АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Метан (І), этан (ІІ), этилен (ІІІ) ацетилен (ІV) - молекулалары

Читайте также:
  1. АЛКИНЫ (АЦЕТИЛЕНОВЫЕ УГЛЕВОДОРОДЫ).
  2. Ацетилен
  3. Ацетиленовые углеводороды.
  4. Бедржих Сметана
  5. Задачи и средства обучения технике метания гранаты и мяча
  6. Метание копья
  7. Метанол (метиловий, деревний) спирт
  8. Остаточное давление в ацетиленовых баллонах
  9. ПОЛИЭТИЛЕНТЕРЕФТАЛАТ
  10. ПОЛИЭТИЛЕНФТАЛАТ
  11. Правила соревнований по толканию ядра, метанию мяча, гранаты, копья

Я. Вант – Гофф органикалық химияға көптеген жаңа ұғымдарды енгізді:

- төрт түрлі орынбасарлармен байланысып тұрған атомды а с и м м е т р и я л ы қ атом (төменде көрсетілген бутанол – 2-де белгі салынып көрсетілген көміртегі) деп атады:

Н

 
 


СН3 С* С2Н5


ОН

- молекулалардың конформациясы (түр сипаты, молекула құрылысының тұрмыста көріп жүретін бір нәрселердің формасына ұқсастығы) заттың тұрақтылығын біршама сипаттай алатын геометриялық форма;

- цис-, транс- формалар туралы;

- жай байланысы бар заттар молекуласында атомдар тобының еркін айналысы: Н

Н Н

С

С

Н Н

Н

болатындығы және т.б. өз заманында өте озық пікірлер айтты.

Лекция 27

Бесінші негізгі топша элементтерінің ашылу тарихы

Жоспар:

1. Азоттың ашылу тарихынан.

2. Фосфордың ашылу тарихынан.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

 

1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.

2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.

3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.

4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.

5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.

6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж

7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

1. Азоттың ашылу тарихынан.

Ауада азот бар екендігі Қытайда 8 ғасырда Мао-Хоаның жұмыстарында жазылған. Европада азоттың ашылуы ауаның күрделі қоспа екендігін білумен қабат жүрді. Осы бағытта азотты алғаш 1772 жылы жәрдемсіз екендігін анықтап, Резерфорд оның дем алуға, жануға жәрдемсіз екендігін анықтап «улы ауа» деп атаған; сол жылы, ағылшынның екінші ғалымы Пристли азотты басқа жолмен алып «флогистонданған ауа» деп ат қойған. 1773 жылы Карл Вильгелм Шееле ауаның екі газдан тұратындығын, оның бірі «бұзылған ауа» екендігін анықтайды. Сол уақытта Кавендиш те сондай қорытындыға келеді. 1776 жылы Антуан Лоран Лавуазье осы айтылған «улы», «флогистонданған», «бұзылған ауаны» тексеріп соның барлығы бір зат екендігіне көзі жетіп ауаның бұл бөлігін азот (грекше «а» өзінен кейінгі сөзді теріс мағынаға аударатын бөлшек «зоэ»-тіршілік) тіршіліксіз деп, азотсыз тіршіліктің жоқ екендігін білмегендіктен, Лавуазье азотқа қате атқойған. Азотты, англо-саксон тілінде сөйлейтін елдерде Nitrogen «селитра туғызушы», неміс тілінде Stickstoff – «тұншықтырғыш материя» деп атайды.

Лавуазье атын теріс қойғанмен, азот тіршілікке өте керек элемент. Азот белок құрамына кіретіндіктен, бүкіл өсімдіктер мен жануарлардың дене құрамында болады. Клеткаларда болатын белоктардың түрлі өзгерістері тіршілік процестерінің негізі, сондықтан белоксыз, демек азотсыз тіршілік жоқ.

2.Фосфордың ашылу тарихынан. 17-ғасырдың алхимигі Геннинг Бранд (Германия, Гамбург 1669ж) жастық эликсирін іздеу талабында адам несебін көп етіп жинап, қайнатып суалтып, құрғатып құм және ағаш көмірін араластырып, ауа қатынастырмай өте қатты қыздырып, ақтығында бір қызық зат алады, онысы тұтанып кетеді. Бұл жаңа зат көп жұртты қызықтырды. Бранд өзінің бұрынғы саудагер купецтігіне тартып осындай тәжірибелер көрсеткені үшін ақы алды, жаңа заттың болмашы мөлшерін көп алтынға сатты. Біраз уақыт өткен соң Бранд фосфорды жасау құпиясын Дрезден химигі Крафтқа сатады, ол да қала-қаланы аралап Брандтың кәсібімен көп ақша табады.

Мұнан 11 жыл кейін Бойль фосфор алудың әдісін табады, ол да онда пайда шығармақ болыпты, бірақ мақсатына жете алмай қайтыс болады. Бойльдың ассистенті Гауаквиц жеке ғалымдарға, ғылыми мекемелерге фосфорды сатып көп байлық жинап алады.

1743 жылы химик А. Марграф фосфор алудың оңай әдісін тауып, оны жариялайды, содан бастап «фосфор саудасы» тыйылады «фос» грек тілінде- жарық, «феро»-әкелем деген сөздер. Фосфор қараңғыда жарқырайтындығынан «жарық әкелуші» фосфор деп аталған.

 

 

Лекция 28

Галогендердің ашылу тарихынан

Жоспар:

1. Фтордың ашылу тарихынан.

2. Хлордың ашылу тарихынан.

3. Бромның ашылу тарихынан.

4. Иодтың ашылу тарихынан.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

 

1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.

2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.

3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.

4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.

5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.

6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж

7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

 

 

1. Фтордың ашылу тарихынан. Фторды бос күйінде алу, химиялық элементтерді алудағы қиыншылықтың ірісінің бірі болды. Өйткені фтор өте улы, әрі өте реакцияласқыш ыдыс-құралдың материалдарымен реакцияласады.

1886 жылы, Муассан еңбегінің нәтижесінде, фторды алудың әдісі табылды. Осы кезде фтор өнеркәсіптік көлемде сол әдіс негізінде алынады.

Бұл әдіс электролиз кезінде фтор ионын фтор атомына айналдыруға негізделген.

Барлық элементтердің ішінде химиктерге фтордай кеселін тигізген элемент болмас. Фторды алам деуші талай химиктердің денсаулығына зақым келді, біразы ажал тапты. Көп химиялық элементтерді ашқан атақты Дэви уланып мерзімінен бұрын қайтыс болды. Ирландия ғылым академиясының мүшесі Томас Нокс қаза болды, сол академияның тағы бір мүшесі Георг Нокс уланып мүгедек болды. Нансидағы белгілі химик Джерон Никлес көп азап шегіп, қайтыс болды. Белгияның химигі проф. П. Луйэ. Нокстардың не болғанын біле тұрса да, осы фтордан қаза болды. Белгілі ғалым Гей-Люссак, оның қызметтесі химик Тенар фтордан уланған болатын. Көп қиыншылықтардан кейін фторды жеңген Муассан да бір көзінен айырылған. Фтормен жұмыс істеу өте үлкен ұқыптылықты керек етеді, сәл салақтық болса фтор ең кемі адамның тісін күйретіп, тырнақтарына зақым келтіреді.

2. Хлордың ашылу тарихынан. Карл Шееле 1774 жылы «марганецпен» «теңіз қышқылының» әрекеттесуін зерттей отырып сары түсті, тұншықтырғыш газ бөлініп шыққанын байқайды. Шееле флогистон теориясын жақтаушы болатын, сондықтан теңіз қышқылының флогистонын марганец алған екен деп ойлап, ол газды «флогистонсызданған теңіз қышқыл» деп атайды.

Соңынан бұл газды Бертолле (1780ж) зерттеп, оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы мен оттегіні беретінін байқап, бұл газда оттек бар екен деп ойлайды да, оны «тотыққан тұз қышқылы» деп атайды. Россияда В.М. Севергин (1800ж) А.Н. Шерер (1807ж) Захаров (1810ж) тотыққан тұз қышқыл газ деп атаған. Сөйтіп, хлор оттекті қосылыс деген ұғым, әсіресе Берцелиустың қолдауымен, нық орнаған болатын.

Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар 1808-1809 жылдарда хлорсутекке натриймен әрекет еткенде сутектің бөлініп шыққанын байқайды, екінші жағынан солар сутекпен «тотыққан теңіз қышқылы» (хлор) қосылып, хлорсутек түзетінін тәжірибеден көреді: Олай болғанда «тотыққан теңіз қышқылы» жай зат деп қорытынды шығаруға батылы бармайды, өйткені ол жай зат болса, оның ішінде оттек болмайды; ол мүмкін емес деп ойлайды. 1810 жылы осылардың барлығына Дэви қарсы шығып, тотыққан теңіз қышқылы деп жүрген күрделі зат емес жай зат деп оған хлорин деген ат береді. Дэвидің пікіріне Бертоле (1811ж) соңынан Гей-Люссак пен Тенар (1812ж) қосылады. Гей-Люссак хлор деп ат береді. Берцелиус бастаған бір топ химик көніңкіремей жүріп, Дэви мен Гей-Люссактың қосымша тәжірибелерінде ол газда оттек жоқ екендігі дәлелденген соң, оларда қояды.

Россияда 1813 жылы Гизе тұзтуғызушы, 1820 жылдан бастап әсіресе Гесстің жұмыстарында (1835ж) хлор деп аталады. Швейгер 1811жылы хлордың натриймен тікелей қосылысқанын бақылағаннан кейін химияға гологен деген сөзді енгізеді.

Сөйтіп хлор 1774 жылы ашылғанымен 36 жыл кейін ғана толық мойындалды.

3. Бромның ашылу тарихынан. 1825 жылы Гейдельберг университетінде (Германия) проф. Гмелиннің қарамағында Левиг деген студент ащы бұлақтың суын зерттейді, суға хлор жібергеде қоңыр түсті сұйықтық бөлініп шығатынын көреді, оны көбірек жинап содан кейін зертемек болады.

Бірақ бұл зерттеу бітпес бұрын 1826 жылы Францияда Балар бром деген жаңа элемент ашыпты деген хабар жарияланады. Гмелин мен Левигтің зерттейміз деп жинап қойған сұйықтығы жаңа ашылған бром екен.

Балар теңіз суын суалтып оған хлор жібереді, түзілген қоңыр түсті сұйықтықты айдап ажыратып алып, зерттеу арқылы жаңа элемент екеніне көзі жетіп, оны мурид деп атайды.

Франция академиясының дәстүрі бойынша сайланған комиссия-Вокелен, Тенар, Гей-Люссак-Балардың жаңа элемент ашқандығын дұрыстайды. Сол комиссияның ұсынысы бойынша оны бром (бромос-сасық) деп атайды.

Неміс химигі атақты Либих, Балардың бром ашқандығын естісімен лобораториясында көп уақыттан тұрған, үстіне «хлор мен иодтың қосылысы» деп жазып қойған сұйықты зерттесе ол бром екен. Либих уақытында жете тексермегеніне өкініп, соншалық үлкен ғылыми табыс қолында бола тұра, оның абыройы, атағы, бұрын ешкімге белгісіз Баларға бұйырғанына іші күйіп, ызаланып, ғалым адамның айтуына лайықсыз «бромды ашқан Балар емес, Баларды ашқан бром» деп ащы сөз айтыпты.

4. Иодтың ашылу тарихынан. Өткен ғасырдың басында Наполеонның толып жатқан басқыншылық соғыстарына өте көп керекті «мылтық дәрісін» (порох) жасауға селитра қажет болды; Селитраны теңіз балдырларынан алуды көп кісі кәсіп қылды. Париждің түбіндегі аптека ұстаушы Куртуа селитра заводын салды. Селитра қайнататын қазанның түбінде бір белгісіз тұздарды зерттей келе, оның күкірт қышқылымен әрекеттесе күлгін түсті будың шыққанын байқайды, буды жинаса ол металл сияқты жылтыр кристалдарға айналады. Куртуа бұл затты таныс профессоры Клеманға, ол Гей-Люссакқа береді. Гей-Люссак оны қонаққа келген Дэвиға көрсетеді. Гей-Люссак пен Дэви мұның қасиетін зерттеп Кутуаның тапқаны жаңа элемент екенін анықтайды. Оны иод (грекше «йодос»-күлгін түс) деп атайды.

 

Лекция 29

Сегізінші топ элементтерінің ашылу тарихынан

Жоспар:

1. Инертті газдардың ашылуы

2. Криптон, Неон, Ксенонның ашылуы

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

 

1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.

2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.

3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.

4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.

5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.

6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж

7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

Лекция мәтіні:

 

1. Ағылшын физигі Рэлей 1882 жылы ауадан алынған азоттың бір литрінің салмағы 1,2572г, ал қосылыстарынан (NH4NO2) бөлініп алынған азоттың бір литрінің салмағы 1,2505г екендігін тауып, ауадан алынған азоттың неге ауыр екендігін шеше алмады. Ағылшын химигі Рамзай (1858-1916) ауадан алынған азотқа араласқан ауырырақ газ бар шығар деген жорамал айтып, Рэлеймен бірігіп ауа азотын зерттеді. Рэлей ауадағы азотпен оттекті қосып, азот оксидтерін сілтімен реакцияластырып қарағанда, алынған азоттан басқа бір газдың қалатынын байқаған. Рамзай басқаша жолмен, ауадағы азотты магниймен реакцияластырып «магний нитридіне» айналдырғанда, ол да азоттан басқа қалатын аз ғана газды табады. Оны зерттегенде, бұрын белгісіз жаңа элемент екендігі анықталады.

Осы жұмыстардың нәтижесінде Рамзай мен Рэлей 1894 жылы Аргон (грекше жалқау) деген жаңа элемент ашқандықтарын жариялайды. Бұл кезде Бунзен мен Кирхгоф тапқан спектр анализі қолданыла бастаған еді. 1868 жылы күн тұтылғанда, соның протуберанцтарының біреуінің бетінен ол кезде жерде жоқ жаңа элементтің сызығын табады, оны күннен тапқандықтан Гелий деп атаған.

Америкада табылған клевейт деген минералды тұз қышқылы мен әрекеттегенде, одан азотқа ұқсас бір инертті газ бөлініп шығады дегенді Рамзай естиді. Рамзай 1895 жылы сондай етіп; ол газды жинап алып спектрін зерттейді де, оның Гелий екендігін анықтап, Гелийді жерден табады.

2. Рамэай мен Рэлей аргонды тапқаннан кейін-ақ, оны периодтық жүйенің жаңа нолінші тобының бірінші элементі деп есептеген, енді гелийде сол топқа жазылды. Менделеев бұл ұсынысты мақұлдаған болатын.

Сегізінші топқа гелий мен аргон орналасқаннан кейін, периодтық жүйенің заңына сәйкес, сол топқа тағы бірнеше элементтің орны бос екендігі анықталды. Сөйтіп, инертті газдар екеу емес, тағы бар екендігіне, оларды әлі іздеу керек екендігіне жол көрсеткен периодтық жүйе болды.

Рамзай Менделеев әдістерін қолданып жоқ элементтердің қасиеттерін болжайды. (неонды), соңынан ауадан ол элементтің өзінде табады. 1896-1898 жылдарда Криптон (жасырынды), неон (жаңа), ксенон (бөгде) ашылды. Кейінірек 1900 радиоактив құбылыстарын зерттегенде радон табылды.

 

Лекция 30

Химияны дамытудағы қазақстандық ғалымдардың үлестері

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі және қосымша әдебиет

 

1. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. М. ВШ., 1981ж.

2. Грандберг И.И. Органическая химия. М.,1974г.

3. Бірімжанов Б. Жалпы химия. Алматы: ҚазҰУ, 2001ж.

4. Бірімжанов Б., Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы: Ана тілі-1992ж.

5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.ВШ., 1988г.

6. Усанович М.И. Из истории химии. Алматы: «Қазақ университеті»-2004ж

7. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы: «Білім», 2003ж.

 

Лекция мәтіні:

 

Елімізде химия өнеркәсібі 1932 жылдан дами бастады деп айтуға болады. Ақтөбеде, содан соң басқа обылыстарда химия өндіріс орындары салына бастады. Қазақстан қазір жаңадан құрылған қуатты химия өнеркәсібі бар іргелі елге айналды.

Қазақстанда ең алғаш Химия ғылымдары институты 1945 жылы ашылды. Оның директоры Қазақстанда химия ғылымынан білім берудің негізін қалаған атақты химик- ғалым, академик Ә.Б. Бектұров.

ХХ ғасырдың екінші жартысынгда елімізде химияның теориялық және практикалық маңызы зор салалары дамытылды. Мысалы, қышқылдар мен негіздер теориясы (М.И. Усанович); амальгамалық химияның теориясы мен практикасы (М.Т. Козловский); катализдік әсерді алдын ала болжаудың теориялық негіздері (Ә.Б. Бектұров); поликонденсациялау процестерінің химиясы (Б.А. Жұбанов); сирек және түсті металдар өндірудің физикалық-химиялық негіздері (Е.А. Букетов); континенттік тұз түзілудің физикалық-химиялық негіздері (Б.А. Бірімжанов) қаланды және әрі қарай жетілдіріліп келеді.

Елімізде органикалық химия саласындағы зерттеулер 1938 жылдан бастап дамыды. Қазақстанда ТМД көлеміндегі тұңғыш рет поликонденсация реакциясын зерттеп, талшық түзетін полиамидтерді академик С.Р. Рафиков (1940ж) синтездеді. Оның ұсынысы бойынша Қазақстанда мұнай өнімдерінің ауыр қалдықтарын зерттеу және оларды жоғары молекулалы қосылыстарға айналдыру, органикалық қосылыстарды тотықтыру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстандық ғалымдар түрлі өндірістік бұйымдар жасауға ыңғайлы, механикалық беріктігі жоғары, тамаша техникалық қасиеттерге ие жоғары молекулалы қосылыстарды, макромолекулалық жүйелерді зерттеуде де зор жетістіктерге жетті. Мысалы, академик Б.А. Жұбановтың жетекшілігімен туберкулез ауруына қарсы препараттар, сондай-ақ әсер ету мерзімі ұзақ, жергілікті жансыздандыруға қолданылатын қабыршықтар синтезделеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда химиктердің қатары жыл сайын артып келеді. Тәуелсіз еліміздің өркендеуі үшін адамзаттың алдында тұрған келелі міндеттерді шешуге өзіндік үлестерін қосуда. Олардың қатарына З.М. Молдахметов, Қ.Ж. Пірәлиев, С.М. әдікенов, А.М. Ғазалиев, Қ.Б. Ержанов және басқа ғалымдарды атауға болады.

Өскелең ұрпақтың ендігі міндеті- егеменді елімізді дамытуға, химия ғылымының деңгейін арттыруға бар күш-жігерлерін жұмсап, алдыңғы буын ағалар ісін жалғастыру болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

 

«Сырдария» университеті

«Химия-биология» факультеті

«Химия-биология» кафедрасы

 

 

«Химия тарихы» пәні бойынша.

 

050112- «Химия» мамандықтарының студенттері үшін.

 

 

Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары

ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ

(СӨЖ)


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)