АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке фармакология

Читайте также:
  1. КЛИНИЧЕСКАЯ ФАРМАКОЛОГИЯ ИСПОЛЬЗУЕМЫХ ПРЕПАРАТОВ
  2. Нейрофармакология
  3. Общая фармакология.
  4. Отечественные ученые, внесшие большой вклад в науку фармакология
  5. По дисциплине фармакология
  6. Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
  7. Фармакология гормонов щитовидной железы.
  8. Фармакология как наука
  9. Хронофармакология

Микробтарға, вирустарға және паразиттерге қарсы әсер ететін д.з.

Бұл д.з.адамның жұқпалы дерттерден емдеуге және алдыналу шараларын жасауға қолданамыз.

1. Антисептикалық және заласыздандырғыш заттар.

Антисептика (anti – қарсы, septicas – шіру) терінің сырқы қабатын, шырышты қабаттарды, ашық жараларды, күйіктерді және дене қуыстарына арналған.

Заласыздандыруға арналған (des – жағымсыз, inficere – жұқтыру) заттар қоршаған ортаны заласызданылуы (бөлмедерді, киімдерді, науқастардың пайданалатын заттары, құрал – жабдықтар).

Көбінесе антисептикалық заттар үлкен концентрацияда заласыздандыру зат ретінде қолданады. Антисептиктер мен заласыздандырғыш заттар көптеген микроорганизмдерді жояды және адам ағзасына жоғары уытты әсер көрсетеді.

2.Химиотерапевтік әсер көрсететін заттар. Адам ағзасына инфекциялы дерттер тутыртатын қоздырғыштарды жояды. Олар жоғары таңдамалы микробраға қарсы әсер көрсетеді және адам ағзасына уытты әсер көрсетпейді.

Қолдануға арналған д.з. табиғатына және дозасына байланысты дертті қоздырғыштарға бактерицидттік (микроорганизмдерді жояды cido - өлтіремін) немесе бактериостатикалық (өсуін тоқтатады) әсер көрсетеді.

 

Антисептикалық және залалсыздандырғыш д.з. классификациясы.

Химиялық тобы Препараттары
Галогенді қосылыстар Құрамында хлор бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконат. Йоды бар:пиртті йод ерітіндісі, Люголя ерітіндісі, йодоповидон (бетадин), йодинол, йодонат, йодопирон
Тотықтырғыштар Сутегі асқынтотығы ерітіндісі,калий перминганаты.
Ауыр металдардың қосылыстары. Сынап:дихлорлы сынап (сулема),сынаптың сары тотығы Күміс:күміс нитраты,протаргол,колларгол. Мырыш:мырыш сульфаты,мырыш тотығы. Мыс:Мыс сульфаты Висмут:ксераформ,дерматол
Альдегидтер және спирттер Формальдегид,гексаметилентетрамин(уротропин), этил спирті.
Фенолдар және оның туындылары. Таза фенол(карбол қышқылы), резорцин, қайың деготі, ихтиол
Нитрофуранның туындылары фурацилин
Бояғыш заттар Бриллиантовый зеленый,метиленовый синий,этакридина лактат(риванол)
Қышқылдар мен сілтілер Қышқылдар:Бор,салицил Сілтілер:аммиак ерітіндісі
Детергенттер Церигель,дегмицид,роккал,жасыл сабын
Табиғи препараттар Тұнбалар,тұндырмалар:календула,жапон софоры, түймедақ (ромазулан), шалфей (сальвин), Эвкалипт (хлорофиллипт, эвкалипт майы), зверобой (новоиманин), чеснок, лук және т.б. антисептикалық өсімдік жинақтары:эктерицид, лизоцим,бализ-2.

 

Құрамында галогендер бар антисептиктер белсенді галендерден тұрады: хлор немесе йод, микроб клеткасының протоплазмасын ірітіп, өлтіреді.

Chloraminum B-хлоромин Б: ұнтақ, 1,5-2% ерітіндісі ашық жара жуу үшін тампондармен пайдалану үшін қолданады; 0,25-0,5% ерітіндісі қолды жуу және құрал – жабдықтарды заласыздандыру үшін қолданамыз; 1-5% науқастардың қолданған нәрселерін заласыздандыру үшін қолданамыз.

Chlorhexidini bigluconas - хлоргексидин биглюконат (абацил, гибискраб, манусан): фл.20% 500мл ерітінді; 0,5% сулы спиртті ерітіндісін операцияға кесетін жерді сүртеміз; 0,5% ашық жарамен күйікті жуу үшін; 0,5% спиртті - 1% сулы ерітіндісін құрал – жабдықтарды заласыздандыруға және қол жууға қолданамыз; 0,1% сулы ерітіндісін жалпы заласыздандыруға қолданамыз; 0,02 - 0,05% қуықты жуу, венерикалық жұқпалы дерттерінде алдын алу шараларын жасайды. Ол микробтарға, фунгицидтік - саңырауқұлақтарға қарсы әсер етеді. Қолдың терісін құрғатып қышыма мен дерматит шақыруы мүмкін.

 

 

Құрамында хлоры бар заттар жаман иісті жояды.

Спиртті йод ерітіндісі - раствор йода спиртовой - Solutio iodi spirituosa(Б) –фл. 5% ерітінді 10, 15, 25мл және амп. 5% көлемі 1мл – операция жасайтын жерлерді, хирурктің қолы, жаралардың шеттері жуылады. Қатты тітіркендіргіш әсер көрсетеді, химиялық күйік тудыруу мүмкін. Люголя ерітіндісі (йод ерітіндісі мен сулы калий йодиді қосылған) тамақ дерттерінде шырышты қабаттарға жағу үшін қолданамыз.

Йодофоры (йодинол, йодовидон, йодонат) йодтың жоғары молекулалы қосылыстары мен белсенді заттармен құрылған. Бұл препараттар суда жақсы ериді (йодтың бір өзі суда ерімейді), белсенділігі жоғары, теріні тітіркендірмейді, аллергиялық реакциялар шақырмайды, тері қабатын боямайды. Тамақ және мұрынның шырышты қабаттарын заласыздандыруға, ашық жараларды, күйікті емдеуге қолданамыз.

Iodopovidon - йодоповидон (бетадин, йодовидон, повидон - йод):фл. 10% ерітінді 30мл; 100мл және 500мл - операция жасайтын жерлерді, ашық жараларды, күйіктерді жуу;фл. 1% ерітіндісі 100мл - ауыз қуысын шайқауға; мазь 1%20,0 тері қабатына жұқа ғылып күніне 3 мезгіл жағуымыз керек; свечи 0,2 гр вагиналды ұйықтар алдында күніне 1рет қолданамыз.

Iodinolum (Б) - йодинол: фл.100мл-ден ашық жараларды, күйікті емдеу үшін күніне 1-2 мезгіл марлямен ылғалдандырып жараға қоямыз; тамақты 2-3 арасында уақыт жіберіп жууға болады. Құлаққа, мұрынға тамшы ретінде де қолданамыз.

Тотықтырғыштар атомарлы (калий перманганаты) немесе молекулярлы (перекись водорода) оттегі ыдырауы, микроорганизмдердің протоплазмасының тотығу-тотықсыздану процесстері бұзылуы арқылы жүреді. Атомарлы оттегі бактерицидті әсер көрсетеді. Перекись водородада молеклярлы оттегінің көп бөлінуінен көбік пайда болады, осы көбік ашық жараның механикалық тазаруын, қаннаң тақтауын қамтамасыз етеді, аз уақыт ішінде. Екеуі де ауаны тазалауға әсер етеді.

Kalii permanganas – калий перманганаты: ұнтақ 0,01-0,1% ерітіндіні ауыз қуысын және тамақты шаюға спринцованияға, дене қуыстарын жууға арналады, морфин және т.б. алкалоидтармен, фосформен уыттанғанда асқазан жолдарын жуамыз; 0,1-0,5% ерітіндісі ашық жарана жуу үшін; 2-5% ерітіндісі күйікті, терең жараларды (қармаушы әсер көрсетеді) көп концентрациясында күйдіргіш әсер көрсетеді.

Solutio Hydrogenii peroxydi diluta - раствор перикиса водорода - сутегі асқын тотығы ерітіндісі (3%) - ашық жараларды, ангина және стоматит дерттерінде (бір асқасық ерітіндіні бір стакан сумен араластырып) қолданамыз; официальды ерітінді яғни МФ осы концентрациясы берілген.

Пергидроль 27,5-31% сутегі асқынтотығы ерітіндісінің концентрациясы жоғары болғандықтан күйдіргіш әсері бар,3% ерітінді дайындау үшін қолданады.

Гидроперит: таблеткасы 1,5;1-2 таблеткасын бір стакан суға ерітіп ауыз қуысын, тамақты шайқайды.

Ауыр металдар қосындысы құрамында сульфгидрильді SH қосылғыш тобы бар микроорганизмдердің ферменттерді бір-бірімен қосады, бұл ферменттердің жоғары белсендірулеріне, зат алмасу процестерінің тоқталуына және микроб клеткасының өспеуіне әкеледі. Жергілікті қолданғанда ауыр металдар микроорганизмдердің клеткасындағы акуызын коагуляциялайды (тұндырады) металды альбуминаты пайда болады да, бактерицидтті әсер көрсетеді. Метал қосылыстарының препараттарының концентрациясына және қасиеттеріне байланысты қармаушы, тітіргендіргіш немесе күйдіргіш әсер көрсетеді.

Hydrargyri dichloridum - дихлорлы сынап (сулема) (А) қатты уытты зат болғандықтан жиі қолданбайды. Науқастың ұстаған киімдерін, төсек орнын, құрал-жабдықтарын заласыздандырады. Ұнтақ және таблетка түрінде 0,5-1,0 1:500(0,2%) және 1:1000(0,1%) осындай қарымқатнаста ерітінділер дайындауға қолданылады. Жұмыс істегенде мынанда қауіпсіздікті сақтаған жөн: жұмысты респиратормен және резинді қолғаппен ұстауы қажет, медицина саласындағы адамның қолына берілгені жөн, құйылған ыдысына «У» деген жажуы бар ескерту этикеткасын жабыстырған жөн. Сулеме теріден және шырышты қабаттардан тез арада өтіп уытты әсер көрсетеді. Ауызда металды дәм байқалады,асқазан-ішек жолдарына тітіркендіргішжәне күйдіргіш әсер көрсеткенінен іш бұрап өтіп ауырады, құсық пайда болады, іш өтеді, сілекей ағады. ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді, жүрек дерттері пайда болады, коллапс нефропатия («сулемалы бүйрек»).

Жәрдем көсету: жұмыртқаның ақуызын немесе сүт ішу (ақуызбен сынап ионын қосып ағзадан шығарамыз), асқазан-ішек жолдарын жуу қажет, диурезді көбейту, (магний сульфаты) тұзды ерітінділер мен белсендірілген көмірді қолданамыз, керек болса гемодиализ бен перитонеалды диализді қолданамыз. Металдармен уыттанғанда унитиол (Unithiolum) антидоты қолданылады: 5-10мл ерітіндісі 5% бұлшық етке қайталана енгізіледі; көк тамырға тетацин-кальций мен натрий тиосульфаты қолданылады.

Hydrargiri oxydum flavum-сары сынап тотықтырғышы (Б) көздің конъюнктивитінде 2% мазь түрінде қолданылады.

Argenti nitras - күміс нитраты (А) 0,25-2% ерітіндісі шырышты қабаттарға жағуға – антисептикалық және қармаушы зат ретінде қолданады; 2% - ерітінді көз тамшысы ретінде трахомада(жылы жақтарда кездесетін дерттердің бірі болып саналады, ауыр канъюнктивиттің бір түрі, кірпік көзге кіріп,көзді тырнайды да, көздің көру қабілетін төмендетуі мүмкін) қолданады; 1-2% мазь; 2-10% ерітінді және лямписті қарындаш ретінде күйдіргіш зат ретінде ойық жараларда, эрозияларда, сүйелдерде.

Коллоидты күміс препараттары - протолгол және колларгол-шырышты қабаттарды жағу үшін, көз тамшылары ретінде, уретрит, цистит дерттерінде дәрет алуға қолданылады.

Егер күміс қышқылдарының тұздарымен уыттанғанда асқазанды 1-2% натрий хлор ерітіндісімен жуу керек (AgCl тұнба болып төмен түседі). Ішті өткізетін заттар - кастор майын береміз.

Zinci sulfas - мырыш сульфаты (Б) 0,25-0,5% ерітіндісі бор қышқылы мен араласып, конъюнктивте көзге тамшы ретінде қолданамыз; 0,1-0,5%ерітіндісі спринцовка жасауға арналған.

Zinci oxydum - мырыш тотықтырғышы себілгіштердің, маздердің, пасталардың (антисептикалық, кептіргіш, қармаушы) - дерматиттерде, ойық жараларда, (опрелость) терлеген дене қуыстарына.

Cupri sulfas - мыс сульфаты (Б) 0,25% ерітіндісі конъюнктивитте, уретритте, вагинитте – жуу үшін қолданамыз.

Висмуттың органикалық қосылыстары - ксероформ мен дерматол қармаушы, антисептикалық және кептіргіш әсер көрсетеді, септіргіш және мазь түрінде экземаларда және дерматиттерде қолданамыз.

Альдегиттер мен спирттер (алифатикалық қосылыстарының қатары) микроб клеткасының протоплазмасын ақуызын дегидратациялайды (сусыздану) және коагуляциялайды (ұю). Соның арқасында микроорганизмдердің өлімі болады.

Spiritus aethylicus – этил спирті (Б) 95% спирт хирургиялық құралдарды заласыздандыруға қолданылса (теріге қатты әсер етеді); 70% спирт тіндердің терең қабаттырына сіңіп, хирургияда қолды заласыздандыруға әсер етеді, операция кесетін жерлерді де заласыздандырады; 40% спирт тітіркендіргіш әсер көрсеткенне кейін оны компресс жасауға қолданады.

Solutio Formaldehydi - Формальдегид ерітіндісі (арнайы 37% ерітіндісі формалин деп аталады) жоғары антисептикалық, суытқыш, дезодораннайтын әсері бар. 0,5%ерітіндісі хирургиялық жабдықтарды, соның ішінде металдан жасалған; 0,5 - 1% ерітіндісі тершең аяқты жууға арналады. Вакциналарды, сывороткаларды және анатомиялық препараттарды сақтау үшін қолданады.

Гексаметилентетрамин (уроторпин) қышқылды ортада ыдырайды, қабыну процесстерінде тіндерде жиналады да, формальдегид құрайды. Ішек және көк тамырға (40% ерітінді) зәр айдайтын жолдарындағы инфекцияларында (жиі қолданбайды).

Фенол және оның туындылары

Phenolum purum – таза фенол (карбол қышқылы): 3-5% ерітінділері заласыздандырушы ретінде қолданылады, металдан жасалған құрал-жабдықтарды да (вегетативті - дерт шақыратын бактерия формаларына әсер етеді де, спораларға ақырын әсер етеді) 3% глицириннен ерітіндісі-құлаққа арналған тамшыларын жылы күйінде қолданамыз. Фенол қатты тітіркендіргіш және күйдіргіш әсерді тері мен шырышты қабаттарға көрсетеді, тез арада сіңеді, қатты уыттығын көрсетеді (бас айналады, тыныс алуы қиындайды, тырысулар, коллапс болуы мүмкін).

Резорцин: 2-5% сулы және спиртті ерітінділері тері және саңырауқұлақ дерттерінде қолданылады; 5-20% мазь.

Ақ қайың деготі антисептикалық, инсектицидтік (зиянды жәндіктерді өлтіріп, адам ағзасына қайшы әсер көрсетпейді) және жергілікті тітіркендіргіш әсер көрсетеді. А.В.Вишневский линименттік бальзамының құрамына кіріп, іріңді ашық жараларды, жамбас тесілгенде, күйіктерді емдейді; Вильконсон мазінің құрамына кіріп, псориаз (созылмалы тері дерті), экземада, чесотканы емдеуге де қолданылады.

Ichthyolum –ихтиол антисептикалық, қабынуға қарсы әсер етеді және жергілікті ауырып тұрған сезімді жояды. 10-20% мазь түрінде күйікті, экземаны және тағы да басқа тері дерттерінде қолданамыз. Свечи, құрамында 0,2 ихтиол болады да, кіші белде орналасқан органдардың дерттерін емдеуге қолданамыз.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)