АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К І Р І С П Е 2 страница

Читайте также:
  1. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 1 страница
  2. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 2 страница
  3. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 3 страница
  4. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 4 страница
  5. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 5 страница
  6. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 6 страница
  7. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 7 страница
  8. ALTERED STATES OF CONSCIOUSNESS PSYHOSEMANTICS 8 страница
  9. Annotation 1 страница
  10. Annotation 2 страница
  11. Annotation 3 страница
  12. Annotation 4 страница

Климаттың одан ары салқындауы Евразияның солтүстік бөлігінде мұз жамылғысының таралуына және материк тауларының мұз астында қалуына әкелді.

Материктік мұз басу бірнеше дүркін қайталанды. Мысалы, шетелдік Европада максимальды, орта плейстоцен мен соңғы плейстоценде мұз басуларының іздері жақсы сақталынған. Максимальды мұз басу кезінде мұздықтар екі орталықтан – Скандинавия және Британь аралдарында таралған. Максимальды мұз басудың шекарасы дөңбек тастар мен мореналық шөгінділердің таралуымен айқындалады. Ал соңғы мұз басу едәуір шағын территорияны қамтып, оның шекарасы соңғы мореналық Балтық қырқасы деп аталатын алқаппен белгіленді.

Мұз басу кезінде дүниежүзі мұхит деңгейі төмендеп құрлық беті өсті, соған байланысты Британь аралдары құрлықпен бірнеше рет қайта қосылды. Ал Беринг бұғазы орнында Евразия мен Солтүстік Америка арасында көпір пайда болып екі материк аралығында жануарлардың алмасуымен, ал соңғы мұз басудың аяғында Азиядан солтүстік Америкаға адамдардың өтуіне мүмкіндік туды.

Азияның оңтүстік шығысында да соңғы мұз басу дәуірінің аяғына дейін құрлықтың едәуір ауқымды болуы салдарынан Австралиямен арада түрлер алмасып адамдар қоныс тебе бастады.

Мұздық кезеңінен кейін дүниежүзі мұхит деңгейінің жалпы көтерілуі байқалып соған байланысты материк мөлшері мен пішіні де өзгерді: материктің солтүстігі мен батысындағы құрлық трансгрессияға ұшырап солтүстік шығыста солтүстік Америкамен, ал оңтүстік шығыста Австралиямен біржола құрлық үзілді. Мұздардың жойылуы климаттың біртіндеп жылынуы және арктикалық флора мен фаунаның солтүстікке шегінуіне себепші болды. Материктің ішкі бөліктерінде құрылған аридтік жағдай органикалық дүниенің ксерофиттік өкілдерінің дамуына жағдай жасады.

Ішкі сулары. Еуразиялық континеттегі ішкі сулардың таралып орналасуы әркелкі. Құрылымы мен рельефіндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық контрастар және соған сәйкес жауын-шашынның әркелкі жаууы материктің шегіндегі жер беті, сондай –ақ жерасты суларының таралуындағы үлкен айырмашылықтарды тудырады.

Евразияның беті Атлант, Солтүстік Мұзды, Тынық және Үнді мұхиттарының бассейіндеріне жатады. Материктің шеткі бөліктері, әсіресе батыс, шығыс және оңтүстік – шығысында жиі су торлары бар, оған аса ірі өзен жүйелері енеді.

Ішкі және оңтүстік-батыс аудандарда жер бетіндегі сулар мүлдем болмағандықтан мұхитқа қарай ағын жетпейді. Евразияның жалпы ауданының 30% -тен артығы (Каспий теңізі бассейнін қосқанда) ішкі ағын территориясына тиесілі.

Жер бетіндегі сулардың осындай біркелкі таралмауы тек қана қазіргі табиғат жағдайларына ғана емес, сонымен бірге құрлықтың даму ерекшеліктеріне де байланысты.

Аса биік шеткі жоталарының түзілуіне алып келген күшті көтерілуге дейін, Еуразияның ішкі бөліктерінің климаттық жағдайлары, оның шеткі бөліктерінің климатынан құрғақшылығымен ерекшеленсе де дәл қазіргі кездегідей соншалықты құрғақ болмаса керек. Осыған байланысты кайнозойда құрлықтың орталық бөлігінде солтүстікке, шығысқа және оңтүстікке кететін ағындары бар өзендер мен көлдердің дамыған торлары болған. Ішкі аудандарға қарағанда қатпарлы белдеудің шеткі бөліктерінде күшті өткен неотектоникалық қозғалыстар, осы аудандардың мұхит бассейіндерінің әсерінен бөгеліп қалуына әкеліп соғады. Климаттың осыған сәйкес құрғақтануы беткі ағынның азаюы және бұзылуына, сондай-ақ Еуразия материгінің ішкі бөліктеріне (Иран таулы қыраты, Тибет, Қытайдың, Монғолияның таулы үстірттеріне және т.б.) тән кең-байтақ ағынсыз облыстардың жасалуына себепші болады.

Солтүстік аудандарда, әсіресе құрлықтың солтүстік-батысында су торының қалыптасуына төрттік мұз басуы үлкен әсерін тигізеді.

Сөйтіп, кең-байтақ, еуразиялық құрлықтың ішінде даму тарихы мен қазіргі рельефіне байланысты, сонымен қатар климаттың ерекшеліктеріне қарай су торлары мен өзен режимінің алуан түрлі аумақтық типтері қалыптасты. Олар ары қарай Еуразияның шетелдік бөліктерінде қарастырылады.

Еуропаның солтүстігінде өзен мен көл торының қалыптасуында тектоникалық процестер мен төрттік мұз басуы үлкен рөл атқарады. Өйткені территория геологиялық тұрғыдан қарағанда мұз жамылғысынан жақында ғана босағандықтан су торабының басты ерекшелігі морфологиялық жасы болып табылады. Еуропаның солтүстігіндегі өзен аңғарлары мен көл қазаншұңқырлары көпшілік жағдайда мұзбен өңделген тектоникалық жарықтар болып саналады. Өзендер мен көлдер торы өте жиі, әсіресе көлдер көп, олар он мыңдап саналады. Олардың көлемдері алуан түрлі, кескіндері ғажайып; көлдердің көпшілігі тектоникалық сызықтар мен көшпе мұз жылжуының негізгі бағытына сәйкес солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылып жатыр, өзендер әдетте қысқа және көбіне көлдер аралығын жалғастыратын жол қызметін атқарады. Аса ірі өзендердің аңғарларында көптеген көл тәрізді кеңіген жерлер бар және ұзына бойғы кескіндері жетілмеген. Олар қатты тау жыныстарының шығынқы жерлерін кесіп өткен кезде көптеген шоңғалдар жасайды.

Жауын-шашын мөлшері көп болмағанымен, өзендердің көпшілігі бүкіл жыл бойы мол сулы болады. Бұл, суық климат жағдайларында нашар буланумен, сондай-ақ өзендердің көлдерден, батпақтардан және жер асты суларының есебінен қосымша су алуымен түсіндіріледі.

Еуропаның солтүстік өзендерінде Финляндия, Швецияда және басқа елдерде кеңінен пайдаланатын су энергиясының мол қоры бар, өзендердің көпшілігінің кеме қатынастық маңызы жоқ, бірақ оларды ертеде ағаш ағызу үшін кеңінен пайдаланған.

Еуропаның батыс шетінің рельефінде құрлықтық мұз баспаған төбелі жазықтар, үстірттер және аласа тау массивтері басым. өзендер террассаланған кең аңғарлармен ағып, тармақтанған жүйелер жасайды. Атлант мұхитына және оның теңіздеріне құятын өзендердің сағалары төмен түсу әсерінен және толысу толқындарының әрекетінен эстуарий болып таралады.

Батыс Европаның климат ерекшеліктері өзендердің режимінен айқын көрінеді. Тұрақты және мол жауын-шашындар, аязды кезеңдердің болмауы бүкіл жыл бойында ағынды біркелкі етеді. Қыстағы жаңбырлармен байланысты қыста өзендердегі судың деңгейі көтеріледі. Егер қыста ылғал ерекше мол түссе, су тасқындары өтіп, олар біртіндеп басталып, біртіндеп аяқталады. Жазда өзендерде су біршама азаяды, бірақ олар, әдетте, мүлде тартылып қалмайды.

Шығынның біркелкілігі және мұз қатпауы Еуропа батысындағы өзендерді бүкіл жыл бойында кеме жүзуге жарамды етеді. Көптеген ірі өзендердің эстуарийлерінде порттар орналасқан, толысу кезінде оларға мұхиттық кемелер өтіп бара береді. Осы өзендердің бассейндерінде жазық рельефтің басым болуы алуан түрлі өзен жүйелерін өзара жалғастыратын кеме жүретін каналдарды жасауды жеңілдетеді. Өзендердің мүндай типіне Сена, Темза т.б. жатады.

Еуропаның орта бөлігінде рельеф күшті тілімделген, өзендердің барлығы дерлік аласа таулардан басталып, жазықтармен ағып, Еуропаның ішкі бөліктерін теңіз бассейндерімен байланыстырады.

Батыстан шығысқа қарай климаттың континеттілігінің артуы өзендердің режимінен де көрінеді. Өзендердің барлығы қыста 2-3 жетіден үш айға дейін қатып жатады. Таудағы қардың еруіне байланысты болғандықтан судың мол болуы және тасуы көктемге келеді. Жаздың соңында күшті буланумен байланысты өзендердегі су деңгейі едәуір төмендейтін кезеңі болады, бірақ көлдердің реттеу ықпалының арқасында күшті саязда Жерорта теңіздік типтегі өзендердегі су режимі әркелкілігімен ерекшеленеді. Қысқы жаңбырлар кезінде олар суға аса толады да көп мөлшерде әр түрлі материалдарды алып келеді, ал жазда жауын-шашын мүлде болмайтын кезде сулары саязданады. Жазғы және қысқы кезеңдер аралығындағы су шығынының айырмашылығы бірнеше ондаған есе болуы мүмкін (мәселен, Эбро өзені). Италияның, Грецияның, Кіші Азияның оңтүстігіндегі шағын өзендер жаз кезінде мүлдем құрғап қалады.

Азияның шығыс және оңтүстік шеттеріндегі ірі және ұсақ өзендерде муссондық режим айқын байқалып, қыста деңгейлер қатты төмендейді. Биік таулардан басталатын көптеген өзендерде жаздың бірінші жартысында қар мен мұздың еруімен байланысты жаздық максимум күшейе түседі. Мұндай өзендер арнасынан жиі шығып, халыққа зиян келтіреді. Су тасқындарымен күресу және өзендірдің бұралаңдауын болғызбау үшін ойпат жазықтары алқабында олардың арналарын бойлай дамбалар соғады, бірақ олар да су жайылуынан әрқашан сенімді түрде сақтай алмайды.

Қысы суық әрі ұзаққа созылатын қоңыржай ендіктегі муссондық климат жағдайларындағы шетелдік Азияның солтүстік –шығысындағы өзендер ұзақ уақыт қатып жатады. Оларда қардың еруімен байланысты көктемде шамалы су тасуы болып, жазда муссондық жауындарға сәйкес жазда негізгі су тасуы өтеді. Режімнің мұндай типі Амур және оның салаларына, Солтүстік –Шығыс және Солтүстік Қытай, Корей түбегінің солтүстігіндегі (Ляохэ, Ялуцзян, Вэйхэ т.б.) өзендеріне тән. Солтүстік Қытайдың ең ірі өзені –Хуанхэнің режимі күрделі.

Азияның оңтүстік –шығысындағы өзендерде де максимумы жазға тура келетін муссондық режим айқын байқалады. Бірақ бұлар қыс кезінде қатты тартылмайды, өйткені Янцзы бассейнінен оңтүстікке қарай және Жапон аралдарының оңтүстігіне қыста циклондық жауын-шашындар түседі. Мысал ретінде бүкіл жыл бойы суы мол болатын Синцзян өзенін атауға болады.

Оңтүстік – Шығыс Азия өзендеріне, сондай-ақ күзде су тасу тән, ол тайфундардың өтуімен байланысты болады да көбінесе апаттық сипат алады.

Шетелдік Европаның жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімденуіне мынадай табиғат ерекшеліктері әсер етеді: морфоструктуралық құрылысы, гидроклиматтық ерекшеліктері және аймақтың өзіндік түрі. Шетелдік Европа ландшафттарының жалпы түрлік сипатын талдауда қазіргі кездегі табиғи кешендерін қалыптастыратын литогенездің алатын ролі зор.

Платформалық құрылымдардағы цокальды жазықтардың қалыптасуы, осыған байланысты табиғи комплекстің сипаты денудациялық моноклинальды-пласты жазықтардың эпигерциндік құрылымдардың түзілуімен ерекшеленеді.

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Шетелдік Европаның палеогеографиялық ерекшеліктері   Шетелдік Европаның тектоникалық және неотектоникалық ерекшеліктері   Табиғи байлықтар мен геологиялық ерекшеліктері

 

 

Европаның морфоструктурасы. Антропогендік әсердің нәтижесінде қазіргі заманғы геоморфологиялық процестердің дамуы     Литогендік негіз - ландшафттану факторы

 

Батыс Европаның климаты, ауа массаларының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар. Климаттың маусымдық ерекшеліктері мен климат типтері.

 

Климаты. Батыс Европа төрт географиялық белдеулерде орналасқан. Аталған белдеулер меридиан бағытымен солтүстікте арктикалық белдеуден оңтүстікте субтропиктік белдеуге дейін ауысып отырады. Белдеулердің ауысуы теңіз жағалауынан әртүрлі қашықтығы мен рельефтің ірі формаларының алуан түрлілігі климат жағдайларының өзгеруіне әсер етеді.

Европаның негізгі бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Сондықтан бұл белдеуде батыстан соғатын желдер басым, олар Солтүстік Атлантикадағы Исландия циклоны мен Азор антициклонының әсерінен пайда болады. Атлант ау массалары Батыс Европаның үстімен жиі қозғалып жылы және ылғалды климаттың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Оңтүстіктегі түбектер субтропикалық белдеуде жатыр, жазда олар циркуляцияның тропиктік типінің әсеріне ұшырайды. Ал Фенноскандияның солтүстігіне суық жыл мезгілінде арктикалық ауа массалары келеді. Негізгі ылғалды Атлант ауа массалары Орталық Европаның шұңқырларының үстінде қалыптасады. Шетелдік Европа климатының негізгі ерекшеліктері: қыста – арктикалық массалар, жылы Гольфстрим ағысы, Исландия минимумы әсер етеді. Ауаның циркуляциясында полярлық жоғарғы қысымды облысы салқын арктикалық ауаны оңтүстікке апарып кей мезгілдерде олар Жерорта теңізіне дейін жетеді. Орташа температура 0°-тан төмен. Мұхит беті суық мезгілде құрлықтан жылылау болып олардың үстінде төменгі атмосфералық қысым орнайды. Солтүстік Атлантиканың шығыс бөлігінде бұл процесс айқын байқалады, себебі мұнда Гольфстрим мен Солтүстік Атлант жылы ағыстарының нәтижесінде Солтүстік Атлантиканың үстінде тұрақты және өте терең Исландия депрессиясы қалыптасады. Азор антициклоны қыста оңтүстікке жылжып Европаның климатына қыста үлкен әсер ете алмайды.

Суық материк үстіндегі ауа тығызданып, төмендейді. Соның нәтижесінде атмосфераның жер бетіне жақын жатқан қабатында жоғарғы қысым облысы, ал жоғарғы қабаттарда төменгі қысым облысы пайда болады. Ылғалды және жылы Атлант ауа массалары мен континенттік суық ауа массаларының тоғысқан жерінде поляр фронты пайда болады. Оның траекториясы Шотланд қыраты мен оңтүстік Скандинавияның үстімен өтеді. Осы циклондар Европаға негізгі жылы ауа массалары мен көп жауын-шашын алып келеді.

Жазда Исландия минимумы әлсіреп, мұхит үстінде жоғарғы қысым орталығы қалыптасады да, Азор максимумы мен оңтүстік тропиктік ауа массаларының әсері басым болады. Соған байланысты жер бедерінің макро- және мезо- құрылымы және жер бетіндегі мезо- және микро- климаттың қалыптасуына негіз болады. Шамадан тыс ылғалдылықтың мол болу жағдайы (2000 мм/ж астам) Фенноскандияның оңтүстік-батысы, Пиреней тауының солтүстік-батысы, батыс Динар тау сілемдерінде орманды ландшафт типтерінің қалыптасуына жағдай туғызады. Шілде айының орташа температурасы Финляндияның оңтүстігінде +17°С, ал Норвегияның солтүстігінде +13ᵒС-ға тең. Европаның қалған бөлігінде шілде изотермалары +17ᵒС (орталық Европаның солтүстігі) +20ᵒС (Францияның оңтүстігі) және +22ᵒС-ға дейін Дунай жазықтары жетеді. Батыс Европаның ең жылы аумағы – Жерорта теңіз жағалаулары. Шілде айының орташа температурасы +23+26ᵒС. Жауын-шашынның негізгі бөлігі Жерорта теңізі жағалауына қыс мезгілінде түседі, ал жазда бұл аудан атмосфералық ылғалдылықтың жетіспеушілігіне ұшырайды.

Жауын-шашынның көп мөлшерін Скандинавия тауларының батыс макробеткейлері мен Шотланд қыраты алады. Британь аралдарында жылдық жауын-шашынның мөлшері жел жақ беткейінде 2500-4000 мм. аралығында түссе, желге қарсы беткейінде 500-700 мм. түседі. Орталық аудандарында жылдық жауын-шашынның мөлшері мен ылғалдануы рельефке немесе жер бедеріне байланысты.

Орта Европа жазығында 550-750 мм., орталық орташа тауларда 1000-2000 мм. аралығында. Дунай бойы жазықтарында жауын-шашын мөлшері 5000 мм. жетсе, төменгі Дунай жазығының шығысында 300 мм-ге жетеді.

Оңтүстік Апенинде жауын-шашын мөлшері 1500-2000 мм., Динар таулы үстіртінің батысында 5000 мм-ге дейін, ал Альпінің оңтүстік-шығыс беткейінде 4000 мм-ге дейін. Жазда Жерорта теңізі аймағында 1айдан 5айға дейін жауын-шашын болмайды.

Жалпы шетелдік Европада мұхиттық климат түрлерінің дамуына: а) аумақтың орографиясы, яғни бірінші кезекте батыс ауа массаларының ағынының жолында тау тосқауылдарының жоқтығы (Скандинавия тауларынан басқа) теңіз ауасының материк ішіне терең енуіне мүмкіндік береді; б) климаттың ылғалдылығы батыс Европа аумағына терең еніп тұрған шығанақтар мен теңіздердің әсерінен күшейеді. Ең құрғақ табиғат кешендері субтропикалық белдеу жағдайларында дамыған. Ал Месетаның құрғақ далалы табиғи кешендері ылғалдылықтың жетіспеуімен (300 мм/ж) сипатталады.

Климат типтері. Климаттық белдеулердің шекаралары рельефке байланысты анық білінбейді.

Арктикалық белдеуде (Шпицберген архиппелагы) жыл бойы суық арктикалық ауа массаалары басым болады, ауаның температурасы өте төмен.

Исландия мен Скандинавияның қиыр солтүстігі субарктикалық белдеуде орналасқан.

Мұхит ауа массаларының басым болуына байланысты бұл аудандардың климаты қыста жылы және өте ылғалды, жазда салқын және ылғалды болады.

Қоңыржай белдеуде Европаның негізгі бөлігі орналасқан.

Қоңыржай белдеу екі бөліктен құралған:

1. Солтүстік бореальді (жазы салқын, қысы қатал)

2. Оңтүстік суббореальді (жазы жылы, қысы жұмсақ)

Атмосфералық ылғалдану дәрежесінің әртүрлілігі әр белдеу бөлігінде теңіздік, ауыспалы және континенталды климат типтерін бөлуге мүмкіндік береді.

Субтропикалық белдеуде Жерорта теңіздік Европа орналасқан. Ауа массаларының мезгіл бойынша ауысуы байқалады, қыста мұнда қоңыржай ауаның батыс желі басым, ал жазда тропиктік антициклон тұрады. Осының нәтижесінде Жерорта теңіздік Европада құрғақ және ыстық, жазы жылы және өте ылғалды қыс болады. Теңіздік және континенталды климат типтерінің айырмашылығы кез келген түбекте жергілікті жердің батыс циклондық ауа ағынына орналасуына байланысты көрінеді.

 

Дәріс 2 блоктан тұрады:

 

Климаттың негізгі элементтерінің ландшафт құруға әсері   Шетелдік Европаның табиғи орта ерекшеліктері. Гидроклиматтық фактор. Шетелдік Европаның ішкі сулары.

 

Шетелдік Европаның қазіргі биотасының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары палеогеографиялық және тарихи ерекшеліктеріне байланысты болады. Биота литогенез бен климат компоненттеріне тәуелді бола отырып, кеңістік-уақыт қатынасында тез өзгеріске ұшырайды. Бірақ Шетелдік Европада табиғи кешен мыңдаған жылдар бойы жерді игеру сипатында болғандықтан зоналы тип кешендері бұзылған, сондықтан да Шетелдік Европаның күрт өзгерген территорияларында (Корнуэл түбегі, Лондон бассейні, Ютландия түбегі) ландшафттың антропогенді модификациясы қалыптасқан. Топырақтың қышқылдануы, эрозия мен дефляция, қажетсіз табиғи кешендерінің қалыптасуы, адамзаттың ауыл-шаруашылықпен айналысуына теріс әсерін тигізеді, яғни, "табиғат пен адам" арасындағы байланысты бұзады. Осыған мысал: күрт өзгерген Падан ойпаты.

Дәріс 3 блоктан тұрады:

 

Қазіргі кездегі биотаның палеогеогра-фиялық және тарихи тұрақтылығы.   Қазіргі кездегі биотаға талдау жасау, оның антропогенезі.   Биота пішінінің өзгеруі, табиғи пайдаланудың рациональды жолдары. Биотаны қорғау.
         

 

Батыс Европаны физикалық географиялық аудандастыру. Аймақтар бойынша сипаттама.

 

Шетелдік Европаның физико-географиялық аудандастыруының ең ірі региональдық бірліктері болып физико-географиялық аймақтар жатады: Исландия, Фенноскандия, Орта-Европа жазығы, Герциндік Европа мен Британ аралдары, Альпі, Карпат-Дунай аймағы және Европалық Жерортатеңіз. Олар генетикалық бірлестік пен жер бедерінің макроқұрылымы бойынша бөлінеді. Әрбір физико-географиялық аймақ облысқа бөлінеді. Мысалы, Альпі таулары екі физико-географиялық облысқа бөлінеді: батыс және шығыс.

Батыс Альпінің солтүстік және оңтүстік бөлігі физико-географиялық провинцияға кіреді. Физико-географиялық аймақтың кеңістікте бөлінуі негізінен көп факторлы зональды және азональдық ерекшеліктермен сипатталады.

 

Дәріс мына блоктардан тұрады:

 

Физико-географиялық аудандастыру бірліктерін анықтаудың негізгі принциптері.   Физико-географиялық аудандастыру принциптерінің анықталуын негіздеу (дәлелдеу)   Ірі аймақтар бойынша физико-географиялық бірліктерді талдау.

Исландия - түгелден ежелгі жас және қазіргі вулкандық жыныстардан тұратын, вулкан әрекетінен пайда болған арал. Аралдың негізгі түрлі түсті базальттық лава қабатынан тұрады, олар неоген дәуірінде дүмпуге жарылысқа ұшыраған.

Қазіргі кезде Исландия Жердің ең вулканды аймақтарының бірі болып табылады. Онда вулкандық әрекеттің барлық белгілері: вулканның атылуы, ыстық сулар мен газдардың шығуы, тіпті жаңа вулкандардың пайда болуы кездеседі.

Арал рельефі көбінесе таулы, ойпатты жерлер, тек батыс және оңтүстік батыста кездеседі. Аралдың көпшілік бөлігі теңізге қарай тік төніп тұрған биіктігі 400-600 метр базальтты үстірт.

Климатына тоқталатын болсақ, Солтүстік Атлантика жылы ағысының тармағы аралдың оңтүстік жағалауларының тұсынан өтеді. Ол Исландяиның оңтүстік және батыс бөліктерін жылытып қысқы температурасының айтарлықтай оң аномалиясын тудырады. Солтсүтік Исландияға жағалау маңына қалқыма мұздарды ағызып әкелетін Гренландяи суық ағысы келеді. Жылы ағыс пен суық ағыс тоғысатын жерде ауа райы өте құбылмалы, дауылды, тұманды болады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)