АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 5 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Антропогеннің басында Балқан түбегі мен Кіші Азияны қосқан құрлық бөлшектенуге ұшырады, Эгей мен Қара теңіздер аралығындағы бұғаздар, Мрамор теңізінің қазаншұңқыры пайда болды. Материктің оңтүстік шығысында Азия мен Австарлияны қосып тұрған құрлық бөлшектеніп, Зонд архиппелагы пайда болды.

Неогеннің аяғы сондай-ақ Африка-Аравия платформасы облысындағы күшті өзгеріспен сипатталады, осы кезде Қызыл теңіз опырығы қалыптасады, яғни Аравия Африкадан бөлінеді. Альпі Гималай қатпарлығының көтерілуі мен Үнді- Ганг және Месопотамия тау алды иіндерін толтыру және Аравия мен Үнді платформасының Евразия материгіне қосылуы қатар жүріп отырды.

Соңғы мұз дәуірінің аяғына дейін құрлық Азияның оңтүстік шығысында да қазіргіден едәуір зорырақ болды, яғни Австралиямен жалғасып жатты.

Мұздық кезеңнен кейін Дүние жүзілік мұхит деңгейінің жалпы көтерілуі байқалды, осыған байланысты оңтүстік шығыста Австралиямен құрлық арқылы байланыс біржола үзілді.

Шетелдік Азия территориясының негізгі физико-географиялық ерекшелігі қазіргі заманғы ландшафттардың қалыптасу сипатына ие. Литогендік негіз құрамының әртүрлі жаста болуы мен қазіргі кездегі геоморфологиялық процестердің сипаты Шетелдік Азияның табиғи кешендерінің дамуы мен дифференциациясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Шетелдік Азия территориясының табиғи кешендері сортаң шөлдер, батпақты, тасты, құмды жағдайда қалыптасып, олардың генетикалық түрлері әртүрлі шөлдердің қалыптасу мүмкіншілігіне алып келеді.

Альпілік орогенез территориясында қалыптасқан ең ірі табиғи кешендеріне Кіші Азия, Иран таулы қыратының солтүстік өңірі, Парапамиз және Гиндукуш биік таулары, Ұлы Қытай жазығының орталық бөлігі және оңтүстік Кореяның геология-геоморфологиялық ерекшеліктері жатады.

Үнді Қытай мен Малакка түбегіндегі мезозой жасының борпылдақ жыныстарынан тұратын литогендік негіз - саванна мен ылғалды субэкваторлы ормандар ландшафттарының қалыптасуына негізгі фактор болып саналады. Орта таулар мен төменгі тау аудандары мезозойдың ылғалды жағдайында қалыптасып, параллельді тау қыраттарының түзілуін құрайды.

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Шетелдік Азияның палеогеографиялық және тарихи аспектілерінің түзілуі.    
 
Тектоникалық және неотектоникалық ерекшеліктер Геомалар қалыптасуындағы факторларды талдау
   
Геологиялық ерекшеліктер  
Қазіргі кездегі ландшафт процестеріне антропогеннің әсері
Пайдалы қазбалар    
 
Қазіргі геоморфологиялық процесстер және жер бедерінің морфоқұрылымы Геома факторын талдау (дефляция, шөлейттену, эрозия және т.б.)

Климаты.

Шетелдік Азияның негізгі климат құрушы факторлары болып: жер бедерінің таулы сипаты, континент мөлшерінің үлкен алапты қамтуы жатады. Шетелдік Азия климатының қалыптасуына барлық ендікте орналасуы, қыста - арктикалық, жазда - экваторлық пен тропиктік және Тынық мұхиттық ауа массалары белсенді әсер етеді. Жыл бойы мұхиттық және құрлықтық ауа массаларының алмасуының жетекші ролі. Ландшафт құрушы бірлік болып қыста - Азия максимумы, қыстың континентальды муссоны, Алеут минимумы, оңтүстік- батыс максимумы және қоңыржай мен тропиктік фронтта циклонды ауаның қалыптасуы; ал жазда - Азия алды депрессиясы, Үнді муссоны, Орталық-Азия минимумы, оңтүстік және оңтүстік шығыс мұхиттық муссоны, Гавай антициклоны, батыс Шетелдік Азияны қамтыған Азор максимумы жатады.

Атланттық ауа Шығысқа қарай қозғалған сайын ылғалынан ажырап қыста салқындап, жазда жылынып, континенттік ауаға ауысады. Қыс мезгілінде батыс ауа ағыны континент үстімен қозғалу кезінде салқындайды және құрғайды. Суынған жер бетіндегі атмосфера қабатының салқындауымен байланысты Азияның ішкі аудандарының үстінде антициклондық облыс қалыптасады. Азияның ішкі бөліктерінің орографиясы (антициклон қалыптасатын облыстан оңтүстікке қарай көтерілетін биік тау сілемдері) суық ауа массаларының жойылуына кедергі жасап әрі олардың біршама шағын кеңістікке шоғырлануына мүмкіндік туғызады. Осы процестердің барлығының өзара әрекеті нәтижесінде қыста Азияның ішкі бөліктерінің үстінде Жер бетіндегі жоғарғы қысымды ең үлкен облыс− Азиялық максимум жасалады (антициклон).

Азиялық максимумның солтүстік шығыс шеттерінде суық және құрғақ континенттік ауа осы кезде барынша жылы, үстінде төмен қысымды облыс − Солтүстік Тынық мұхит жағына ағады. Осы солтүстік және солтүстік шығыс бағыттарындағы ауа ағындары қысқы муссон деген атымен белгілі. Азияның оңтүстік бөлігі қыс кезінде пассаттық циркуляция әсерінде болады. Аравия түбегі көрші жатқан Сахарамен бірге Атланттық максимумның шығыс шетінен және онымен байланысты құрғақ солтүстік желдерінің әсеріне ұшырайды. Үндістанда, Үндіқытайда, Шри Ланка аралында, Филиппиндерде және Зонд аралының солтүстігінде солтүстік Тынық мұхиттық антициклоннан Экваторлық жаққа қарай ағатын осы кезде оңтүстікке қарай жылжитын солтүстік-шығыс пассаты үстем болады. Азия елдерінде оны қысқы муссон деп атайды.

Шетелдік Азияның көпшілік бөлігінде қыста жауын-шашын болмайды. Ол ішкі аудандарда атмосфераның антициклондық күйімен және жер бетінің күшті суынып кетуімен байланысты. Материктің шығыс шетінде жауын -шашынның болмау себебі мұхитқа қарай құрғақ суық ауаны алып кететін континентальдық муссон болып табылады. Осыған байланысты Орталық және Шығыс Азияға теріс аномалия айқын байқалатын төменгі қысқы температура тән. Солтүстікте қаңтар айының орташа температурасы -20-25°С

Азияның оңтүстіктегі қыста пассат желдері соғатын түбектері мен аралдарында құрғақ ауа райы басым болады. Азияның бүкіл оңтүстік бөлігінде қаңтардың орташа температурасы -16-20°С жетеді.

Жаз мезгілінде Азиялық максимум жоғалады да қызған материк үстінде Үнді өзені бассеині мен Парсы шығанағы жағалауында тұйық орталығы бар төменгі қысым (Оңтүстік Азиялық минимум) орнап, ол 22-28°с.е бойында қалыптасады. Үнді мұхитында тропиктен оңтүстікке қарай Оңтүстік Үнді максимумы қалыптасады.Тынық мұхиттан Азияға ылғалдылығы тұрақсыз ауа келіп, ол континенттік ауа массасымен жанасқанда ағыл тегіл нөсер жауындар болады. Шығыс Азияда мұндай ауа ағынын оңтүстік-шығыс муссоны деп атайды.

Азияның оңтүстігінде (Үндістан,Үндіқытай) муссонның ролін Үнді мұхитынан зор ылғал массасын алып келетін экваторлық ауа ағыны атқарады. Тынық және Үнді мұхиттарында жыл сайын шілде мен қазан аралығында мұнан да кешірек күз кезінде Шығыс және Оңтүстік Азия елдеріне үлкен зиян келтіретін тропиктік циклондар және тайфундар пайда болады.

 

Дәріс келесі 6 блоктан тұрады:

 

  Климат құрушы негізгі факторлар    
 
Шетелдік Азияда қыста қалыптасатын климаттық факторлар   Шетелдік Азияда жазда қалыптасатын климаттық факторлар  
 
    Жауын-шашынның түсу мөлшері мен режимін талдау    
 
  Жер беті және жер асты суларын талдау    
 
  Гидроклиматтық факторлардың өзгеруіндегі экологиялық және табиғатты қорғау мәселелері: (атмосфераның ластануындағы климаттың ролі, жерасты және жер беті суларының химиялық өзгеруі)  
                     

 

 

Шетелдік Азия территориясында ендік зоналықтың қалыптасуы азональді факторлармен және климатпен байланысты. Климат белдеуінің және табиғи зоналардың шегі орографиялық барьер арқылы өтеді. Парапамиз, Гиндукуш, Гималай, Тавр, Понт тауларының су айрығы екі табиғи зонаның шегі болып табылады (субтропикалық сирек ормандар, саванналар және құрғақ дала (Тавр, Понт және т.б.), шөлейт және тропикалық ормандар (Сүлеймен тауы, Кухруд және т.б.). Осындай биік таулы табиғи кешен биік белдеулермен анықталады да төменгі белдеулерде зоналық сипатқа ие болады. Басымды табиғи кешендерінің қалыптасуы ылғалдылықтың шамадан тыс көп және аз болуына байланысты.

Ішкі сулары. Батыс Азияның ең ірі өзендері - Тигр (ұзындығы – 1850 км) және Евфрат (ұзындығы - 2700 км) - аралық саға арқылы Парсы шығанағына құяды. Бұл өзендер Армян таулы қырытынын басталады да, төменгі ағысында көптеген тарамдарға тарамдала отырып, Месопотамия жазығына шығады.

Янцзы – Азия өзендерінің аса зоры және дүние жүзіндегі еі ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы – 5830 км, бассейннің ауданы –1808,5 мың км2, орташа су шығыны 34 000 м3 с-қа тең. Янзцы Тибет тау қыратынан көптеген салалардан құралады. Өзен жоғарғы ағыс тұсында Цзиньшацзян деп аталады. Янцзы таулардан шыққан соң Қызыл бассейн деп аталатың кең тектоникалық қазан - шұңқырдың ішіне енеді, содан соң ол Оңтүстік-Шығыс Қытайдың біршама аласа тауларын кесіп өтеді. Янзцы көптеген жоталар мен массивтерді тіліп өтетіндіктен, кеме қатынасын өте қиындататын табалдырықтар жасап ағады. Ұлы Қытай жазығына шыққаннан кейін Янзцы кей жерлерде көл тәрізді қолтықтар құрап көптеген тарамдарға бөлінеді. Бас арнамен қосылатын, мұндай көлдер өзен ағысын реттеп отырады. Олардың өзі де Янцзының негізгі арнасы деңгейіне тәуелді болады да, ауқымы мен пішіні ылғи өзгеріп отырады. Су тасыған кезде кейбір көлдер жайдақ жерлерге жайылып, көлемі өте үлкейіп кетеді. Янзцы Шығыс Қытай теңізіне құятын жерінде 40 жыл шамасында 1 км-дей кеңейтіп атырау құрайды.

Янзцы – Қытайдың ең ірі транспортық магистарлы. Ондағы кеме қатынасы Қызыл бассейн шегінде Ибинь қаласынан жоғарырықтан басталады. Өзеннің төменгі ағысы бойымен мұхиттық кемелер Ухань қаласына дейін көтеріледі. 1957 ж. Ухань қаласы маңынан Янзцы және оның салаларының сулары егістіктерді суару үшін кеңінен пайдаланылады.

Хуанхэ ұзындығы жағынан Азияның екінші өзені болып есептеледі. Оның ұзындығы – 4845 км, бассейінінің ауданы - 745 мың км2, орташа жылдық шығыны 1500 км3 с-қа тең. Батыс Еуропадағы Дунай өзенінен ұзындығы едәуір артық болғанымен бассейнінің ауданы және тасымалдайтын суының мөлшері жөнінен Хуанхэ одан қалып қояды. Бұл, Хуанхэнің жауын - шашыны аз облыстарды басып өтетіндігіне, салаларының аздығына байланысты. Өзен Куньлунь тауынан басталады да жоғарғы ағысының екпіні қатты болады. Хуанхэ ежелгі массив Ордосты айналып өтіп, орта ағысында орасан зор тік бұрышты бұрылыс жасайды. Лесс үстіртін кесіп өткенде өзен суы көптеген нәрселерді ағызып ала кетеді де жазықтыққа жеткенде оларды жағалыққа ығыстырып шығада. Тасқындар кезінде Хуанхэ алып келетін қалқып жүретін материалдардың көлемі су массасының 40%- на жетеді.

Жоғарғы ағысында Хуанхэ көп жерлерде тар шатқалдармен ағады және оның көптеген шоңғалды телімдері болады. Өзен жоғарғы ағысында өзінің аса ірі салаларын таудан алады да, ортаңғы және төменгі ағысында ондай салалар мүлде болмайды. Хуанхэ төменгі ағысында, жоғарыда айтылғандай тасып, үлкен территорияға жайылған кезінде өзендер алып келген салындылардан құрылған кең аллювийлік жазықтың шегінде ағады. Біздің заманымыздан 600 жыл бұрын Хуанхэ арасының Тяньцзиннен солтүстікке таман, ал оңтүстікке Сюйчжоу ендігіне болғанын айтсақ та жеткілікті. Өзеннің төменгі ағысы мен сағасы тарихи кезең ішінде кем дегенде алты рет айтарлықтай өзгеріп миллиондаған адамның үлкен апатқа ұшырауына себепші болады. Хуанхэнің үнемі орын ауыстыруы және оның бассейнінде су тасқынының жиі болуы өзеннің тұнба үстімен қоршаған ортадан жоғары көтеріліп ағатындығынан, суының деңгейі аздап көтерілсе арнадан шығып ұзаққа жайылып кетеді. Су тасқындары жаз кезіндегі күшті муссондық жаңбырлардан кейін болып тұрады, тамыз бен қыркүйекте оларды көбіне тайфундар туғызады. Көктемде және жаздың басында су тасқынына жоғарғы ағыс түсында және тауда еріген қар себепші болады. өзеннің бүкіл бассейндегі ормандардың толық жойылуы, сонымен қатар мұз кептеулерінің өзеннің жоғарғы ағысында төменгі ағысына қарағанда әлде қайда ерте ашылатындығы су тасқынын күшейте түседі. Қазіргі кезде Хуанхэде су тасуына қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, электр станциялары салынуда және кеме қатынасының жағдайлары жақсартылуда.

Оңтүстік шығыс Азиядағы ең үлкен өзен – Меконг. Оның ұзындығы- 4500 км, бассейннің ауданы 810 мың км2, яғни Дунай бассейнің ауданына тең. Көп жылдық орташа шығыны 13 мың м3 с, яғни Дунай шығынынан екі еседей артық. Меконг Тибеттің оңтүстік шығысынан шамамен 5 мың м биіктіктен басталады, бұл жерде Ланьцаньцзянь деп аталады. Өзен ағысының осы бөлігінде таулық сипат бар және көптеген құлдырамалар, шоңғалдар, сарқырамалар жасап ағады. Төменгі ағысында, ойпатта Меконг ирелеңдей ағады және тарамдарға бөлініп кетеді. Өзен өзінің бір саласы арқылы үлкен Сап көлімен жалғасады да тасыған кезде су Меконгтан көлге қүйылып, тартылғанда кері бағытта ағады. Сөйтіп, көл – табиғи су қоймасы және төменгі Меконгтың ағынын реттеуші қызметін атқарады. Оңтүстік Қытай теңізіне құятын жерінде Меконг орасан зор атырау құрайды. Меконгтың режимі- деңгейі күрт өзгеріп тұратын, жазда максимумы және сәуірде минимумы айқын байқалатын нағыз муссондық типке ие. Кейбір көлдер мұздықтардың аяқталған жерлерінде соңғы мореналардың аңғарларды бөгеуінен пайда болған. Аса әйгілі Альпілік көлдер –Женева, Боден, Цюрих, Маджоре, Комо, Гарда. Мұз басуға ұшыраған Еуразияның тау жүйелерінің барлығының жоғары бөліктерінде шағын көлдер көп. Құрлықтың әр түрлі аудандарында пайда болуы тектоникалық, негізінен неоген - антропоген дәуіріндегі процестермен байланысты көлдер болып табылады. Олардың қазаншұңқырлары не жарылу зоналары, немесе күрделі, әрі кең тектоникалық ойыстар болып табылады. Олар әртүрлі биіктікте ораналасқан, тереңдіктері мен көлемдері әртүрлі болып келген. Еуразияның тектоникалық көлдері қазіргі жағдайларға байланысты ағынды, сондай-ақ ағынсыз тұзды көлдерге жатады.

Еуразияның аса ірі және ең жас тектоникалық көлі –Балатон (Венгрияда) мұз басудан кейінгі уақытта тайяз опырықта пайда болған көл болып саналады. Ал Байкал, Хубсугул, Буйр-Нур рифт зоналарында орын тепкен көлдерге жатады. Бұлар суы тұщы әрі органикалық тіршілікке бай, өте терең ағын көлдер. Сол сияқты Аравия платформасының жарылу зонасындағы мұхит деңгейінен 400 м-дей төмен жатқан, орташа тұздылығы 260% болатын бірегей көл - Өлі теңіз де рифтік зонамен байланысты. Орталық Азияның таулы үстірттері мен тау жоталарында және Алдыңғы Азияның таулы қыраттарында тектоникалық үрдістен пайда болған көптеген тұзды қалдық көлдер бар, олардың қазіргі кездегі ерекшеліктері осы аймақтарда климаттың және су режімінің едәуір өзгеруінің куәсі бола алады. Мұндай көлдердің қатарына Моңғолия мен Тибет көлдері (Убсу-нур, Хиргис-Нур, Намцо, Кукунор) жатады. Армян таулы қыратындағы (Ван, Урмия) ағынсыз биік тау көлдерінің пайда болуы тектоникамен қатар жанартау үрдістерімен де байланысты. Әк тастар кеңінен таралған облыстарда карст көлдері топтап кездеседі. Бұл жағдайда Орталық Апенниндер, Балқан түбегінің батысы, Тавр тауы, Үнді-Қытайдағы Шань қыраты ерекше көзге түседі. Әльпіден тыс аудандардан Орта Ирландия жазығы карст көлдеріне бай.

Еуразияның көптеген ірі өзендері кеме жүруге жарайды. Барлық тұщы көлдер сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Кейбір тұзды көлдер маңызды химиялық шикізат көзі болып табылады. Кейбір көлдер ландшафтқа әр беріп, үлкен эстетикалық мәнге ие болады да, курорттық құрылыстар мен туризмде маңызы зор.

 

Шетелдік Азияны физикалық географиялық аудандастыру мен аймақтарына сипаттама.

 

Шетелдік Азияның табиғи кешендерінің кеңістік дифференциациясы зональді және азональді факторлардан тұрады.

 

Физико-географиялық аймақтар:

 

1) Алдыңғы Азия а) Кіші-Азия тау қыраты.

таулы қыраты б) Армян

в) Иран

2) Оңтүстік-Батыс Азия а) Аравия;

б) Месопотамия;

в) Левант.

3) Орталық Азия а) СолтүстікҚытай;

б) Солтүстік Батыс Қытай;

в)Моңғолия;

г) Тибет таулы қыраты

 

4) Шығыс Азия а) Ұлы Қытай жазығы;

б) Шаньдун түбегі; в) Сычуань қазаншұңқыры;

г)Оңтүстік Қытай;

д)Солтүстік Шығыс Қытай және Корея

е) Жапон аралдары:

5) Оңтүстік Азия а) Гималай;

б) Үнді-Ганг ойпаты;

в) Үндістан және Цейлон.

6) Оңтүстік-шығыс Азия а) Үндіқытай.

б) Малай архипелагы.

Алдыңғы Азия таулы қыраты

Кіші Азия таулы қыраты Жерорта, Қара, Мрамор теңізінің сулары жиектеп тұрған Кіші Азия түбегін алып жатыр. Жерорта және Эгей теңіздерінде Кіші Азия жағаларына жақын жатқан Кипр, Родос және басқалары да осы облысқа жатады.

Шығыста Кіші Азия тау қыраты Армян тау қыратымен ұласады. Оңтүстікте оның шекарасы Жерорта теңізінің жағалауынан Искендерон шығанағынан оңтүстікке таман болады, одан әрі 40°ш.б пен Ван көлі аралығында өтеді. Солтүстікте шамамен Чорох өзенінің төменгі ағысына сәйкес келеді.

Кіші Азияда халық ертеден жиі орналасқан, оның табиғаты адамның ықпалымен үлкен өзеріске ұшырайды.

Облыстың рельефіне келетін болсақ, оңтүстігі мен солтүстігі, шеткі тау жүйесі болып келеді, олардың аралығында орталық бөлікте көлемді ішкі тау үстірім Анатолий орналасқан. Шығыста шеткі жоталар бір-біріне жақындай түседі, ол қырат жеке телімдерге бөлінеді. Орографияның мұндай белгілері құрылым ерекшеліктеріне сәйкес келеді, яғни оның құрылымында Балқан түбегінің және орта массивті тау жүйелерінің жалғасы болып табылатын соңғы орогендік дәуір кезінде қозғалысқа ұшыраған кайнозой дәуірінің қатпарлы ғимараттары бар. Қазіргі рельефтің қалыптасуы көрші Еуропа территорияларымен қазіргі кездегі Жерорта теңіздік бассейнінің жақын жатқан бөліктерімен бірге неогенде және антропогеннің бірінші жартысында көтерілу, шөгілуге және бөлшектенуге ұшыраған кезде өтті. Осы кезде Кіші Азияның Балқан түбегінен бөлініп, Эгей мен Мрамор теңіздері, Дарданелл мен Босфор пайда болған.

Тау қыратының солтүстік шеткі жоталар жүйесі Понт таулары деген жалпы атпен белгілі. Солтүстіктегі таулар құрылымында кембрийге дейінгі және палеозойдың кристалдық жыныстары үлкен орын алады. Бұл таулы белдеудің батыс бөлігі Батыс Понт таулары деп аталады. Оның биіктігі 2000м ден сәл ғана асады және эрозиялық бөлшектенуімен ерекшеленеді.

Шығыс Понт таулары едәуір биік (3000м) және аз бөлшектенген. Таулардың жоғарғы бөліктерінде төрттік мұз басу дәуірі кезінде пайда болған Альпі рельефіне тән телімдер бар.

Кіші Азия тау қыратының оңтүстік шеткі жоталар жүйесі Тавр деген жалпы атпен белгілі. Тавр таулары альпілік қатпарлы ғимараттар жүйесіне жатады. Олар көбіне мезозойлық әктастардан құрылған және де олардың құрылымында метаморфозды және кристалл жыныстар да араласқан. Биіктіктері 2000-3000м. Орталық Таврдағы ең биік массив Калдыдаг биіктігі − 3734м. Анатолий тау үстіртінің ішкі беті пенепленделген палеозой кристалл массивтерінен және әр тастардан қалыптасқан жазық үстірттерден тұрады. Тау үстіртінің биіктігі 800-1500 м- ге дейін өзгеріп тұрады.

Жерорта теңізі алқабына жататындықтан климат ерекшеліктері айқын байқалады. Батысы мен оңтүстігі шеткі тау жоталарына ылғал мол түседі. Шығысқа ауысқан сайын атлантикалық ауа массаларында ылғал азаяды, жауын-шашын мөлшері едәуір кемиді. Ылғалдың көпшілігі 3000м- ге дейін Понт тауларының солтүстік беткейлеріне түседі. Мұнда бүкіл жыл бойы жаңбыр мол жауып, жазда оны солтүстік батыстан соққан муссонды жел әкеледі, қыста ол полярлық фронттағы циклондық әрекетке байланысты болады. Сондай-ақ жеке аудандардың температуралық режимінде үлкен айырмашылықтар бар. Батыс және оңтүстік жағалауында қаңтардың орташа температурасы +5°С, қиыр оңтүстігінде тіпті +10°С, ал шілденің орташа температурасы +25+30°С. Ішкі аудандарда, әсіресе, шығысында жаз бен қыстың орташа температурасындағы айырмашылық айқын білінеді, шығыс бөлігінде қаңтардың орташа t сы -16°С дейін төмендейді, ал үстірттер мен ойыстар жазда +30°С дейін жетеді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)