік шөгінділердің иіндерінде жиналуымен бірге жүрген пенипленденуге ұшырайды. Оңтүстік Африкада бұл шөгінділер Кап (төменгі палеозой), Карру (жоғарғы палеозой және мезозой) және Калахари (үштік дәуір) жүйелеріне бірігеді.

Герцин қатпарлығының соңғы фазасында қатпарланған Кап жүйесінің (қалыңдығы 3000 м) континенттік қабаттары Африканың қиыр оңтүстігін түзеді. Карру жүйесі мен оның аналогтары оңтүстік және шығыс Африкада, Конго ойпатында кең таралған, бірақ оның басты шөгінді жинау аймағы шөгінді қабаты 10000 м-ден асатын Кап тауларының герциндік түзілімдердің солтүстік беткейлерін бойлаған тауалды ойпаты болған.

Карру жүйесінің қабатына көлемді мұз дәлел болатын Двайка (тас көмір жасы) фармацияларының дөңбек тасты саздары кірген. Жоғарғы палеозойдағы мұзбасу Гондвананың оңтүстігі Африкалық ядросында ғана емес, сонымен қатар экваторлық аудандарда жүріп бірнеше орталықтан 1000 метрден 3500-4000 м-ге дейінгі тау массивтері мен бұйраттарда таралған.

Пермде Африка платформасының шығысын бойлай құрлықтан Мадагаскарды бөлген және Үнді мұхитының батыс бөлігінің қалыптасуына бастау болған жарылымдар жүрді. Мезозойда Африкадан шығысқа қарай оңтүстік және шығыс Африка жағалауларын су басқан Мозамбик қолаты, Сомали түбегі, қазіргі Абессин таулы қыраттарының ежелгі іргетасы болған. Мезозой трансгрессиялары Кап тауларын да қамтыған.

Юрада, әсіресе бор кезеңдерінде ірі жарылымдар Атлант мұхиты ойпаттарының түзілуіне бастама болды және теңіз суы басқа құрлықтың батыс жағалауларының пішінін анықтады

Мұхит түбіне ірі тас кесектерінің түсуі жарықтармен қатар жүретін африкалық кристалдық тұғырлардың шеттерінің көтерілуіне алып келді. Африканың батысында оларға байланысты Жасыл мүйістен Ангола мен Оңтүстік-Шығыс Африкаға дейінгі аралықта магмалық тау жыныстар пайда болған. Шығыста көтерілген белестер бойында кембрийге дейін басталған кейінгі Шығыс Африка опырықтардың (грабен) оңтүстігінде ірі сырғымалар пайда болған; ал Дракон тауларының жарықшақтарымен базальтты лаваның қатқабақтары (3500 м дейін) төгілген.

Геологиялық құрылымы мен даму тарихының ерекшеліктеріне қарағанда Конго ойпатындағы Оңтүстік Африка қалқанының солтүстік бөлігі Сахара-Арабия плитасына қатысты өтпелі аймақ болып табылады. Ол полеозой аяғында қозғалмалы болып, нәтижесінде мезозойда екі рет дерлік таяз теңіздердің суы басқан. Сахара-Арабия плитасы көптеген тербеліске ұшырап, оның жеке аймақтарын эпиконтиненттік трансгрессиялар басқан. Бұл жерде ежелгі іргетасты жауып жатқан шөгінді қабаты контененттік қана емес, солтүстік пен батыста кең таралған теңіз шөгінділерінен де түзілген. Сахараның батыс бөлігінде Судан батысында палеозой дәуірі үстірттер мен жазықтарды құрайтын құмтастар мен сазды тақтатастарды түзген теңіздердің енуімен басталады. Олар Ахаггар мен Тибести таулы қыраттарының кембрийге дейінгі кристалдық жыныстарын жиектеп, Тиндуф (Анти-Атластың оңтүстігінде) синеклизасында жер бетіне шығады және Судандағы аралдық таулар мен үстірттерге жалғасады (Бандиагара үстірті) т.б. Таскөмір кезеңінің басында теңіз ауданы кемиді. Ол Батыс пен Орталық Сахараның бөлігінде болып, әктас қабаттарын қалдырған. Нәтижесінде төменгі палеозой шөгінділері аласа қатпарларға жиналып, сырғымалармен бөлінген каледон қатпарлығының әлсіз байқалуынан кейін теңіз шегінді.

Герцин қатпарлығының әрекеті біршама болды. Бұл уақытта дүние жүзіндегі ең ірі Араван-Таудени синеклизасы түзіліп, ежелгі кембрийге дейінгі қатпарлар бағытын қайталаған Ахаггар таулы қыраты мен Рагибат қалқаны (Сахараның батысында) көтерілген; Атлас тауларының оңтүстігіндегі палеозой тастопшаларында қатпарлар түзілген. Герцин қатпарлығымен Ахаггар, Фута-Джаллона массивтеріндегі таулы штоктар (интрузиялық жыныстардың, руданың дұрыс пішінді денесі) түрінде шығып жатқан долириттер жыныстарды байланыстырады.

Палеозойдың аяғынан бор кезеңінің басына дейін Сахара-Арабия плитасы көтеріңкі болған; оның тау массивтері бұзылып, контененттік шөгінділер олардың етегінде ойпаттарда жиналған. Бұл шөгінділер Ливия шөлі мен Шығыс Судандағы «нубияң құмтастары ретінде белгілі «контенентаралықң конгломераттар мен құмтастарға бөлінеді. Бор кезеңінде платформаны оңтүстіктен де, солтүстіктен де трансгрессиялар басты. Суданда Гвинея шығанағы жағалауында Сенегамбияда, Бенуе, Орта Нигер алаптары мен Чат көлінде теңіз орнайды. Сахарада теңіз Ахаггар солтүстігіне, Триполитанио мен ОАР-ға қарай шығысқа таралған.

Бор теңіздердің шөгінділері әктас, құмтас пен саздың қабаттарынан тұрады (Суданда). Олар бордан кейінгі дислокациялары бар моноклиндік ұзын кертпештерді және үстірттерде түзеді.

Палеоген мен неогенде теңіз Батыс Сахара мен Суданнан кейін шегініп, Ливия-Египет синеклизасында ұзақ сақталады, бірақ кейін солтүстікке жылжиды. Неоген аяғында Жерорта теңізі геосинклиналының батыс жерортатеңіздік доғасының оңтүстік-батыс бөлігін құраған Атлас таулары Африка плитасының солтүстік-батысына қосылады. Бүкіл материк белсенді тектоникалық қозғалыстар жүреді. Қазіргі антиклизалар мен синеклизалар түзіліп, ежелгі іргетасының жаралуы орын алды. Африка плитасының шығыс шетіндегі екі антеклиза осьтерімен ірі жарылымдар қайталанып, Шығыс Африка (грабен) опырықтары түзіледі. Үлкен Шығыс Африка антеклизасы Оңтүстік Африкадан Абессин таулы қыратына дейін Лебомбо кертпешінен бойлық бағытта созылып жатар. Эритрея антеклизасы оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа созылып, Қызыл теңізі мен оның екі жағалауын алып жатыр.

Антеклизалар осьтеріндегі жарылымдар мен опырылымдар ірі күмбездердің көтерілуі, жыныстардың созылуы мен сырғымалар бойымен ірі блоктардың жарылып, шөгуінен түзілген. Шөгулер опырылымдарда төрттік кезеңде де жалғасып, қазіргі уақытқа дейін әрекет етуде; опырылымдар белдеуі құрлықтың сейсмикалық айсағы, онда сөнбеген жанартаулар бар. Осындай үрдістер құрлық жағалауында, Үнді мұхитында да жүрген. Африкандық тұғырдан миоценде бөлінген Мадагаскар жақпартасын базальттар басып, су асты жоталарында жанартаулық Комор мен Маскарен аралдары пайда болды.

Солтүстік-Шығыс бағыттағы жарылым бойында Гвинея шығанағында Фернандо-По, Принсипие, Сан-Томе, т.б. жанартаулық аралдар көтерілген. Бұл сызықты құрлықта сөнбеген жанартау Камерун мен лава басқан таулы қырат Камерун жалғастырады. Әрі қарай ол Тибести таулы қыратымен өтеді деген болжам бар. Тибести мен Ахаггар таулы қыраттары ежелгі іргетастағы жарылымдарға байланысты базальттармен жабылып, жанартаулық күмбездерге жалғасқан. Лава солтүстік Ливиядағы сырғымалармен жарылған Феццан аймағында көп төгілген. Шығыс Судандағы Кордофан үстіртінде Гебель-Марра жанартауы көтерілген. ОАР солтүстік бөлігінде жаңа түзілімдер бөлектенген, сондықтан қатпарларға жіктелген. Олар солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созылған және шығыс жерорталық, альпілік қатпарлардың сириялық бөлігіндегі альпілік тау тузілудің іздері болып табылады.

Құрлық көтерілуінен жауын-шашыны мол аудандарды эрозия, ал шөлдер мен шөлейттерде физикалық үгілу үрдістері жанданды. Осыған байланысты миоценде орасан зор кеңістікте африкалық пенеплен беткейі түзілді. Оның үстінде, әсіресе құрлықтың шеттерінде ежелгі тегістелу беткейі сақталған, ол экваторлық Оңтүстік Африкада Гондвана пенеплені деп аталады. Төрттік кезеңнің эрозиялық айналымдары Африка мен Гондвана пенеплендерін Ніл, Конго, Замбези, т.б. сияқты ірі өзендердің аңғарлары қатты тілімденген. Сонымен қатар, осы кезеңде Африка жағалаулары толық қалыптасып, Гибралтар бұғазы түзіледі және уақытша болған Тунис – Сицилия «көпірі» су астына кетеді.

Африка құрлығындағы қазіргі табиғат зоналары мен климаттық жағдайлар плейстоцен аяғында қалыптасты. Плейстоценде бірнеше ылғалды және суық кезеңдер ксеротермиялық кезеңдермен ауысып отырған.

Климаттағы ауытқулар плейстоценде жер бедерінің қалыптасуы, гидрографиялық тормен, ағындының дамуымен, өсімдік-топырақ зоналар орналасуына қатты ықпал етті. Ыстық және құрғақ климат жағдайларына өзендер құрғап, саванналар мен Конго ойпатында ылғалды экваторлық ормандар ауданы да азайған. Ылғалдылық кезеңде, керісінше, гилеялар аумағының көлемі кеңейіп, саванналар шөлдер мен шөлейттерді басқан. Африка – орасан зор жазықтар мен таулы үстірттер құрлығы. Әр түрлі тектоникалық-литологиялық жағдайлардағы жер бедерінің дамуы бірнеше құрлымдық-морфологиялық аймақтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Атлас таулары Африка платформасының солтүстік батысына жанасқан және альпілік геосинклинальдардың шеткі түзілімдері болып табылады. Оларды кембрийге дейінгі ірге тастан сырғымалары бар флексура бөліп тұр. Таулар Жерорта теңізі жағалауындағы қатпарлы орташа биіктігі жоталардан және оңтүстігі Сахара шекарасындағы қатпарлы-жақпарлы жоталардан тұрады. Ең биік жері Мароккалық Биік Атласта (Джебель-Тубкаль тауы – 4165 м). Солтүстік және оңтүстік жоталарының ішкі сілемдері Биік Атластың батысындағы сатылы Мароккалық Мезетаны және тау аралық «шөгу доғаларын» - Биік үстірттер деп аталатын шығыстағы биік таулы қазаншұңқырларды қоршап жатыр.

Платформалық Африка аймақтары шығыс шетіндегі Абиссин таулы қыраты, Сомали түбегі мен Шығыс Африка таулы үстіртінен басқа африкалық платформаның барлық аумағын алып жатыр. Осы орасан зор аумақта ежелгі іргетастың антеклизалары мен синеклизарының ауысуынан жер бедерінің ежелгі іргетасы мен шөгінді қабатқа тән пішіндері де кездеседі.

Ең ірі және жер бедері мен құрылымы бойынша ең күрделі Сахара-Судан жазықтар мен үстірттер аймағы Атлас тауларынан Солтүстік-Гвинея қыратына және Азанде жотасына дейінгі платформаның солтүстігін алып жатыр. Бұл облыстағы ежелгі жыныстар үш жерде шығып жатыр. Батыста Рагибат қалқанындағы Карет-Йетти (500 м) кристалдық пенеплен жазықтарында, орталықта Ахаггар мен Тибести таулы қыраттарында, Ахаггардың оңтүстік сілемдерінде (Адрар-Ифорас және Аир үстірттері) жер бетіне солтүстік-батыс бағыттағы сырғымалармен көтерілген. Жарылымдармен жанартаулық жер бедерлері Ахаггардың фонолиттік шыңдары (Тахат тауы 3005м), Тибести таулы қыратының базальттық үстірттері мен сөнген жанартаулары (Эми-Кусси - 3415м) байланыстырылады. Эритрей кристалдық күмбезінің батыс қанаты Сахара шығысында Қызыл теңізі жағалауында тік құламалы жақпарлы Этбай жотасын түзеді. (ең биік нүктесі Эш-Шайиб – 2184 м).

Кристалдық жыныстардың көтерілген аймақтары жан-жағынан шөгінді жыныстар қабатымен қоршалған. Бұл шөгінділер жазықтар мен үстірттерді түзеді, ал ойпаттар аз таралған. Карет-Иетти жазықтарын Атлант маңы аккумуляциялық теңіз жазығы көмкеріп жатыр. Ойпат сызығы Ливия мен ОАР жағалауымен өтеді. Ол Африка платформасының жерортатеңіздік геосинклиналь облысына қарай төмендеген зонасын алып жатыр. ОАР-да моноклиндік құрылымдардағы экзогендік үрдістерден түзілген теңіз деңгейінен төмен жатқан бірнеше ойыс бар (Каттара-133м)

Атлас тауларының алдында орналасқан платформа алдыңғы иіні шығыста ғана, Сабес шығанағы маңында, Эр-Рир ойпаты жаңадан түзілген ойыспен сипатталады. Ойпаттың ең терең жерлері орасан зор сорлы жазықтар мұхит деңгейінен төмен жатыр (Шот Мельгир -30м). Атлас алды иіні тауалды үстірттерін құрайтын шөгінді қабаттардан түзілген.

Карет-Йетти кристалдық пенеплені Ахаггардан аласа Эль-Джоф жазығы мен баспалдақты Танезруфт үстірттерімен бөлінген. Эль-Джаф жазықтары Араван-Таудени синеклизасының көп бөлігін, ал Танезруфт үстірті Ахаггар мен Тибести беткейлерімен көтерілген моноклиндік шөгінді жыныстарда түзілген куэста қырқаларының (тассильдер) батыс бөлігін алып жатыр.

Ахаггардан солтүстік және солтүстік батысқа қарай Эр-Рир ойпатының үстінде бор әктастарынан тұратын үстірттер түзілген (Эль-Хамра хамадасы, Тангерт, Тадемайт үстірті) Эль-Хамра хамадасы мен Ливия-Египет синеклизасы жазықтары арасында сырғымалармен бұзылған Сахараның Ливиялық бөлігі жатыр. Ондағы мезозой мен үштік кезеңде көтерілген блоктар тұйық ойыстардың құм басқан аккумулияциялық жазықтарды қоршаған (Джебель-эс-Асвад базальтты үстірті). Ахаггар мен Тибестиден оңтүстікке қарай Аир кристалдық үстірті мен Эрди және Эннеди құмдық үстірті аралығында ең терең Боделе қазаншұңқыры бар Чад синеклизасының жазықтары жатыр.

Ливия-Египет синеклизасындағы континенттік және теңіздік мезозой мен үштік шөгінділерінен құралған құрылымдық-баспалдақты үстірттер солтүстікке қарай төмендейді. Олар Ніл шығысында құрғақ аңғарлармен тілімденген, ал Нілден батысқа қарай оазис ойпаттары тереңдей енген (Бахария, Фарафра). Ливия-Египет синеклизасы оңтүстігінде платформаның кристалдық негізінің аласа шығыңқы бөлігі - нубиялық құмдақтарын аралдық таулар түрінде сақтап қалған Дарфур мен Кордофан үстірттері шектейді. Бұл үстірттер батысы мен солтүстігінен Ақ Ніл ойпатын көмкеріп тұр.

Сахара-Судан құрылымдық-морфологиялық аймағында әр түрлі экзогендік үрдістер әсерін жер бедері дифференциясы анық көрінеді. Оның сотүстігінде, Сахарада физикалық үгілу процесі басым. Сахараның таулары, үстірттері мен жазықтарында үшкіртасты (хамадалар) және сазды (серирлер) шөлдер дамыған. Құмдар аумақтың 20 пайызын алып жатыр, ірі қырқалы құмдар шоғырлары құмды шөлдердің ерекше типіне жатады (эрг). Суданда жер бедерінің морфоқұрылымдық пішіндерін құруға физикалық үгілумен бірге әсері оңтүстікке қарай көбейіп жауын-шашын маусымына тәуелді эрозия да қатысады. Солтүстік Гвинея қыраты Фута-Джалллон таулы қыратында палеозой құмтастарымен көмкерілген ежелгі кристалдық фундаменттің шығыңқы бөлігі болып табылады. Ол шығанақ жағалауынан аккумуляциялық ойпатты жазықпен бөлінген. Жазықтан жоғары эрозиялық және тектоникалық кертпештер көтерілген (500м). Жарылымдар мен өзен аңғарлары қыратты жеке массивтерге бөлінеді. Олардың ең биігі Гвинея тауларында орналасқан (Лома тауы-1946м).

Конго ойпаты континенттік свиталардан құралған африкалық платформаның иінді ойысын алып жатыр. Жан-жағынан ежелгі кристалдық фундамент жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігі мен батысында бұл тегіс Азанде мен Лунда-Катанга үстірттері, ал батысында сырғымалармен жеке жақпарлы массивтерге бөлінген Оңтүстік Гвинея қыраты болып табылады. Ал шығысында сырғымалармен бұзылған Шығыс Африка таулы қыратының шеті көтеріледі.

Калахари ойпаты Конго ойпатына құрылымы мен морфологиясымен ұқсас, бірақ биік гипсометриялық деңгейде жатыр (900-1000м). Платформаның кристалдық негізін континенттік шөгінділер қабаты жауып жатыр. Қабаттардың жоғарғы свитасында дюналарға бөлінген және өсімдік жамылғысымен Калахари құмдары орналасқан.

Құмды жазықтардың шетін ежелгі кристалдық жыныстар, денудацияға ұшырамаған палеозой құмтастары, сазды әктастар мен тақтатастардан құралған үстірттер мен таулар алып жатыр. Оңтүстік-шығыстағы Дракон тауларында шөгінді жыныстарды базальт жамылғысы жауып жатыр. Тауларды сырғымалар бұзып, эрозия тілімдеген. Базальттармен қапталған шыңдар тегіс және биік болып сақталған (Каткин-Пик тауы - 3657м).

Үстірттер мен таулар батысы мен шығысында жағалау ойпаттарына және оңтүстігінде Үлкен Карру ойпатына тік құлама жасайды. Жер бетінде анық байқалатын тік жар Үлкен Кертпеш деп аталады. Оны беткейі эрозия мен физикалық үгілуден құрлыққа енген ірі флексура ретінде қарастырады.

Мадагаскар аралы Мазамбик бұғазының грабені арқылы Оңтүстік Америкадан бөлінген құрлық бөлігі. Аралдың шығысын базальт жамылған сырғыма-жақпарлы кристалдық таулардың бойлық белдеуі алып жатыр. Батысында құрылымды-баспалдақты үстірттер мен аккумуляциялық жағалау маңы орналасқан.

Қиыр оңтүстікке платформалық Африкаға құрылымы басқа герциндік қатпарлы-жақпарлы Кап таулары жатыр. Олар ұзақ пенепленденуге ұшырап, неоген аяғында қайта көтерілген. Тегіс шыңдары Африкалық платформаның шеткі қыраттарына ұқсас. Таулар Порт-Элизабеттен 190 ш.б. дейін біренеше параллель жоталармен ендік бағытта созылған, ал әрі қарай солтүстік бағытқа ауысады. Ең биік жері Кіші Звартберг жотасы (2324 м). Жоталар кең бойлық аңғарлар мен тар көлденең шатқалдармен бөлінген.

Африканың шығыс шетінің құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктері Абиссин таулы қыратынан Замбези өзеніне дейін жарық тектоника, вулканизм және жарықтар бойымен жеке жақпар тастардың дифференциалды қозғалысымен сипатталады.

Бұл аумақта екі құрылымдық-морфологиялық аймақты бөліп көрсетуге болады.

Абиссин таулы қыраты Эритрей антеклизасын көтерілімдері жарықтарына қосылған Сахара-Арабия плитасының бөлігі. Ол батысы, оңтүстігі, әсіресе шығысынан сырғымалармен қоршалған, ал оңтүстік-шығысында Сомали түбегінен Абиссин грабенімен бөлінген. Көп бөлігі тегіс баспалдақты таулар мен үстірттер түрінде шығып жатқан базальттармен жамылған (Рас-Дашан тауы - 1620 м).

Тік жарлы шығыс баурайына тектоникалық Афар ойпаты жалғасады. Сомали түбегін құрылымды-баспалдақты үстірттер мен аккумуляциялық жағалау маңы ойпаты алып жатыр.

Шығыс Африка таулы үстірті – пенепленденген беткейі тектоникалық жарылымдармен бөлінген 1000 метр биіктіктегі кристалдық блок. Жарылымдар сызығын терең сырғымалы қазаншұңқырлар алып жатыр, ал олардың жанында жанартаулық шыңдар (Килиманджаро, Кения, т.б.) мен горсты-жақпарлы таулар (Рувензори) тік көтеріледі. Жарықтар жүйесін пенепленденген беткейі аралдық таулармен жалғасқан граниттік батолит айналып өтеді. Жер бетінің жанартаулық пішіндері (базальтты үстірттер, жанартаулар) Рудольф көлінен 40о.е. дейінгі жарықтар бойында шоғырланған. Тар жағалау маңы ойпатына Шығыс Африка таулы қыраты баспалдақты-сырғымалы кертпеш түрінде құлайды. Одан жарықтар мен эрозиялық үрдістерстер қалдық таулар мен жоталарды бөлген (Улугуру тауы – 2651 м).

Пайдалы қазбалары. Африка дүниежүзіндегі ең бай кен орындарындағы әр түрлі пайдалы қазбалар кешеніне ие. Мұнай, тас көмір, қара және түсті металл рудалары (темір, марганец, мыс, цинк, қалайы, хромит) сирек металлдар мен уран рудалары, бокситтердің қорлары бар. Металл емес пайдалы қазбалар ішінде фосфорит пен графит қорлары бағалы болып табылады.

Рудалану үрдістері ежелгі қатпарлықтар кезеңінде – кембрийге дейінгі және палеозой басында жүрген. Ежелгі платформа іргетасы Экваторлық және Оңтүстік Африкада жер бетіне шығып жатқандықтан, маңызды кен орындары осында шоғырланған.

Ежелгі архей мен протерозой свиталарының метаморфтануымен ОАР-дағы мыс, Оңтүстік Родезиядағы хромит, Нигериядағы қалайы мен вольфрам, Ганедегі марганец, Мадагаскар аралындағы графит қорлары байланысты. Бірақ кембрийге дейінгі пайдалы қазбалардан, алтын маңызды орын алады. Африка капиталистік елдер арасында бұрыннан бері және тұрақты түрде алтын өндіруден бірінші орынды иеленіп келе жатқаны белгілі. Оның негізгі қорлары ОАР-дағы конгломераттар қабаттарында шоғырланған. Сонымен қатар, кеніштер алтынмен бірге платинаның бір бөлігі және ең бастысы, уран өндірумен бағалы. Оның өндірісі бойынша ОАР 1954-56 ж.ж. АҚШ-тан кейінгі 2-ші орында болды.

Кембрий дәуіріндегі кендену процестері полиметалл, түсті және сирек металлдар кендерінің шоғырлануына алып келді. Кембрийлік кендену облыстары арасында Катанга аймағынан (Конгоның оңтүстік-шығысында) Солтүстік және Оңтүстік Родезия арқылы Шығыс Африкаға созылған орталық африкалық мысты белдеу ерекшеленеді. Бұл белдеудің кен орындары эпигенетикалық және металл құрамы жоғары болып табылады. Мыс өндіруден Африка капиталистік елдер ішінде екінші орын алады. Мыспен қатар бұл зонада кобальт, қорғасын, қалайы мен вольфрам өндіріледі. Катангодағы Казоло-Шинколобве аймағында уранның жоғары құрамы (0, 3-0,5%) бар уран кендерінің маңызды кен орындары игеріледі.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)