АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 11 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Қазір қөл сулары өнеркәсіп қалдықтарымен, органикалық заттармен ластанған, сондықтан балықтарға қатерлі улы заттар шоғырланады.

Солтүстік Американың келесі бір ірі өзені Маккензи. Оның бастауы деп Канаданың Скалистый тауларынан басталатын Атабаска өзенін айтады. Ол аты ұқсас көлге құяды. Төменірек Атабаска өзені Невольничье деген атаумен Үлкен Невольничье көліне құяды. Өзеннің осы көлден төмен бөлігі белгілі американдық саяхатшы, әсіресе құрлықтың солтүстігін зерттеуге көп үлес қосқан, Маккензидің атымен аталады.

Маккензидің ұзындығы оның бастауынан Финлиге дейін 4250 км, ал Үлкен Еріксіздік көліне дейін 1600 км. Маккензи алабына Үлкен Аюлы көлі кіреді. Маккензи Бофорт теңізіне үлкен атырау жасап құяды. Оның жоғарғы ағысы мен салаларының су ағыны қарқынды. Сондықтан қоры мол энергия көзі ретінде пайдаланылады. Кеме жүзу Еріксіздік өзеніндегі Форт-Смиттен басталады. Қыс мезгілінде аз уақыт болса да кеме жүзу тоқтайды. Өзен суы қазаннан сәуір айына дейін қатып қалады, ал мұздан ажырауы мамыр айына сәйкес келеді. Мұздықтардың еруі өзеннің жоғарғы сағасынан басталатындықтан бүкіл ағысында көктем айларында мұз кептеліп тұрып қалады. Сондықтан, жағалау мен жағалаулық құрылыс объектілері бұзылады, өзен арнасындағы судың ағуына ағаштар мен кесек тастар кедергі келтіреді.

Шалғай орналасқан Канаданың солтүстігін оңтүстікпен жалғастыратын Маккензи маңызды су жолы. Осы өзен арқылы Медвежье көлінің жағалауынан Оңтүстік Канада мен АҚШ жағалауына пайдалы қазбалар тасымалданады.

Алясканың ірі, маңызы зор өзені – Юкон. Маккензи сияқты бұл өзенде Скалистый ьауларынан басталады да осы аттас қырат тың етегімен ағады. Юконның ұзындығы – 3700 км, алабының ауданы – 885 мың км2. Өзен, негізінде, қардың еріген суымен қоректенеді. Суының ең көп шығыны шілде айына сәйкес келеді. Өзен алабында жауын-шашын аз түсетіндіктен, кейіннен өзен суының деңгейі төмендейді. Маккензия тәрізді Юконды да жарты жыл бойы мұз басып жаьады. Кеме жүзуге өзеннің ортаңғы ағысындағы баспалдақтар кедергі келтіреді. Тұрғылықты халық үшін Юкон өзенінің балықтарының маңызы зор.

Солтүстік Американың оңтүстігінде өзендер аз кездеседі. Тек бұл түрге Колорадо өзені жатпайды. Өзен АҚШ-тың солтүстік-батысы арқылы ағып Мексика территориясындағы Калифорния шығанағына құяды. Колорадо бастауын Скалистый тауларынан алады. Өзен арнасының көп бөлігі шөл және шөлейт белдемдерінде орналасқан. Сонымен, Колорадоның негізгі қоректендіру көзі – жауын мен қар. Су шығынының ең жоғарғы шамасы шілде айында. Орташа шығыны оның ортаңғы ағысында секундына 508 м3. Негізгі өзен мен оның тармақтары қатты заттарды мол тасымалдайды, суы лайлы. Колорадо «боялған» деген атауды, алғаш рет оның сағасын, оның суының түсінің қызғылт түсін көрген испандықтар берген. Қатты материалдардың көптігі (саз, құм мен тас) соншалықты кейбір Колорадоның салаларының суы сел құрайды. Осының салдарынан атырауы үнемі артып келеді. Бұрыңғы даму тарихында, Колорадо өзенінің суы, оның қазіргі аймағынан сәл де болса солтүстікке құйса керек. Оның дәлелі солтүстікке таман орналасқан ойпат ағын үйінділерінен тұрады. Колорадо өзені өз арнасын жиі өзгертіп тұрады. Сөйтіп төменгі ағысында теңіз деңгейінен төмен орналасқан бөліктерді су басып жатады. Өзен орталық ағысында, Колорадо платосын кесіп өткенде көптеген каньондар (шатқалдар) жүйесін құрайды. Олардың дүние жүзіндегі ең ірісі – Үлкен Каньон. Төменгі және ортаңғы ағысында ірі су тораптары салынған – Гувер, Глен-Каньон-Дам т.б. Колорадо мен оның салаларының суын халық шаруашылығының әртүрлі саласында: егін суару мен ірі қалаларды сумен қамтамасыз етуде, жиі пайдаланытатындықтан су шығыны негізгі өзен сағасында секундына 5 м3- ге дейін төмендейді. Колорадоның транспорттық та маңызы зор.

 

Солтүстік Америка материгін физикалық географиялық аудандастыру және аймақтарына сипаттама.

 

Солтүстік Америка материгі жер бедеріне қарай екі субконтинентке (шығыс және батыс – Кордильер) бөле отырып, төмендегідей физико- географиялық аймақтарға бөлінеді.

Батыс немесе Кордильер субконтиненті: Альяска Кордильері, Канада Кордильері, Оңтүстік Кордильер және Мексика тау жүйесі.

Шығыс субконтиненті: Гренландия, Канада арктикалық архиппелагы, Лаврентия таулы қыраты, Ұлы жазық, Орталық жазық, Аппалач тауы мен Аппалач маңы аймақтары, Жағалық жазық аймақтары.

 

Батыс немесе Кордильер субконтиненті

 

Солтүстік Американың Альяскадан Мексикаға дейінгі батыс жақ шет аймағын орасан зор Кордильер тау жүйесі алып жатыр.

Кордильер тауы құрылымы мен орографиясының жалпы ерекшеліктерін өзінің бүкіл өн бойында сақтап қалған. Биік жоталардың батыстағы жүйесі ауа ағынының мұхиттық жүйесінің жолында кесе көлденең жатыр. Сондықтан да мұхиттың шығысқа тигізетін әсерін бірден әлсіретеді. Кордильер климатының бұл ерекшелігі тау жүйесінің бүкіл өн бойында түгел сақталған. Ол ерекшелік түрлі орографиялық себептерге байланысты, сондай ақ тау жүйесінің топырақ өсімдікжамылғысынан, биік аймақтардың өзіндік өзгешеліктерінен, қазіргі мәңгі мұз қабаттарының дамуынан айқын аңғарылады.Дегенмен де, осы бір ортақ заңдылық аймақтық жағдайлардың өзгеруіне байланысты әртүрлі ендікте әртүрлі байқалады, сондықтан да Кордильер тауын мына төмендегідей физикогеографиялық аймақтарға бөлуге болады:

1. Альяска Кордильері

2. Канада Кордильері

3. Оңтүстік Кордильер

4. Мексика тау жүйесі

5. Орталық Америка

 

Альяска Кордильері

Аталмыш аймақтың жер бедерінен бүкіл Кордильер тау жүйесіне тән белгілер айқын байқалады: ішкі үстірттер мен жалпақ тау қыраттарының кең алқабын екі жақтан неғұрлым биік тау жоталары жиектеп отырады. Ең биік тау жоталары Тынық мұхит жағалауларында. Тынық мұхит жағалауындағы тау жоталарының алқабы орогенездің невадий және тынық мұхиттық кезеңдер сатысында пайда болған. Оның осы заманғы жер бедерінің қалыптасуында жердің үстіңгі қабатының таяу заманда болған тік қозғалысы үлкен роль атқарады, бұл қозғалыс салдарынан кейбір учаскелер жоғары көтерілді де, кейбір учаскелер бөлшектеніп, төмен ойысты.

Сонымен қатар бұл аймақта вулканизм процесі де орын алады. Алеут аралдары бөлшектенген және ішінара су астына кеткен тау доғасы болып табылады, оларда атқылап тұрған жанартаудың саны 25-ке жетеді. Осы аралдардың жалғасы – Алеут жотасы болып табылады. Ол Аляска түбегінің басым көпшілігін алып жатыр және Кенай түбегіне қарай созыла түседі. Материктің солтүстігіне қарай Аляска жотасы көтеріледі, ол Тынық мұхит пен Беринг теңізі аралығындағы суайырығын жасайды. Мұндағы Мак-Кинли шыңының биіктігі 6193метрге жетеді, яғни бұл Солтүстік Америкадағы ең биік шың. Оның оңтүстік-шығыс шетіне таман жерде биіктігі 5000м-ге жуық Врангель тауы жатыр, ол кайнозой дәуірінде орасан зор вулканды алқап болған, бұл тауды қазір түгелдей дерлік мәңгі мұздар мен қар басып жатады.

Кенай түбегіндегі таулардың орографиялық жалғасы болып биіктігі 4000м-ге жететін Чугач тауын айтуға болады, оны Коппер өзенінің терең аңғары кесіп өтеді. Одан оңтүстікке қарай едәуір жерде Әулие Илиа тауы жатыр. Оның ең биік шыңы – Логан (6050 м.)

Сөз болып отырған осы тау жоталар алқабында сөнген әлі атқылап тұрған жанартаулар көп. Соның бірі Аляска түбегіндегі Катмаи жанартауын айтуға болады. Тынық мұхит тау жоталарының солтүстігі мен шығысына қарай орталық алқапта Юкон үстірті жатыр, оны Юкон өзені кесіп өтеді. Үстірттің ені 300 км, ал биіктігі шығыс жағында 1500 м-ден асады, ал батысында биіктігі төмендей келе Сьюард түбегіне жеткенде 1000-800 метрге дейін аласарады да жағалау ойпатына ұласады. Беринг бұғазы мен Беринг теңіз жағалаулары ойпатты, құмайтты келіп, теңіз тұнбалары мен аллювиальды жыныстардан түзілген.

Юкон үстіртінің үстінгі қабатын кембрийге дейінгі дәуірден бері қарай басталатын түрлі кезеңдердегі тұнбалардың қатпарлары құрайды. Сонымен бірге өзендер қуалап ағатын кең алқапты ойпаңдар көп кездеседі де, олар шағын көлдері көп аллювиальды жазықтарға айналады. Мұндай ойпаңдар Юкон өзенінің өн бойында, яғни Поркьюпайн, Танана және Коюкук сияқты салалары құятын жерлерде, сондай-ақ Кускоквим шығанағына құятын Кускоквим өзенінің ағысы бойында кездеседі. Орасан зор жазық ойпаңдар Беринг теңіз жағасында, Юкон мен Кускоквим өзендерінің төменгі ағысының екі аралығында да кездеседі

Юкон үстіртін солтүстігі мен шығысынан биік ішкі тау тізбектері қоршап тұр. Солтүстігінде аз зерттелген Брукс таулары ендік бойымен созылып жатыр. Ол таудың шығыс бөлігінің биіктігі 2800 м-ге дейін жетеді де, батысқа қарай аласарып шағын дөңестерге ұласады. Бұл тауды жіңішке аңғарлар кесе-көлденең тілімдеп жатыр және ол аязды суық жерлердің әсерінен бұзылған тау жыныстарының үйінділеріне толы. Солтүстікте бұл таудың етегінде Арктика үстірті жатыр, ол бірнеше өзендермен тілімденіп үстірттің келесі жағы теңіз жағасының кең жазығына ұласып, көптеген ұсақ көлдерден тұрады

Брукс тауының шығысына қарай тау жоталары өзінің ендік бағытын өзгертіп, оңтүстік шығысқа бет бұрады. Аймақтың солтүстік шығысы мен шығыс шетінде Ричардсон тауы және Маккензи тау жүйесі жатыр. Маккензи тауының биіктігі 2500 м-ге дейін жететін өткір жалды жоталардан тұрады, оның беткейлері қатты тілімденген.

Аляска мен Канаданың солтүстік батыс бөлігінің жер қойнауында түрлі пайдалы қазба байлықтар: алтын, күміс,мыс және басқа да түсті металдардың қорына бай. Мезозой дәуіріндегі тұнба қалдықтар қабатында көмір қоры, Кенай түбегі мен Арктика үстіртінде соңғы кезде тұнбалардан пайда болған қабаттарында мұнайдың мол қоры бар.

Алясканың климаты жағалауларынан бастап материктің ішкі қойнауына енген сайын өзгере түседі. Алеут аралдары мен Аляска түбегі Тынық мұхиттан соғатын ауа ағынының ықпалында болады, яғни теңіздің ылғалды климаты сақталады. Дегенмен Еуропадағы осы ендікке сәйкес жатқан аудандармен салыстырғанда Солтүстік Американың климаты әлдеқайда қатал келеді. Қысқы ортташа температура 00С деңгейінде болса оңтүстікте сәл жоғарылайды. Шілде айының орташа температурасы оңтүстігінде +12+140C, ал Алеут аралдары мен Аляска түбегінде +100C-дан төмен. Бүкіл жағалауда және таудың Тынық мұхитқа қараған беткейінде 1000 мм-ден - 3000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі, оның мөлшері кейбір аудандарда, мысалы, Әулие Илиа тау жүйесінің жағалауында 4000 мм-ге дейін жетіп ішкі аудандарында жауын-шашынның мөлшері біршама азаяды. Жауын-шашын мол түсетін мезгілі күз бен көктем айларына сәйкес келеді.

Климаттың салыстырмалы түрдегі жұмсақтығы теңіз деңгейінен сәл жоғары жатқан территорияға ғана тән. Бірнеше жүз метр биіктікке көтерілгеннен кейін-ақ температура негізінен суытып, жауын-шашын қар түріне айналады. Мұның өзі мәңгі мұздардың қалыңдай түсуіне қолайлы жағдай жасайды. Әсіресе Кордильер тауының Тынық мұхитқа қараған жағындағы мұздықтар көлемі орасан зор болады.

Ішкі аудандарлдың климаты жағалауға қарағанда едәуір қатал да құрғақ болып келеді, оны Солтүстік-Шығыс Сібірдің қатал континентті климаты мен салыстыруға болады. Бұл аймақтағы маңызды климаттық шекара Аляска жотасы болып табылады. Ол Тынық мұхиттан соғатын ауа ағынына тосқауыл жасап материктің ішкі бөлігіне енуіне мүмкіндік тудырмайды. Жотаның солтүстігіне қарай қыс әрі суық, әрі құрғақ болып келеді де ең төменгі температура -40-500С- ға дейін барады, ал орташа температура -16-300С шамасында болады. Жазғы орташа температура салыстырмалы түрде алғанда онша жоғары емес, яғни +10+160 аралықта болса, күндізгі температура 300C-ға дейін көтеріледі. Жауын-шашын жылдық мөлшері 350 мм-ден аспайды.

Климат жағдайларының өзгеруіне байланысты топырақ-өсімдік жамылғысы да өзгеріп отырады.

Тынық мұхит жағалау алқабы мен тау беткейлерінің төменгі етегін Ситхин шыршасы, Хемлок және де басқа түрлі ағаштар өсетін қылқан жапырақты орманда алып жатыр. Алеут аралдары мен Кенай түбегіеде ормандар көк шалғынға айнала бастайды, өйткені мұнда ағаштың еркін өсуіне күшті желдер кедергі болады. 1000-1500 м биіктіктегі тау беткейлерінде тау тундрасы етек алып, ағаш өсімдіктері кездеспейді. Аймақтың бүкіл солтүстік бөлігін ормансыз брукс тауынан бастап Бофорт теңізінің жағалауына дейінгі аралықта жазықтағы және таудағы тундра өсімдігінің қалың жамылғысы жауып жатыр. Маккензи тауы беткейлерінде шыршалы ормандар 1200-1600 м.биіктікке дейін өседі.

Аймақта тайга мен тунраға тән жануарлар кездеседі, олардың біразы Солтүстік Американың басқа бөліктерінде болмайды. Мысалы жалбыр жүндес қар ешкісін алайық. Ол қыста да жазда да аппақ қардай түсін өзгертпейді. Сондай-ақ Сібірде ғана кездесетін қар қойы да ұшырасады. Олар орманда өсетін деңгейден жоғары жерде тіршілік етеді, тау тундрасының жұтаң өсімдіктерін қорек етеді.

Канада Кордильері

Бұл аймақ Кордильерінің Әулие Илья мен Маккензи тауынан оңтүстікке қарай бөлігін қамтиды. Батысында ол Тынық мұхит жағалауынан бойлай отырып Ванкувер аралын қамтиды, ал оңтүстік шекарасы Үлкен Бассейінің солтүстік шет аймағы бойынша өтеді.

Кордильердің бұл бөлігіндегі ландшафтың ерекшеліктері аймақтың қоңыржай белдеуде жатқанына, Тынық мұхит тау жоталарының күшті тілімденіп кеткеніне және Альска Кордильерімен салыстырғанда таудың едәуір аласа екендігіне байланысты болады.

Бұл аймақтағы тау жоталарының жүйесі кезінде қатты қирап,өзгеріске ұшыраған болатын. Сондықтан оның қазіргі жер бедері материктің жиегіне жақын жатқан аралдар тізбегі (Александр архипелагы, Королева Шарлотта аралдары,Ванкувер аралы және т.б)түрінде көрінеді. Бұл аралдардың аласа таулары Аралдағы тау тізбегі деген жалпы атауға ие болған. Бұл тізбектің ең биік жері – Ванкувер аралығындағы Виктория шыңы (2200м). Кордильердің бұл бөлігіндегі жағалау жотасы Невада аймағына жатады және ол тұтас дерлік гранит тастардан тұрады

Аралдардың да материктердің де жағалау жиектері құрлықтардың таядауда ғана интенсивті ксерофитті бейнеде болады. Онда сары қарағай,дугласия сияқты ағаштар өседі, шамамен 530 с.е-тен солтүстікке қарай күлгін топырақты болып келеді де, ал орманды дала аймағында орманды сұр топырақтар басым.

Канада тауының көрікті және биологиялық тұрғыдан алған қызықты учаскелер мемлекеттік қорыққа айналған.(Джаспер,Банф, Маунт-Робсон т.б. ұлттық парктер).Америка Құрама Штаттарының шеңберінде Жағалау жотасы деген атқа Аралдағы тау тізбегінің тектоникалық және орографиялық жалғасы болып табылатын тау жоталары ие болады.

Уилламент ойпатының шығысында Каскад таулары жатыр. Бұл таулар Канададағы Жағалау жоталарының жалғасы болып табылады, бірақ олардан әлдеқайда биік келеді. Шөгінді жыныстардан және кейінгі жас лавалардан құралған бұл үстірт тектес жоталар жүйесін терең аңғарлар ұзына бойына кесіп жатады. Бұл жүйенің ең биік шыңдары шамалы бұзылған стратовулкандар. Олардың ішіндегі ең биіктері - Рейнир тауы (4392м) мен Шаста тауы (4317м), оларды мұздық басып жатыр. Оңтүстікте Жағалау жоталары мен Каскад тауларына Климат тауы жалғасады және оларды бір-бірімен қосып жатады.

Тынық мұхит жоталарының жүйесі шығыста геологиялық құрамының жалпы ерекшеліктері біркелкі болатын ішкі үстірттер және таулар алқабымен шектеседі. Канада жерінде Стикин тауы, Нечако және Фрейзер үстірттері, Америка Құрама Штаттары жерінде Колумбия үстірті ерекше көзге түседі. Ол таулар мен үстірттердің биіктігі 800-1500м аралығында. Олардың құрылысындағы ең басты ерекшелік - қалыңдығы бірнеше жүз метрге жететін лава жамылғысының болуы. Ол лавалар вулканизмнің бірнеше кезеңі барысында қабаттала берді, олардың қалың қабаттары бірін-бірі жауып, өздерінен төменгі қатпарлы негізді бүркеп жатыр. Колумбия үстіртінің кей жерлерінде лава үйінділерінің қалыңдығы 1200м-ге жетеді.

Оңтүстік Кордильер

Кордильердің бұл бөлігінің табиғи жағдайлары оның субторпиктік ендіктерде жатуына, құрылымы мен орографиялық ерекшелікттеріне және Тынық мұхит антициклонының шеті тигізетін әсеріне байланысты қалыптасады.
Батысында биіктігі орташа Жағалау жотасының алқабы бой көтереді. Оның биіктігі 1600-2000 м-ге жетеді. Жағалау алқабы неоген дәуірінде түгелдей дерлік тектоникалық қозғалыс құбылысында душар болған. Соның қалдырған белгілері ретінде осы уақытқа дейін ұдайы жер асты дүмпулері, жер сілкіну болып тұрады.

Жағалау жоталарының шығысыена қарай Калифорния ойпаң алқабын шығыс жағынан Сьерра-Невада тау жоталары қоршап жатыр. Тау сілемдерін терең эрозиялық жыралар мен мұздық аңғарлар кесе-көлденең тіліп өтеді. Оның ең биік шыңы – Уитни тауы (4418 м)

Уилламет ойпатының шығысында Каскада таулары жатыр. Бұл Канадағы Жағалау жоталарының жалғасы болып табылады,бірақ олардан әлдеқайда биік болып келеді. Ол шөгінді жыныс пен және жас лавалардан құрылған таулар. Олардың ішіндегі ең биіктері – Рейнер тау (4392 мен) Шаста тауы (4319 м) оларды мұздық басып жатыр.

Сьерра-Невада тау сілемдері мен Жартасты таулардың екі аралығында – Үлкен Бассейн жатыр. Оның үстіңгі қабатының биіктігі орта есеппен алғанда 1500 метрге жетеді, ал биік Уиллер шыңының биіктігі- 3982 м. Жоталардың арасында терең ойпаттар жатыр, солардың бірі Өлім аңғары табаны 85 м тереңдікте жатыр.

Қазіргі өте құрғақ континенттік климат жағдайында таулы үстірті алқабында тау жыныстары желдің күшімен үгіліп, интенсивті түрде бұзылуда. Мұндай бұзылу кезінде опырылып түскен тау жыныстары тұрақты ағын судың жоқтығынан сол Үлкен Бассейннің өз қойнауында қалып қояды.

Оңтүстік шығыста Үлкен бассейнге биіктігі 2000 м-ден астам шыңдары бар Колорадо үстірті келіп тіреледі. Ол негізігі кристалданған тау жыныстарынан тұрады. Ол жыныстар төменгі палеозойдан бастап антропоген дәуіріне дейнгі кезеңдегі горизантальды шөгінді қабаттардан түзілген. Ал оның фундаментін кембрийге дейінгі дәуірде пайда болған метаморфоздалған және кристалл жыныстар құрайды, ал осы фундаменттің үстін төменгі палезойдан анторпогенге дейінгі кезде пайда болған тұнба жыныстардың горизаньальды қабаттары жауып жатыр. Ал фундаменттен төменгі кембрийге дейінгі дәуірде төмен түсіп, үсті қуатты тұнба қабатпен жабылған орталық алап жатыр.

Неоген дәуірінде бүкіл үстірт вулканизм әсерімен өзінің бейнесін елеулі түрде өзгерткен. Мұның өзі үстірттің үстіңгі қабатының бөлшектенуіне, сөйтіп үлкен қазан шұңқырлар мен биік үстірттердің пайда болуына соқтырды, олардың арасында жекелеген вулкан шоқылары ерекшеленіп тұрады.

Колорадо мен Үлкен Бассейн үстіртінің қазіргі жер бедерінің қалыптасуында тау жынысын желдің мүжіліп үгітіу процесі мен жел жұмысының рөлі зор. Соның нәтижесінде бұл шөлді аймақта мүжіліп қираған тау жыныстарының орсан зор үйінділері мен жер бедерінің таң қаларлықтай құбылыстар пайда болған, яғни ақ,қызыл,қызғылт-сары,сары түсті тау жыныстары көпірлер,қақпа,үңгір сияқты толып жатқан көріністер тұтас бір комплекске айналған.

Оңтүстікте батыста Колорадо үстіртіне құм мен қыйыршық тас басып жатқан шөлейттер келіп тіреледі. Олар Мохаве, және хила шөлейттері. Мохаве шөлейтінің шеңберінде Калифорния шығанағының солтүстігіне таман Империя алқабы деп аталатын терең ойпат бар. оның табаны мұхит деңгейінен 72 м төмен жатыр.

Шығыста бұл аймақ Жарасты тау жүйесіне барып тіреледі, оның құрылымы солтүстік бөлігіндегі барып тіреледі, оның құрылымы солтүстік бөлігіндегі тау құрылымынан мүлде өзгеше болады. Яғни оңтүстік бөлігі байырғы платформасының шет аймағында күшейе түскен құбылыстар нәтижесінде пайда болған эпиплатформалы тау жүйесінің нағыз өзі болып табылады. Оның орталық аймақтары кристалл тау жыныстарынан,ал шеткі бөліктері тұнба жыныстардан тұрады. Олардың ішіндегі ең елеулері –Алдыңғы,Ларами,Сонгре-де-Кристо сияқты жоталар,ең биік тау Эльберт тауы-оның биіктігі 4399 м.

Климаты. Бұл аймақтың климаты құрғақ келеді, жауын-шашын тек қиыр батыс пен Жартасты таулардың шығыс жақ беткейінде ғана мол болады. климат жағдайларының өзгерісі солтүстіктен оңтүстікке қарай өткендегіге қарағанда батыстан шығысқа қарай өткенде күштірек байқалады. Аймақтың батыс жақ шетінің климаты ұқсайды. Бірақ мұндағы жер бедерінің өзгешеліктері мен суық Калифорния ағасының әсері аймақтың климатын Еуропада жатқан Жерорта теңізінің климатынан өзгешелеу етеді.

Жауын-шашын негізінен қысқы кезде түседі. Жағалаудағы алқаптың солтүстік бөлігіне 2000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі де,оңтүстікте Лос-Анджелес маңында, жауын-шашынның жылдық мөлшері 400мм-ге дейін кемиді. Сол сияқты көрініс Калифорния аңғарында да байқалады, яғни солтүстікте 750-1000 мм түссе оңтүстігінде 2000мм ге жетті,бірақ мұндағы жауын-шашын мөлшері жағалау алқабындағы қарағанда жалпы кеми түседі


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)