АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура

Читайте также:
  1. II. Рецептура. Композиция.
  2. Жеке фармакология
  3. КЛИНИЧЕСКАЯ ФАРМАКОЛОГИЯ ИСПОЛЬЗУЕМЫХ ПРЕПАРАТОВ
  4. Нейрофармакология
  5. Общая фармакология.
  6. Отечественные ученые, внесшие большой вклад в науку фармакология
  7. По дисциплине фармакология
  8. Рецептура листкового напівфабрикату
  9. Рецептура макаронного теста
  10. Рецептура эмульсионного продукта
  11. Фармакология гормонов щитовидной железы.

Фармакология – дәрілік заттардың ағзаға әсер етуі туралы ғылым. Латын тілінен (pharmacon –дәрі, logos – білім, ғылым) деген мағананы білдіреді.

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:

1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.

2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.

3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.

4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.

5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.

6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Дәрілік заттардың ағзамен әсерлесіне байланысты фармакология екі бөлімнен тұрады.

Фармакодинамика – фармакологиялық тиімділігін зерттейді, әсер ету механизмін, дәрілік заттардың ағзаға әсерін.

Фармакокинетика – дәрілік заттардың ағзаға енгізу жолдарын, сіңуі, таралуы, биотрансформациясы (өзгеруі), дәрілік заттардың ағзадан шығуы.

Жалпы рецептура – фармакологияның бөлімі болып саналады. Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп, бақылайды.

Дәрілік пішін – дәрілік аттардың бір қалыпты жағдайы, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, тиімді пайдаланады.

Дәрілік жабдықтар – құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттар бар, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.

Дәрілік заттек – жеке химиялық қосылыстардан тұратын, дертті емдеуге арналған, диагностика немесе дерттің алдын алу үшін.

Дәрілік препарат - дәрілік жабдық, қабылдағанға ыңғайлы болып табылады, өзіне тән дәрілік формасы бар.

Дәрілік шикізат өсімдіктен, жануардан, микробтан немесе минералдан тұрады, дәлілік заттың құрамына кіреді.

Жалпы дәрілердің барлығы үш тобқа бөлеміз:

(А):тізімі - уытты заттар.

(Б):тобы - қатты әсер ететін заттар.

Жалпы топқа - қатты әсер етпейтін заттар жатады.

Рецептсіз босатылатын дәрілік заттар жалпы топқа жатады.110 бұйрық бойынша осы дәрілік заттардың тізімі берілген.Наркотикалық заттар А тізіміне жатады.

Рецепт – бұл дәрігердің фармацевтке арналған қол хаты. Дәрілік заттарды дұрыстап дозамен, қабылдау мерзімін ескере отырып қабылдалынуы керек. Рецепт медициналық, құқықтық, финансалық мағынасы бар құжат болып табылады.

Рецептің пайдалану мерзімі болады:

Наркотикалық дәрілерге - 5 күн.

Уытты дәрілік заттар кодеин, этилморфин гидрохлориді, ұқтататын дәрілік заттар, антипсихотропты заттар, стероидты гормондар, этил спирті - 10 күн.

Қатты әсер етпейтін заттарға жазылатын рецептер бір ай.

1,0 – грамм;

0,1 – дециграмм;

0,01 – сантиграмм;

0,001 – миллиграмм;

0,0001 – дицимиллиграмм;

0,00001 – сантимиллиграмм;

0,000001 – микрограмм;

Сұйық заттар литрмен, тамшымен.

Қатты заттар граммен өлшенеді.

Әсер ету бірлігімен антибиотиктер, гормондар дозаланады.

Биологиялық белсенді заттардың мөлшері.

Қатты дәрілік заттарға таблеткалар, ұнтақтар, драже, капсулалар жатады. Жұмсақ дәрілік заттарға маздар - жағылмалар, майлар, пасталар, суппозиторилер жатады. Сұйық дәрілік заттарға ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, қайнатпалар, тұнбалар.

Жалпы фармакология - дәрілік заттардың заңдылықтарын, фармакокинетикасын, фармакодинамикасын зерттейді. Және дәрілік заттарды тиімді қолдануға қатысты жолдарды іздестіреді.Уытты әсерін,кері әсерлерін қарастырады.

 

Фармакокинетика. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.

1. Энтеральді енгізу жолдары – ас қорту жолдары арқылы: пероралді peros – ауыз қуысы арқылы. Әсер ету 30-60 мин. кейін басталады. Кейбір дәрілік заттар асқазан сөлінің әсерінен өзінің тиімділігін төмендетеді. Бауыр арқылы өтіп, қанға барады. Тез арада әсер ету керек болған жағдайда бұл әдіс тиімді емес. Асқазандағы астың да әсері болуы мүмкін. Дәрілік заттың белсенділігі азаяды.

Сублингвальді – sublingua тіл асты арқылы. Бірден қанға барады. Бауыр арқылы өтпейді. 1-3 мин. кейін әсер етеді. Белсенді заттар ғана тиімді әсер етеді, мысалы нитроглицирин.

Ректальды енгізу жолы - per rectum тоқ ішек арқылы. Көбінесе суппозиторларды енгізеді. Клизма жасалынады. 15-30 мин. кейін әсер етеді. Жергілікті немесе резорбтивті әсер етеді. Резорбтивті әсер – бүкіл ағзаға әсер ету. Дәрілік заттар бірден қанға енеді. Бауыр арқылы өтпейді. Суппозиторлар дене температурасымен тез еріп, ағзаға әсер етеді.

2 .Парентеральді енгізу жолдары. Бірден қанға енгізу.

Тері астына – 5-15мин. кейін әсері болады. Су ерітінділері жиі қолданылады. Май ерітінділері аз қолданылады. Жылыту керек. Суспензияны, тітіркендіргіш және гипертоникалық заттарды енгізуге болмайды.

Бұлшық етке - әсер етуі тез, енуі толық, су ерітінділерді енгізуге болады. Майлы және сусперзияны енгізгенде инені тамырға енгізуге болмайды. Себебі эмболия болуы мүмкін. Тамыр бітелуі.

Көк тамырға енгізу: Енгізген арада әсері басталады. Енгізу уақыты ұзақ, себебі тамшылатып енгіземіз. Дәрілік зат бірден қанға енеді. Гипертоникалық және тітіркендіргіш заттарды енгізуге болады.

Субарахноидалды енгізу. Бас және жұлын миларына енгізіледі. Бұл ағзалар геметоэнцефалды кедергімен қан системасынан бөлінеді. Бұл кедергіден кез келген дәрілік заттар өте бермейді. Соднықтан, мидың инфекциялық дертінде – менингит препараттар осы әдіспен енгізіледі. (sub arachnoidea – ми қабықшасының сүңгілік бетіне енгізіледі.). тітіркендіргіш заттарды енгізуге болмайды.

Ингаляция арқылы енгізу: Inhalation - демалу. Ұшқыш газды және сұйық заттарды наркозға енгізеді. Аэрозолдар және эфир майларының булары демалу органдары қабынған кезде препараттарды қабынған органға енгіземіз. Парентеральды енгізу жолдарына арналған дәрілік заттар заласыздандырылған болу керек.

Басқада парентеральды енгізу жолдары бар: ішкі артерияға, сүйек ішіне, тері үстіне, конъюнктивады, плевраға, буынға.

Дәрілік заттардың сіңу механизімі: пассивті диффузия (липофильді заттарға тән концентрациясына байланысты). Сүзгіден өту(судың йонның гидрафильді молекулалардың мембранасынан өтеді). Белсенді қозғалуы(қозғалыс системасының көмегімен), пиноцитоз(клеткалық мембрананың инвагинациялауынан).

Дәрілердің ағзада таралуы. Біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін. Себебі, гематоэнцефальді, гематоофталмалды және плацентарлы бөгеттерден өтуіне байланысты. Кейбір заттар тіндерде және органдарда жиналады. Кейбір заттар қанның белогымен байланысып, біртіндеп бөлінеді, бұл ұзақ әсер етуді қамтамасыз етеді.

Дәрілік заттардың биотрансформациясы (айналуы) тотыққан, тотықсызданған гидролизденген. Биотронсформация процессі бауырдын микросомалды ферменттерінің қатысуымен жүреді. Кейбір преператтар (фенобарбитал, рифампицин, гризеофульвин) бауыр ферменттерінің белсенділігін арттырады, бірге косылып әсер ететін препараттардың әсерін әлсіздетеді. Кейбір препарттар бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендетеді (фуразолидон, метронидазол), бұл сәтте басқа преператтардың әсерін ұлғайтады.

Дәрілік заттардың шығу жолдары: бүйрек арқылы, бездер арқылы, ішек арқылы, ұшқыш заттар өкпе арқылы.

Дәрік заттардың фармакодинамикасы.

Фармакологиялық тиімділік – органдардағы және системалардағы дәрілік заттардың қатысуымен жүретін өзгерістер. Организмге әсер ете отырып: жүректін соғуын тездетеді немесе азайтады, бронхтарды кеңейтеді, қан қысымын жоғарлатады, ауырып тұрған сезімді азайтады, дене температурасын төмендетеді және т.б. бұлардың барлығын негізгі фармакологиялық тиімділік деп атайды.

Жағымсыз тиімділік кері әсер деп аталады.

Әсер механизмі – бұл әдіс дәрілік заттармен фармакологиялық тиімділік шақырады. Кейбір препараттар арнайы рецепторлармен қарым – қатынас жасайды, кейбіреулері заттармен химиялық әрекеттеседі.

Дәрілік заттардың әсер ету түрлері.

Негізгі әсер – бұл әсерді алу үшін препараттар қолданылады.

Қайшы әсер – дәрілік заттың жағымсыз әсері дерттер туғызады.

Жергілікті әсер – дәрілік препараттың қолданылатын жері.

Резорбтивті әсер – препараттардың қанға еніп, бүкіл ағзаға әсер етуі.

Рефлекторлы әсер - сезістал рецепторларға тітіркендіргіш препараттарды қолданып, орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш импульс өткізеді, ал орталық жүйке жүйесінен дертке шалынған органға барады, сол арқылы оның жұмысын өзгертеді.

Тура әсер – препараттың әсер етуінен органның функциясы өзгереді.

Қиғаш әсер – припарат бір органға әсер етіп, басқа органның жұмысын өзгертеді.

Дәрілік заттың әсері тура және қайтарылымсыз болады.

 

Дәрілік заттардың дозасы.

Доза деген – бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттың мөлшері.

Терапевті минималды доза – бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің фармакологиялық тиімділігін шақырады.

Уытты минималды доза – бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің уытты әсерін тудыратын.

Терапевтік әсердің кеңдігі – минималдыды терапевтік және минималды уытты дозаларының ара қашықтығы. Терапевтік әсердің жалпақтығы көп болса, дәрілік заттың қолданылуы қауіпсіздігі көп болады.

Ең жоғарғы бір рет қолдануға арналған доза – ең жоғарғы бір рет қабылдануға арналған доза, бұл дозаны үлкейткенде уытты әсер болады.

Ең жоғары тәулік бойы қабылдануға арналған доза – бір тәулік бойы қабылданатын ең жоғарғы доза, бұл дозаны үлкейткенде уытты әсер болады.

Орташа терапевтік дозаларды практикада ең жоғары бір рет қолданатын дозасының ½ немесе ⅓ бөлігін қолданамыз.

 

Дәрілік препараттарды қолданғанда ескеретін факторлар.

Жасы – кейбір д.препараттарға 18 жасқа дейінгі балалар және 60 жастан үлкен егде адамдарда сезімталдығы жоғары, осыған байланысты олардың қабылдау мөлшері төмен болуы қажет. Мемлекеттік фармакопеяда ең жоғарғы тәулік бойы және ең жоғарғы бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттардың дозасының кестесі балалардың әр жасына берген. Жалпы сызба берілген:бір жасқа дейінгілерге 1/24 -1/12 үлкендердің дозасынан;1жастағы балаларға - 1/12; 2жастағы - 1/8; 4 жастағы-1/6; 6 жастағы - 1/4; 7-жастағы-1/3; 14жастағы-1/2; 18жастағы - 2/3. Егде адамдарға ОЖЖ-ні тежейтін, жүрек гликозидтерін, зәр айдайтын заттарды үлкен адамдардың қабылдайтын дозасынан ½ бөлігін,ал уытты және қатты әсер ететін д.з. ⅓ бөлігін белгілейміз.

Дене салмағы – дене салмағы ұлғайған сайын, доза да көбейеді. Науқастың бір кг дене салмағына дозаны санау кестесі бар. Кей кезде дозаны дене пішініне есептейді.

Жыныс – кейбір дәрілік препараттарға мысалы, никотин, маскүнемдікке ер адамның сезімталдығы аз, ал әйел адамдікі көптеу келеді. Ерекетерге қарағанда, әйелдерде верапамильдің биожеткіліктігі жоғары.

Ағзаның сезімталдығы – кейбір ферменттердің гентикалық жетіспеушілігіненде идиосинкразия – заттарға жағымсыз реакциялардың себебтерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, сутегі асқынтотығы ерітіндісі жараға құйғанда көпірмесе.

Патологиялық жағдай -патологиялық (дерт пайда болатын кезең) жағдайда препараттардың әсері ұлғаяды. Мысалы:аспирин көтерілген дене температурасын түсіреді, ал бір қалыпты температураны түсірмейді.

 

Дәрілік препараттарды қайталап қолданғанда болатын әсерлер.

Кумуляция - дәрілік заттардың денеден баяу уақыт шыққаннан дәрілік заттардың тіндерде жиналуы, фармакологиялық тиімділікті ұлғайтады.

Бейімделу - д.з. қайталап қолданғанда әсер ету белсенділігі төмендейді, оны жоғарылату үшін д.з. дозасын ұлғайтұлуы қажет болады.

Дәрілік тәуелділік – препаратты қайта қабылдау қажеттілігі үстем болады, эйфория шақырыды (көңіл - күйі жақсы). Наркотикалық заттарға бейімдеушілік және маскүнемдікті наркомания деп атаймыз.

Бейімдеушілікті тудырған д.з. – қолданудан алып тастағанда абстиненция (ауыр жағдай), депрессия және физиологиялық функциялардың бұзылуына әкеліп соғады.

Д.з. араластырып қолданғанда пайда болатын әсер.

Синергизм – бір д.з.әсерін екінші д.з.әсерімен белсендендіру.

Антогонизм – бір д.з.әсерін екінші д.з.әсерімен тежеу.

 

Д.з.қайшы әсері.

Терапевтік дозаларды қолданғанда қайшы әсері пайда болады.

Аллергиялық емес қайшы әсер әр д.з.тән, дозасынан байланысты емес, арнайы антагонистермен басылады.

Аллергиялық қайшы әсер ( барлық заттарға бірдей) спецификалық емес, д.з. қолданылатын дозасына байланысты емес, аллергияға қарсы әсер ететін д.з.қолданылады.

 

Д.з. уытты әсері.

Дәрілік заттарды уытты дозада қолданса уытты әсер алуға болады.

Бауыр, бүйрек, қан системасы, ОЖЖ-сі, асқазан – ішек жолдарына зақым келтіренеді.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)