АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 8 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Үнді-Ганг ойпаты қазіргі кездегі ландшафт құрушы факторларына қарай екі физико-географиялық облысқа бөлінеді: Үнді, Ганг ойпаттары және Тар шөлі.

Үндістан түбегіне Батыс және Шығыс Гаты таулары, Декан таулы үстірті және Цейлон аралы кіреді. Физико-географиялық аудан болып Майсор таулы үстірті, Чхота-Нагпур таулы үстірті, Нилгир, Ангималай, Кардамонов, Шығыс-Гат, Таулы-Малабар, Құмды-Коромандель, Солтүстік-жазықты Цейлон, Оңтүстік-Цейлон жатады.Үндістан территориясының үлкен бөлігі жер бетіне шығып жатқан кейінгі қозғалыстармен ыдыраған және эрозиямен тілімделген пенепленденген үстірт түзеді. Өзен аңғарлары үстіртті беткейлері тік, жиі сатылы және беті белесті келетін жекелеген учаскелерді бөліп тұрады. Шығыста ежелгі тектоникалық депрессияларда тас көмірдің аса бай қоры бар, жасы пермь карбоннан бор дәуіріне дейінгі Гондван Сериясы деп аталатын континенттік және лагуналық шөгінділердің қалың қабаттары жатыр. Үндістанның солтүстік батыс бөлігін мезозойдың аяғы мен кацнозойдың басында шығып төгілген базальттық қабаттар жапқан. Бұл лавалар тік кемерлермен шектелетін төрткүл үстірттер түзеп, үлкен кеңістікте таралып жатыр.

Үндістанның климаты құрғақтау, бірақ төменгі Үнді бассейніне қарағанда ылғалды болып келеді. Облыстың барлық аймақтарына дерлік оңтүстік батыс муссонның әсеріне байланысты жазғы максимум айқын көрінеді. Түбектің батысында жауын-шашынның мөлшері 2500мм-ге, ал шығысы мен солтүстік шығысында 1000-1300мм-ге жетеді. Ең құрғақ климат, Үндістанның оңтүстік батыс және оңтүстік шығыс муссондарынан Батыс және Шығыс Гат тауларымен қоршалып жатқан ішкі аудандарына тән. Бұл аймаққа бүкіл жыл бойы жоғары температура тән. Ең ыстық күндер ылғалды муссон басталар алдында болады. ол кезде орташа температура +32°С болады. Сонымен бірге температураның +40°С және одан да жоғары көтерілуі байқалады.

Оңтүстік Шығыс Азия табиғатының негізгі ерекшелігіне географиялық жағдайының ауқымдылығы, жер бедерінің қатты тілімденуі, ендік зоналылығының шамалы айқындалуы, биіктік белдеу ландшафттарының болуы, биік таулы белдеудің (нивальды және альпілік шалғынды) болмауы жатады. Бұл аймаққа Үндіқытай түбегі мен Малай архипелагы кіреді.

Үндіқытай түбегінің морфоқұрылымы бес зонадан (орта докембрия; герциндік; меридиан бағытта созылуы; Малакка түбегінің яншань, субмеридианды бағытта орналасуы; Тонкин-Аннам таулы зонасы; батыс, жас, Гималай типті, таулы, сейсмикалық) құралады

Ландшафт түзуші табиғат кешендерін сипаттау негізгі екі фактормен анықталады: тауаралық ойысы бар меридиан бағытында созылып жатқан қатты тілімденген орта биіктікті таулы жер бедері және субэкваторлы және экваторлы ауа ағымдарының басым жағдайында қалыптасқан пассатты-муссондық циркуляция. Осыған байланысты ландшафттардың кеңістік дифференциациясы күрделеніп, біресе шоғырланып, біресе меридиан бағыт түзеді. Табиғат кешендері: биотасы әлсіз айқындалу жағдайында дамиды немесе зоналы-ендік заңдылықтарының болмауымен сипатталады. Табиғат кешендерінің алуан түрлілігі - оңтүстік-батыс муссонды және солтүстік-шығыс пассаттары мен жауын-шашынның түсу режимі және мөлшеріне байланысты.

Оңтүстік-Шығыс Азияның батыс бөлігі шығысына қарағанда ылғалды. Сондықтан да, Батыс-Бирманның жел жақ беткейі, Аннам, Кардаманов және басқа да таулары жақсы ылғалданған (жылына 2000 мм), ландшафттарында мәңгі жасыл, муссонды және күлгінденген латериттерде өсетін эпифиттер мен лиан өсімдіктеріне бай субэкваторлы ормандар дамыған. Жел жақ беткейлерінің ылғалдылығы аз (жылына 1000-1500 мм), қызғылт топырақта өсетін қарағай мен еменді ормандар қалыптасқан.

Үндіқытай түбегінің орталық бөлігінде саванналы ландшафттың қалыптасуы. Ең құрғақ өңірлерінде жылына 500-ден 700 мм дейін жауын-шашын мөлшері түседі (Корат қазан шұңқыры, қыратты Шань ойысы және т.б.). Бұл өңірдің табиғат кешендері қызыл-құба топырақтан тұратын шөлейттенген саванналар. Камбоджы, Меконг-Менам жазықтарының біршама ылғалды территорияларының (жылына 800 мм-ге жуық) табиғат кешендері қызғылт топырақтағы муссонды-сирек бұталы ормандардан тұратын ылғалды саванна өңірін құрайды. Муссонды мәңгі жасыл субэкваторлық ормандардан тұратын әдетте, табиғат кешендері қызғылт топырақта қалыптасқан қарағайлы орманға ауысатын тау беткейлерінде дамиды. Мұндай ландшафттарда Үндіқытай түбегінің ішкі қатпарлы-жақпарлы таулары мен тау қыраттарында қалыптасқан.

Оңтүстік-Шығыс Азия ландшафттарының континентальды және аралды ландшафттарға бөлінуі географиялық орнына байланысты. Аралды ландшафттардың орны және олардың экваторлық белдеу бойында таралуы ландшафттардың биотикалық факторда қалыптасуын анықтайды.

Иравади, Меконг, Менам, Сонг-кой өзендер бассейндерінің ауқымды территорияларындағы құнарлы аллювиальды жазықтарда ландшафттар дифференциациясының антропогендік факторлары басты роль атқарады. Қазіргі кезде бұл аймақта табиғат кешендерінің жеке тоғайлармен және банан, апельсин, кофе, гевеи плантацияларынан тұратын табиғат кешендерінің антропогендік саванналары дамыған.

Ландшафттардың антропогендік модификациясы террасты тау беткейлерінде жиі орын алады. Осы себептерге байланысты биота мен геома элементтерінің өзгеруінен климат жағдайы да өзгереді. Соңғы жылдары нөсерлі-тайфунды және басқа да апат түрлері ұлғаюда.

Үлкен және Кіші Зонд, Молук және Филиппин аралдарынан тұратын Малай архипелагының ландшафттары муссонды циркуляцияның экваторлық бойы жағдайында дамиды. Жауын-шашын конвективті, циклонды және өтпелі орографиялық түрінде түседі. Жауын-шашын түсу мөлшері жазық өңірде жылына 2000 мм-ден, ал таулы аймақтарда жылына 5000 мм-ге дейін түрленіп отырады. 1500 м биіктікке дейін өсімдіктердің гилейлі түрі басым болса, ал құрғақ өңір мен қазан шұңқырларда муссонды жапырақты ормандар мен саванналар кездеседі.

Үндіқытай түбегі бес морфоқұрылымдық зона мен бес физико-географиялық облыстардан (Рябчиков А.М., 1989) құрылып, аймақтық және провинциялық ішкі ерекшеліктеріне қарай біз оны мынадай физико-географиялық аудандарға бөлеміз:

1. Батыс-Бирман тауы (Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс);

2. Иравади өзіні аңғары (Орталық-Паккий, шеткі-тауалды);

3. Шань таулы өлке және Орталық Кордильерлер (Кордильерлік Шань таулы өлкесі, Орталық қазаншұңқыры);

4. Вьетнам таулары (Солтүстік-Вьетнам, Оңтүстік Вьетнам);

5. Камбоджы мен Таиландтың үстірті мен ойпаттары (Корат, Меконг, Менам).

Малай архипелагы келесі физико-географиялық облыстар мен аудандардан тұрады: 1) Үлкен Зонд аралдары (Суматра, Ява, Калимантан, Сулавеси); 2) Кіші Зонд аралдары; 3) Молук аралдары: 4) Филиппин аралдары; 5) Малакка түбектері.

 

Солтүстік Америка материгі табиғатының қалыптасу ерекшеліктері. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Солтүстік Америка жағалауын үш мұхит шайып жатыр: Атлант, Солтүстік Мұзды мұхит және Тынық мұхиттары. Жағалаулық теңіздер Солтүстік Американың солтүстік және шығыс жағалауларын күшті, ал батыс жағалауын әлсіз тілімдеген.

Атлант мұхиты Солтүстік Америка жағалауында құрлыққа терең еніп жатқан теңіздер мен шығанақтар құрайды. Олардың біреулері құрлықтық қайраңда, ал келесілері терең қазаншұңқырлар құрайды. Құрлықтық қайраңның ені кең аймағы Флорида түбегі мен Баффин Жері арасындағы жағалауға сәйкес келеді. Осы аралықта Әулие Лаврентия мен Гудзон шығанақтары толығымен орналасқан. Флорида түбегі мен Ньюфаундлендтің арасындағы құрлықтық платформа, салыстырмалы түрде, соңғы уақытта ғана су түбіне шөккен. Сондықтан оның беткі қабатында құрлықтық рельеф пішінінің жас іздері кездеседі: кең өзен аңғарлары мен қыратты рельеф пішіндері.

Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс жағалауында бір-бірінен екі терең теңіз алаптары бөлініп жатыр: Флорида, Юкатан түбектері мен аралдармен мұхит суынан оқшауланған Мексика шығанағы. Ойпаттың қазан-шұңқыры мезозой эрасында пайда болған, терңдігі 4000 метрден көп. Ал неоген кезеңінде мұхиттан Антиль арал тізбектері арқылы бөлініп жатқан Кариб теңізі. Теңіз шекарасындағы тереңдік 7000 метрден аспайды; арал тізбектерінің келесі жағалауында тереңдігі 9000 метрге жуық Атлант мұхитында Пуэрто-Рико науасы орналасқан.

Құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында дүние жүзіндегі ең ірі жылы ағыс пайда болады. Солтүстік Пассат ағыны Кариб теңізі мен Юкатан бұғазы арқылы Мексика шығанағына еніп, мұхитпен салыстырғанда судың деңгейін көтереді. Мексика шығанағынан шыққан ағын Куба жағалауын айналып өтіп Флорида бұғазынан Гольфстрим ағысы деген атпен мұхитқа шығады. Дүние жүзілік мұхитта шамамен 300с.е. пен 790 б.б. Антиль ағысымен қосылып кетеді.Гольфстрим 360 солтүстік ендікпен құрлықтық қайраңды жағалай өтеді. Гольфстрим Хаттерас мүйісі маңында, Жердің өз білгіінен айналуына байланысты, шығысқа бұрылады. Ньюфаундленд қайраңының (банка) шығыс жағалауын кесіп өтіп Солтүстік Атлант ағысы деген атаумен Еуропа жағалауына жылжиды. Флорида бұғазынан шыққанда Гольфстрим ағысынң ені 75 км-ге, тереңдігі – 700 метрге, ал жылдамдығы сағатына 6 км-ден 10 км-ге жетеді. Судың жылдық орташа температурасы –260С-қа тең. Хаттерас мүйісіне жақын маңда ағыстың ені үш есе артады, ал шығыны секундына 82 млн м3, яғни Жер беті ағындарының шығынынан 60 есе артық.

Ньюфаундленд аралдарының маңында Гольфстрим ағысына қарама-қарсы суық Лабрадор ағысы жылжиды. Сөйтіп жылы ағысты құрлық жағалауына ығыстырады. Қыста оның суы Гольфстрим ағысына қарағанда 5-80 суықтау болады да «суық қабырға» деп аталатын шекара құрады. Бүкіл жыл бойы Лабрадор ағысының беткі қабатындағы судың температурасы –100С-тан аспайды. 430 солтүстік ендікке дейін суық ағыс солтүстіктен айсбергтер мен қалқып жүрген мұздарды алып келеді. Сонымен қатар, осы ендіктерде тұманның жиі қайталанып отыратынынан кеме қатынасы үшін қауіпті жағдай туады. Жылы және суық ағыстардың қосылуынан, екінші жағынан, судың беткі қабатында микроорганизмдер қарқынды дамиды, яғни фауна мен балықтар көп. Әсіресе, Ньюфаундленд қайраңы, треска, май шабақ пен арқан балықтың көптігімен әйгілі.

Құрлықтың солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауларын шайып жатқан теңіздер бүкіл жыл бойы су температурасының төмендігімен ерекшеленеді. Су температурасы сирек +100С-тан көтеріледі, бірақ жыл ішінде көбінесе төменгі температура байқалады. Көптеген аралдар арасындағы бұғаздар мен Гудзон шығанағында жылдың басым бөлігінде мұз жатады. Тіпті жаз айларында қарлы дауыл соғып, қалың тұман түседі.

Бүкіл Атлант теңізі жағалауының ені тар, құрлыққа еніп жатқан бұғаздарында биік толқындар қалыптасады. Фанди бұғазындағы теңіз толқындарының биіктігі Жер бетіндегі ең биік толқындар – биіктігі 18 метрге жетеді. Гудзон бұғазында 12 м, ал Гудзон шығанағында – небәрі 4-5 метр.

Тынық мұхитының жағалауы, солтүстігін қоспағанда, Атлант мұхитынан аз тілімденген. Солтүстік Американың тынық мұхиттық солтүстік саяз жерінің ені аз, кейбір аймақтарында кездеспейді де. Тынық мұхиттың барлық жағалауында құрлықтан онша алыс емес қашықтықтағы мұхиттың тереңдігі едәуір.

Теңіз толқындарының биіктігі жағалауда 1-2 м, бірақ фьордтар мен шығанақтарда көтеріледі (мысалы, Калифорния шығанағында – 7-9 метр). Тынық мұхиттың солтүстік жағалауында пайда болатын жылы ағыстар Атлант мұхитымен салыстырғанда қарқынды емес. Солтүстік Атлант ағысының аналогы Солтүстік Тынық мұхиттық жылы ағыс. Куросио жылы ағысы Солтүстік Америка жағалауының 400 солтүстік ендігінде солтүстікке бұрылады. Солтүстік Батыс Канада мен Оңтүстік Аляска жағалауларындағы оның жалғасы – Аляска ағысы. Судың жылдамдығы сағатына 1-2 км, те-мпературасы ақпан айында +2, +7 0 С, сондықтан Солтүстік Батыс Канада мен Оңтүстік Аляска жағалауларында қыста су қатпайды. Тынық мұхиттың жылы ағысының Солтүстік Мұзды мұхитына енуіне Беринг табалдырығы кедергі жасайды. Солтүстік Мұзды мұхитына Тынық мұхиты суының енуі Атлант мұхитымен салыстырғанда 6-7 есе кем.

400 солтүстік ендіктен оңтүстікке суық, қарқынды Калифорния ағыс бағытталады да субтропиктік белдеуде судың температурасын +120 С-қа дейін төмендетеді. Тропиктен оңтүстікте ағыс батысқа жылжитын Солтүстік Пассат ағысымен қосылып кетеді. Калифорния ағысы Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауының тропиктік және субтропиктік белдеулерінің табиғатына қатты әсер етеді.

Тынық мұхитының солтүстік бөлігінің фаунасы Атлант мұхитының солтүстігімен салыстырғанда кедей болады. Негізгі кәсіптік балықтары – арқан балық, камбала мен май шабақ.

Триас пен юра кезеңдерінде оңтүстік құрлық Лавразиядан бөлініп шықты. Солтүстік Америка кайнозой эрасына, яғни Солтүстік Атлантика пайда болғанға дейін, Еуразия құрлығымен байланыста болды.

Протерозойдың басында Лавразия құрлығының америкалық бөлігінде көне құрлық – платформа дамыды. Оның өте тұрақты және көтерілген бөлігі Канада қалқаны еді. Платформаның басқа бөліктері келесі геологиялық даму тарихында төмен түсіп, тау жыныстарынң шоғырлану орталығына айналды.

Төмен түсу үрдістері қалқанның ортаңғы бөліктеріне де тарады: қазіргі Гудзон шығанағының солтүстігін, оның жағалаулық ойпаттарын және солтүстігін қамтыды.

Канада қалқанының оңтүстігі бүкіл палеозой эрасында төмен түсті де қалыңдығы 1000-2000 метрге жететін шөгінді жыныстардың жиналу орталығына айналды.

Солтүстік Американың көне ядросы басқа құрлықтардың, соның ішінде Еуразияның платформалары сияқты бір-бірінен көне мұхиттар (геосинклинальдық белдеулер) арқылы бөлініп тұрды. Геосинклинальдық белдеулердің біртіндеп жабылуынан құрлықтың көлемі ұлғайды, көне мұхит алаптарының ауданы кішірейді.

Төменгі палеозойда солтүстік - шығысында нәтижесі қатпарлы құрылымдардың түзілуімен аяқталған қарқынды тектоникалық қозғалыстар пайда болды. Осының салдарынан Солтүстік Америка мен Еуразияны біріктіретін ірі құрлық дамыды. Осындай құрылымдар Гренландия мен Аппалач тауларының солтүстігі мен шығысында жақсы сақталған. Таулардың бұзылып, мүжілуінен пайда болған жыныстар сол кездегі Аппалач тауының батысы мен көне платформаның арасында пайда болған Аппалач алды деп аталған ірі иінде шоғырланды. Аппалач және Уачита (және Еуразияның басқа көптеген аймақтары үшін) тауларындағы негізгі орогендік цикл жоғарғы палеозой (герцин) қатпарлығы болды. Осы тектоникалық қозғалыстардан қазіргі Аппалач тауларының шығысы мен оңтүстігінде, мексика шығанағы жағалауында құрлықтың ауданы артты. Мексика шығанағы кейінгі палеозой мен алдыңғы мезозойда пайда болған синеклиза болып табылады. Оны қоршап тұрған Голф-Кост палеозой құрлығы көне құрлыққа жанаса, шығысқа созылып, онымен біртұтас құрлық құрады, өйткені Атлантика бұл кезде болмаған еді.

Сонымен, палеозойдың соңы мен мезозойдың басында Солтүстік Америка құрлығы қазіргі құрлықтан басқаша болды. Ол кембрий дәуіріне дейінгі және палеозой қатпарлы құрылымдарының бір-бірімен жапсарласа бірікккен көне Пангей құрлығының құрамына кірді. Көне құрлық Еуразияның бірталай жерін және оңтүстік құрлықтарды қамтыды.

Мезозойдың басында Пангей, Тетистің қалыптасуымен, екіге жіктелді (Еуразияның даму тарихы тарауына назар аудар). Тетис тек Еуразия мен Африканы ғана емес, кейіннен Солтүстік және Оңтүстік Америка деп аталған, құрлықтың біртұтас бөлігін де бөлшектеді.

Тетис теңізі көлемін батысқа қарай кеңейткенмен Тынық мұхитымен қосылмады. Өйткені, кейіннен пайда болған Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарынң аралық шегіндегі құрлық Тынық мұхиты мен Тетисті бөліп тұрды.

Бор кезеңінде қалыптасқан Атлант мұхиты Оңтүстік Американы Африкадан ажыратып, ал бордың ортасында Лавразия құрлығын Солтүстік Америка мен Еуразияға бөлшектеді. Жоғарыда айтылғандай солтүстікте, кайнозой эрасына дейін екі құрлықтың арасындағы байланыс жойылмады, яғни Атлант мұхитының солтүстігі пайда болғанға дейін байланыс сақталды. Бор кезеңінде Орталық Атлантиканың пайда болуы Тетистің (Кариб) батысын Жерорта теңізінен ажыратты.

Солтүстік Американың қазіргі пішініне үлес қосқан маңызды оқиғалар бүкіл мезозой эрасында құрлықтың батысында дамыды. Құрлықтық Солтүстік Америкалық плита мен Тынық мұхиттық талассократон арасында тығыз байланыс дамыды. Субдукция үрдісінің әсерінен, яғни мұхиттық плитаның құрлықтық плитаның астына енуінен, құрлықтық плита қатпарланда, сығылды; сөйтіп жер беті қарқынды көтерілді, жанартаулық үрдістер пайда болды. Осының салдарынан Солтүстік Американың батысында Кордильер тау сілемдері пайда болды. Оның даму тарихы бүкіл мезозой эрасын қамтыды да кайнозой эрасында да тоқтамады. Мезозойда Еуразияның солтүстік – шығысымен қосылды.

Кейіннен, құрлықтық Солтүстік және Оңтүстік Американың плиталарының бір-бірімен әрекетінен Кариб аймағы пайда болды. Пайда болу уақыты, геологиялық құрылымы бойынша Кариб тау жүйелері Американың Кордильер тауларына қарағанда Жерорта теңізіне жақын.

Кайнозойдың басында Солтүстік Америка солтүстігінде полюске дейін созылып, ал солтүстік батысы мен солтүстік-шығысында Еуразиямен қосылып жатқан құрлық болып қалыптасты. Бор кезеңінің ортасынан бастап, яғни Орталық Атлантика қалыптасқаннан соң, оңтүстіктен теңіз суы енді де Кордильер тауы мен платформа арасындағы иілім суға толды. Теңіз суы қазіргі құрлықтың оңтүстік-шығысын жауып жатты. Кайнозойдың басында, әсіресе су алаптарында, климат ыстық және ылғалды болды. Онда секвоя, магнолия, мәңгі жасыл емендер мен басқа да ағаш түрлері, яғни жылу сүйгіш мәңгі жасыл ормандар өсті. Қазір бұл ағаш түрлері 40-параллельден солтүстікте тараған.

Солтүстік Американы оңтүстік құрлықпен қосып тұрған бөлік тропиктік өсімдіктер мен жануарлар солтүстікке ығысатын жол болды.

Бордың соңы мен палеогенде Кордильер таулары мен платформа –арасындағы су алабы солтүстікке және оңтүстіке ығысты, кейіннен мүлдем жоғалып кетті. Бірдей кезде солтүстік және орталық аймақтарды климат құрғақтанда ксерофитті дала зонасы мен шөл зонасы өсімдіктері пайда болды.

Кордильер тауларының орогендік кезеңі олигоценде басталып және осы күнге дейін сақталды. Дегенмен, таудың әртүрлі бөлігінде даму қарқыны әрқалай. Тынық мұхиттық жағалаудағы қозғалыстардан құрлықтың бір бөлігі көтерілсе, екінші бөлігі төмен түсті. Қарқынды төмен түсу, осыған байланысты шұңқырларда жыныстардың жиналуы Калифорнияда, Ванкувер аралында, Аляска түбегінде және көршілес, бірақ қазір Тынық мұхиты суы алып кеткен бөліктерде байқалды. Бірдей уақытта АҚШ-тың, Канада мен Оңтүстік Алясканың Жағалаулы және Аралды тауларындағы антиклинорийлер көтерілді.

Кордильердің қалған бөліктеріндегі жоғары көтерілуге платформалардың көршілес бөліктері де ілесе биіктеді. Осы көтерілулер ойпаттарды да, мысалы, Үлкен Бассейн, Мексика, Алясканың ішкі аймақтарын қамтыды.

Эоценнің басындағы тектоникалық үрдістерден қарқынды эфффузивті жанартаулы әрекет қалыптьасты. Жоғарғы шегіне миоценде жетіп Ақш – тың Скалистый тауларын, Үлкен Бассейнді, Мексика таулы өлкесін, Колумб платосын, Каскадный тауларын қамтыды. Жанартаулық әрекет плиоценде де пайда болып, максимум шамасы Алеут Қыраты мен Мексиканың Жанартаулы-Сьеррасына тән болды. Қазір оның әсері біршама әлсіреді.

Олигоцендегі жоғары көтерілу үрдістерінен, осы уақытқа дейін беті тегіс болған, Аппалач тау рельефінде таулы пішін қалыптасты. Дегенмен, көтерілу әлсіздеу болды, бірақ Мексика мен Атлант маңы жазықтарында регрессиясымен және қарқынды эрозиясымен ерекшеленді. Атлант мұхиты жағалауының кейбір жерлерінің төмен түсуінен өзен атырауларын су басты, қазіргі эстураийлі-лагуна (теңізден жіңішке құм айдыны арқылы бөлініп тұрған су бөлігі) рельеф пішіні пайда болды. Солтүстіктегі төмен түсу үрдістерінен архипелагтар дамыды. Кей бөліктерінде, осының әсерінен, лава атқылады.

Палеогеннің соңы мен неогенде климат қазіргіге жақын болды, дегенмен айырмашылықтары байқалды. Климаттың ылғалдылығы біртіндеп құрлықтың ішкі аймақтарына қарай, шығыстан батыс бағытта азайды. Құрлықтың батыс мен шығысында пайда болған орман алқаптары құрамы бойынша бір-бірінен өзгеше болды. Өйткені олардың арасында түр айырбасы қиындады. Оларды алдымен, су алабы, кейіннен құрғақ климатты дала мен орманды дала дамыған жазықтар бөліп жатты. Сол кезде Кордильер тауының оңтүстігінде (Үлкен Бассейн, Колорадо платосы) шөл өсімдік топтары басым аридті климат дамыды. Тауларда қарқынды жоғары көтерілу мен салыстырмалы тыныштық кезеңдерінің бірімен-бірі алмаса дамуынан эрозиялық үрдіс үдемелі дамыды, тегістелу беттері пайда болды. Дегенмен, бұл үрдіс кейіннен тағы да өзгеріске ұшырады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)